2006 ж. 13 қар.
Күнделікті нұр, 14 қараша: Қолдаушым да құтқарушым Өзіңсің
Күнделікті нұр
Қолдаушым да құтқарушым Өзіңсің, Кешіге көрмеші, о, Құдайым менің.
Забур жырлары 39:18
Әділдің қадамын Жаратқан нығайтады, Жүрген өмір жолын Ол ұнатады, Сүрінсе әділ жан, біржола құламайды, Жаратқан оны қолынан демеп қолдайды.
Забур жырлары 36:23–24
Жаратқанды шын қастерлеу — берік сүйеніш, Әрі келер ұрпақ та бас сауғалар қорғаныш.
Нақыл сөздер 14:26
Мен Өзім сені жұбатып, сүйенішің боламын. Қалай сен ажалды пендеден шошынып, адам баласынан қорқасың? Ол солып қалатын шөп секілді өткінші емес пе? Ал өзіңді жаратқан Мені, Жасаған Иені.
Ишая 51:12–13
Өзіңді аман сақтаймын. Мен, Жаратқан Ие.
Еремия 1:8
Қайратты да батыл болыңдар, жауларыңнан еш үрейленіп қорықпаңдар! Себебі Құдайларың Жаратқан Ие сендермен бірге жүріп жар болады. Ол сендерді ешқашан тастап та кетпейді, жалғыз да қалдырмайды.
Заңды қайталау 31:6
Ал Сен пәлеге ұшырағанымда Маған болдың қорған және баспана, Сондықтан әнге салып құдіретіңді, Таңертеңнен паш етем мейіріміңді.
Забур жырлары 58:17
Сен баспанамсың пәледен сақтайтын, Құтқарылғаныма қуана ән шырқаймын.
Забур жырлары 31:7
Иордан бойындағы сыңсыған ну тоғайда сенімен не болмақ?!
Еремия 12:5
Бүкіл Исраил халқы өзеннің құрғап қалған арнасымен арғы жаққа өтіп болғанша, Жаратқан Иенің Келісім сандығын көтеріп жүрген діни қызметкерлер Иордан өзенінің ортасындағы құрғақ жерде қозғалмастан тұра берді.
Ешуа 3:17
Бірақ Исаның азапты өлім шеккені үшін Патша ретінде ғаламат салтанат пен құрметке бөленгенін көреміз. Ол біраз уақыт періштелерден төмен болып, Құдайдың рақымының арқасында күллі адамзат үшін жанын қиды.
Еврейлерге хат 2:9
Қап-қараңғы шатқалда жүрсем де мен, Қорықпаймын ешбір қауіп-қатерден, Себебі Өзің менің қасымдасың, Жігер береді сойылың мен таяғың.
Забур жырлары 22:4
Судан өткен кезіңде саған жар боламын, өзендерден өткенде батып кетпейсің.
Ишая 43:2
Қорықпа! Мен Алғашқымын да Соңғымын әрі Мәңгі Тірімін. Мен өлген едім, ал енді мәңгілік өмір сүремін. Өлімнің де, о дүниенің де кілттері Менде.
Аян 1:17–18
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 12 қар.
Қорынттықт. 2-хат 7:10 · Матай 26:75
2006 ж. 11 қар.
Забур жырлары 78:53 · Нақыл сөздер 8:20
2006 ж. 10 қар.
Қолостықт. хат 1:10 · Римдіктерге хат 12:1–2
2006 ж. 9 қар.
Забур жырлары 89:19 · Ишая 43:11
2006 ж. 8 қар.
Салониқал. 1-хат 5:8 · Петірдің 1-хаты 1:13
2006 ж. 7 қар.
Забур жырлары 107:8 · Забур жырлары 34:8





