2006 ж. 9 қар.
Күнделікті нұр, 10 қараша: Ғашығымды тосып, таба алмағам
Күнделікті нұр
Әр түрлі игі істер істеп, өсіп-өне беріп, Құдайды неғұрлым жақынырақ тануларыңды тілеп келеміз.
Қолостықт. хат 1:10
Сонымен, бауырластарым, бізге осындай мол мейірімін төккені үшін өздеріңді Құдай жолына арнауға шақырамын. Өмірлерің Құдайға ұнамды, толықтай бағышталған, тірі құрбандықтай болсын: Оған лайықты рухани қызмет көрсетулерің осы болады. Бұл күнәкар дүниенің өмір сүру салтын үлгі етпеңдер, қайта, ой-тілектерің Құдайдың жаңартуымен түбегейлі өзгерсін! Осылай сендер Оның еркін — ненің игілікті, ұнамды және кемелді екенін ажырата білетін боласыңдар.
Римдіктерге хат 12:1–2
Енді сүндеттелу мен сүндеттелмеуде тұрған ештеңе жоқ, мәселе Құдайдың адамды жаңадан жаратуында. Осы ережемен өмір сүргісі келетіндердің бәріне, яғни «Құдайдың рухани Исраил халқына», тыныштық пен қайырымдылық болсын!
Ғалаттықт. хат 6:15–16
Егер мол жеміс берсеңдер, Менің шәкірттерім боласыңдар. Сол арқылы Әкемнің ұлылығы анық көрінеді.
Жохан 15:8
Қайта, Мен сендерді таңдап алдым: өздерің барып, рухани жеміс берсін, сол жемістерің тұрақты болсын деп тағайындадым. Сонда Менің атымнан не сұрасаңдар, Әкем соның бәрін де береді.
Жохан 15:16
Ғашығымды тосып, таба алмағам.
Таңдаулы ән 3:1
Исраил халқы, өз Құдайың Жаратқан Иеге қайта орал! Осылай күйрегеніңе өз күнәларың себепші болды. Кінәларыңды мойындайтын сөздер айтып, Жаратқан Иеге қайтып келіңдер! Оған былай деңдер: — Барлық күнәларымызды кешіріп, бізді рақыммен қабылдай гөр!
Ошия 14:2–3
Күнәға еліккен ешқайсың да: «Құдай мені еліктіреді» деп айтпаңдар! ... Қайта, адамды өзінің құмарлықтары еліктіріп, ол солардың жетегінде кеткенде сынақтан өтеді.
Жақыптың хаты 1:13–14
Сүйікті бауырластарым, алданып қалмаңдар: көктегі Әкеміз берген қай нәрсе де игі. Нұр шашқан аспан денелерін жаратқан Ол бізге Өзінің мүлтіксіз жарылқауын жаудырады. Аспан денелерінің көлеңкелері қозғала бергенмен, Құдайда ешқандай тұрақсыздық жоқ.
Жақыптың хаты 1:16–17
Әрдайым Жаратқанға арт сеніміңді, Батыл болып, нығайта түс жүрегіңді! Әрқашан Жаратқанға арт сеніміңді!
Забур жырлары 26:14
Жаратқанның оны құтқарып азат етуін Сабыр сақтап күткені игі адам үшін.
Жоқтау 3:26
Ал Құдай Өзі таңдап алған, Өзіне күні-түні жалбарына сиынған адамдарының мүдделерін қорғамай ма? Әлде соны ұзаққа созып жібере ме?
Лұқа 18:7
Жаным тыным табады жалғыз Құдайдан, Құтқарылуым келеді тек қана Одан, Жан дүнием, тыным тап жалғыз Құдайдан, Үміт келеді маған тек қана Одан.
Забур жырлары 61:2, 6
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 8 қар.
Салониқал. 1-хат 5:8 · Петірдің 1-хаты 1:13
2006 ж. 7 қар.
Забур жырлары 107:8 · Забур жырлары 34:8
2006 ж. 6 қар.
Қолостықт. хат 3:4 · Жохан 11:25
2006 ж. 5 қар.
Мысырдан шығу 30:23 · Мысырдан шығу 30:25
2006 ж. 4 қар.
Петірдің 1-хаты 1:6 · Петірдің 1-хаты 4:12–13
2006 ж. 3 қар.
Ошия 14:9 · Петірдің 1-хаты 2:7–8






