2006 ж. 27 қыр.
Күнделікті нұр, 28 қыркүйек: О, Тәңір Ие, кешіре гөр!
Күнделікті нұр
Осылайша Һарон мен оның ұлдары Исраил халқына Менің есімімді атап бата бергенде, Мен Өзім оларды жарылқайтын боламын.
Руларды санау 6:27
О, Жаратқан Ие, өз Құдайымыз, Бізді билеп келді бөгде иелеріміз. Бірақ Сенің атыңды ғана құрметтейміз!
Ишая 26:13
Біз Өзің арнайы билік құрмаған, Сенің атыңмен еш те атамаған Бөтен халықтардай болып кеттік содан! (Сен неге жол беріп келесің бұған?).
Ишая 63:19
Сонда жер бетіндегі күллі халықтар Жаратқан Иенің атымен аталғандарыңды көріп, сендерді қастерлеп, сендерден қаймығатын болады.
Заңды қайталау 28:10
Жаратқан Ие сендерді өз халқы етіп таңдап алған болатын. Енді Ол Өзінің ұлы даңқына бола меншікті халқын тастамақ та емес.
Патшалықтар 1-ж. 12:22
Уа, Жасаған Ие, құлақ сала гөр! О, Тәңір Ие, кешіре гөр! Уа, Ием, үнімізді естіп, өтінішімізге жауап бере гөр! Өз даңқың үшін, уа, Құдайым, оны ұзаққа соза көрме! Өйткені Өзіңнің қалаң да, халқың да Сенің атыңмен аталған.
Даниял 9:19
Құтқарушы Құдайымыз, бізді қолдай гөр, Атыңның даңқына бола азат ете гөр, Есіміңе бола бар күнәмізді кешіре гөр. Бізді Өзіңе бағынбаған халықтардың Құдайы қайда екен бұлардың?
Забур жырлары 78:9–10
Жаратқан Иенің есімі — мықты мұнара, Бас сауғалаған әділге қауіпсіз пана.
Нақыл сөздер 18:10
Құдайдың салтанатты ұлылығын Аспан әлемі ашық паш етеді, Оның қолының керемет істерін Әуе кеңістігі де көрсетеді.
Забур жырлары 18:2
Өйткені Құдайдың көзге көрінбейтін қасиеттері — Оның мәңгілік құдіреті мен құдайлық болмысы дүние жаратылғаннан бері айқын: бұларды Оның жаратқан нәрселерінен байқап түсінуге болады. Сондықтан адамдар Құдайды біле алмадық деп сылтаурата алмайды.
Римдіктерге хат 1:20
Өзінің бар екендігіне істеген игі істерімен анық дәлел келтіруін тоқтатпады.
Елшіл. істері 14:17
Осыларды олар жариялайды күнде, Бұл білімді мәлімдейді әр түнде. Сол «үндерін естімеген» ешбір тіл де, Ешқандай ұлт та қалмайтын болады.
Забур жырлары 18:3–4
Сенің қолыңнан шыққан аспаныңа, Өзің орнатқан ай мен жұлдыздарға Назар аударған әрбір уақытымда Мынадай сұрақтар туады ойымда: Өзің ескеретіндей адам сонша кім, Сен қамқорлайтындай адам баласы кім?
Забур жырлары 8:4–5
Күннің, айдың, жұлдыздардың өзіндік сұлулығы мен салтанаты бар, тіпті жұлдыздар сәуле мен салтанат жағынан бір-бірінен өзгеше. Өлгендердің қайта тірілуі де осындай болады.
Қорынттықт. 1-хат 15:41–42
Даналар аспан кеңістігі сияқты нұрланады, көптеген адамды әділдік жолына бастап алып келген олар жұлдыздар сияқты мәңгі бақи жарқырап тұратын болады.
Даниял 12:3
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 26 қыр.
Заңды қайталау 32:4 · Петірдің 1-хаты 2:23
2006 ж. 25 қыр.
Жақыптың хаты 1:4 · Петірдің 1-хаты 1:6–7
2006 ж. 24 қыр.
Забур жырлары 73:28 · Забур жырлары 26:8
2006 ж. 23 қыр.
Езра 9:9 · Петірдің 1-хаты 4:12
2006 ж. 22 қыр.
Забур жырлары 104:34 · Таңдаулы ән 2:3
2006 ж. 21 қыр.
Римдіктерге хат 8:28 · Забур жырлары 76:10






