2006 ж. 7 қар.
Күнделікті нұр, 8 қараша: Ол өлімді біржола жоқ қылады
Күнделікті нұр
Ал біз күндікі болғандықтан салауатты жүрейік, сеніміміз бен сүйіспеншілігімізді «сауыт қылып», мәңгілік құтқарылуға деген үмітімізді «дулыға етіп киейік!»
Салониқал. 1-хат 5:8
Ақыл-ойларыңды іс-әрекетке дайын ұстауға бел буыңдар! Сергек болып, Иса Мәсіх салтанатпен қайтып келгенде көрсететін рақымға толығынан үміт артыңдар!
Петірдің 1-хаты 1:13
Сонымен, шындықпен «белді бекем буып», әділдікті «сауыт қылып киіп», табанды тұрыңдар! Бұларға қоса сенімдеріңді «қалқан қылыңдар», онымен шайтанның барлық «отты жебелерін» өшіріп тастай аласыңдар; құтқарылғандықтарыңды «дулыға етіп киіп» қорғаныңдар; Құдай сөзін «рухани семсер қылып ұстаңдар»!
Ефестікт. хат 6:14, 16–17
Ол өлімді біржола жоқ қылады. Жаратушы Тәңір Ие барлық бет-жүздердің көз жастарын сүртіп жұбатып, өз халқының көрген масқарасын бүкіл жер бетінен алып тастайды. Жаратқан Иенің Өзі осыны нық айтқан. Сол кезде адамдар былай дейтін болады: «Біліп алыңдар, Бұл — біздің Құдайымыз, Аңсап Оны Оған сенім артамыз, Ол — жаудың қолынан Құтқарушымыз, Біздің Иеміз һәм Жаратушымыз ... Енді бәріміз қатты қуанамыз, Бізді құтқарғанына шаттанамыз!»
Ишая 25:8–9
Ал сенім дегеніміз — үміттенгеннің жүзеге асатынына күмәнданбау, әлі де көрінбей тұрған уәденің орындалуына шүбәсіз илану.
Еврейлерге хат 11:1
Исраилдіктердің тіккен қостары жайылып жүрген шағын екі отар ешкіге ұқсап тұрды, ал арамалықтардың қалың қолы жер бетін түгелдей жауып кетті.
Патшалықтар 3-ж. 20:27
Жаратқан Ие мынаны айтады: Арамалықтар «Жаратқан Ие — алқаптардың емес, тек тау-төбенің ғана тәңірі» деп айтқандықтан, Мен осы орасан зор әскерді түгелдей сенің қолыңа тапсырамын. Сонда сендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар! Екі әскер осылай бір-біріне қарсы жеті күн бойы қос тігіп тұрды. Ал жетінші күні шайқас басталып, исраилдіктер бір күннің ішінде арамалықтардың жүз мың жаяу әскерін жойды.
Патшалықтар 3-ж. 20:28–29
Ал, балаларым менің, сендер Құдайдансыңдар, жалған пайғамбарларды жеңіп шықтыңдар. Өйткені сендердегі Киелі Рух күнәкар дүниені билеп тұрған шайтаннан құдіретті.
Жоханның 1-хаты 4:4
Қорықпа, Мен саған жар боламын, Абыржыма, Мен сенің Құдайыңмын! Саған қуат беріп көмектесемін, Жеңімпаз қолыммен сүйемелдеймін.
Ишая 41:10
Олар сенімен күрессе де, сені жеңе алмайды, өйткені Мен саған жар болып, өзіңді құтқаратын боламын! Осы уәдені берген Мен Жаратқан Иемін.
Еремия 1:19
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 6 қар.
Қолостықт. хат 3:4 · Жохан 11:25
2006 ж. 5 қар.
Мысырдан шығу 30:23 · Мысырдан шығу 30:25
2006 ж. 4 қар.
Петірдің 1-хаты 1:6 · Петірдің 1-хаты 4:12–13
2006 ж. 3 қар.
Ошия 14:9 · Петірдің 1-хаты 2:7–8
2006 ж. 2 қар.
Салониқал. 1-хат 5:15 · Петірдің 1-хаты 2:21–23
2006 ж. 1 қар.
Нақыл сөздер 8:34 · Забур жырлары 123:2





