2006 ж. 28 қыр.
Күнделікті нұр, 29 қыркүйек: Өзара төзімді болыңдар
Күнделікті нұр
Иса Мәсіхтің өз өмірін біз үшін қиғандығы арқылы нағыз сүйіспеншіліктің не екеніне көзіміз жетті.
Жоханның 1-хаты 3:16
Адам санасы жетпейтін осы сүйіспеншілікті танып білсеңдер екен.
Ефестікт. хат 3:19
Адамның достарына көрсететін ең зор сүйіспеншілігі — олар үшін өмірін құрбан етуі.
Жохан 15:13
Иеміз Иса Мәсіхтің рақымдылығын жақсы білесіңдер: Ол сондай бай бола тұра, сендердің рухани баюларың үшін бәрінен бас тартып, жоқшылыққа ұшырады!
Қорынттықт. 2-хат 8:9
Сүйікті бауырларым, Құдай бізді осылайша сүйгендіктен, біз де бір-бірімізді сүюіміз керек.
Жоханның 1-хаты 4:11
Бір-біріңе мейірімді де жанашыр болыңдар; Мәсіхтің арқасында өздеріңді Құдай кешіргендей, сендер де өзара кешірімді болыңдар!
Ефестікт. хат 4:32
Өзара төзімді болыңдар. Егер біреуге реніш сақтап, тағатын кінәларың болса, кешірімді болыңдар: сендерді Иеміз Мәсіх қалай кешірсе, сендер де солай етіңдер!
Қолостықт. хат 3:13
Себебі Мен де Құдай тағайындаған Билеуші бола тұра, Өзіме қызмет еткізу үшін емес, Өзім қызмет етіп, көптеген адамдардың азаттық төлемін өтеп жанымды қию үшін осы дүниеге келдім.
Марқа 10:45
Мәсіхтің Өзі бізге бола азап шегіп, үлгі қалдырды, сондықтан Оның ізімен жүруіміз керек.
Петірдің 1-хаты 2:21
Сендер де бір-біріңе сондай қызмет көрсетуге тиіссіңдер! Сендерге өте маңызды шындықты айтып тұрмын: қызметшінің жолы қожайынынан үлкен емес, елшінің жолы да өзін жібергендікінен үлкен емес. Мен сендерге қалай қызмет етсем, сендер де солай етсін деп үлгі көрсеттім.
Жохан 13:14–15
Біз де бауырларымыз үшін жанымызды қиюға даяр болуымыз керек.
Жоханның 1-хаты 3:16
Өйткені Әкесінің жасап жатқанын Ол да дәл солай жасайды.
Жохан 5:19
Себебі Жаратушы даналық сыйлар, Білім мен түсінік Оның аузынан шығар.
Нақыл сөздер 2:6
Себебі Мен сендерге жауларың қарсы сөйлеп, дәлел келтіре алмайтындай шешендік пен даналық дарытатын боламын.
Лұқа 21:15
Әрдайым Жаратқанға арт сеніміңді, Батыл болып, нығайта түс жүрегіңді!
Забур жырлары 26:14
Менің рақымым саған жетер: күшсіз жағдайыңда Менің құдіретім толықтай іске аса алады.
Қорынттықт. 2-хат 12:9
Қасиетті халқы болуға шақырған.
Яһуданың хаты 1:1
Адамдарды Оған бағыштаған Мәсіх те, сол адамдар да бір Әкеден тарайды. Сондықтан да Мәсіх оларды бауырларым деп атаудан ұялмайды.
Еврейлерге хат 2:11
Аспан мен жердің барлық жерінде Мен бармын, солай емес пе? — деп ескертеді Иеміз.
Еремия 23:24
Мәсіх бүкіл әлемді Өзімен толтырғаны сияқты, қауымды да толтырады.
Ефестікт. хат 1:23
Мен Жаратқан Иемін, Менен басқа Құтқарушы жоқ!
Ишая 43:11
Шынында дүниені Құтқарушы Осы екеніне көз жеткіздік, — деді.
Жохан 4:42
Менімен бірге бір сенімдегі шынайы балам іспетті Титке Құдай Әке мен Құтқарушымыз Иса Мәсіх рақымын жаудырып, тыныштық сыйлай көрсін!
Титке хат 1:4
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 27 қыр.
Петірдің 1-хаты 5:6 · Нақыл сөздер 16:5
2006 ж. 26 қыр.
Заңды қайталау 32:4 · Петірдің 1-хаты 2:23
2006 ж. 25 қыр.
Жақыптың хаты 1:4 · Петірдің 1-хаты 1:6–7
2006 ж. 24 қыр.
Забур жырлары 73:28 · Забур жырлары 26:8
2006 ж. 23 қыр.
Езра 9:9 · Петірдің 1-хаты 4:12
2006 ж. 22 қыр.
Забур жырлары 104:34 · Таңдаулы ән 2:3

