Күнделікті нұр, 30 қыркүйек: Сонда оларға жауап беремін

Күнделікті нұр

Күнделікті жарық

Құдай жүретін жолымды жақсы біледі. Ол мені сынап тексергенде, алтын сияқты таза болып шыға келемін.

Неден жаратылдық, соны түгел біледі.

Адам баласына қайғы-қасіретті Ол өз жүрек қалауымен жібермейді.

Бірақ Құдайдың салған негізі берік тұрады, онда мына сөздер «мөрленіп» жазылған: «Иеміз Өзінікі болған адамдарын жақсы біледі» және «Иеміздің атын атап сиынатын әркім жамандықтан алшақтасын!» Бір үлкен үйде алтын мен күмістен ғана емес, ағаш пен қыштан жасалған ыдыс-аяқтар да бар: алдыңғылары қадірмен тұтылса, соңғылар қадір-құрметтен ада. (Сол сияқты, қауымның көптеген мүшелері игі істерімен Құдайды құрметтесе, басқалары жамандықтарымен Оның даңқы мен ісіне нұқсан келтіреді.) Сол себепті, кім өзін соңғылардан арылтып таза ұстаса, қадірлі ыдыстар іспетті Қожайынына бағышталған, пайдалы және әрбір ізгі істер үшін қолданылуға дайын болады.

Сонда Ол күмісті балқытып, қоқысынан айырып тазартатын зергер іспетті леуіліктерді алтын-күмістей тазартып, зұлымдық атаулыдан арылтады. Содан кейін олар қайтадан Жаратқан Иеге арнап таза сый-тартулар ұсына алады.

Күмісті балқытып тазалағандай тазартамын, әрі алтынды отта сынағандай сынаймын. Олар Менің атымды атап Маған дұға етеді. Сонда оларға жауап беремін. Мен: «Бұл — Менің халқым», — деп, олар: «Жаратқан Ие — біздің Құдайымыз», — дейтін болады.

Уа, Ием, ақ жолыңды көрсете гөр, Еркіңе сәйкес жүруге үйрете гөр.

Бірде Мұса Жаратқан Иеге жалбарына тіл қатып: — Я, Ием, Сен маған: «Халықты сол елге өрлетіп бастап алып жүр» деп келесің ... (бізді жүргізетін) өз жолдарыңды білдіре гөр. Сонда мен Өзіңмен тығыз байланыста тұрамын, келешекте де Сенің рақымың маған түсетін болады ... Жаратқан Ие: — Өзім бірге барып жар болып, жаныңа тыныштық сыйлаймын, — деп жауап қайырды.

Ақиқат жолдарын танытты Ол Мұсаға, Кереметтер жасады Исраил халқына.

Кішіпейілді әділдікке бағыттайды, Әрі тура жолын оған нұсқайды. Кім Жаратқан Иені терең қастерлейді? Таңдайтын жолын Ол соған көрсетеді.

Орныма жатып, ұйықтаймын бейқам, Содан оянып, тұрамын қайтадан, Себебі мені қорғайды Жаратқан. Мен қорықпаймын өзіме жан-жақтан Қарсы шыққан мыңдаған жауларымнан.

Шын өмір жолын маған көрсетесің, Көз алдыңда қуанышқа бөлейсің, Оң жағыңда мәңгі игілік бересің.

Мен саған ақыл-кеңес беремін, Жүретін жолыңды көрсетемін. Сені таса қылмай көзімнен, Әрдайым жетелеп жүремін Мен.

Әділдің жолы таң шапағы іспетті Тал түс болғанша жарқырай түседі.

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Ахмет Йүксек ✪ Unsplash сайтындағы фотосы (https://unsplash.com/photos/hazy-mountain-peaks-at-sunrise-or-sunset-jUZUTcnJoQw)

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).