2006 ж. 22 қар.
Күнделікті нұр, 23 қараша: Ал мені тыңдаған қауіпсіз тұрады
Күнделікті нұр
Ал мені тыңдаған қауіпсіз тұрады, Еш пәледен қорықпай, алаңсыз болады.
Нақыл сөздер 1:33
Уа, Ием, атам заманнан бері Өзің Баспанамыз біздің болып келесің.
Забур жырлары 89:2
Алла Тағаланың панасында тұрған адам Құдіреттінің саясынан табады тыным.
Забур жырлары 90:1
Осылай өмірің қауіп-қатерсіз болады.
Забур жырлары 90:4
Енді өлген кісідей бұрынғы күнәлі іс-әрекеттеріңе жоқсыңдар. Ал Мәсіхпен бірлесіп сүрген жаңа өмірлерің ел көзінен таса, Құдайдың алдында.
Қолостықт. хат 3:3
Кім сендерге тиіссе, соның Менің көзімнің қарашығына тиіскені!
Зәкәрия 2:8
Қорықпаңдар, берік тұрыңдар! Бүгін-ақ Жаратқан Иенің өздеріңді құтқаруын көресіңдер ... Сендер үшін Жаратқан Иенің Өзі шайқаспақ. Ал өздерің тек тыныш тұрсаңдар болғаны, — деді.
Мысырдан шығу 14:13–14
Құдай — біздің панамыз да күшіміз, Қиын кезде сенімді көмекшіміз. Сол себептен біз уайымдап қорықпаймыз.
Забур жырлары 45:2–3
Қорықпаңдар, бұл Менмін ғой! Үрейлерің ұшпасын! — деп көңілдерін орнықтырды.
Матай 14:27
Неліктен абыржып тұрсыңдар? Көңілдеріңде неге сондай ой туады? Қол-аяғыма қараңдар: бұл — Менің Өзім. Маған қол тигізіп денемнің шынайы екеніне көз жеткізіңдер! Елестің еті мен сүйегі болмайды ғой, — деді де.
Лұқа 24:38–39
Себебі Кімге сенім артқанымды білемін. Оның қайтып келетін күніне дейін Өзінің маған аманаттаған Ізгі хабарын аман-есен сақтайтынына кәміл сенемін.
Тімотеге 2-хат 1:12
Менің Патшалығым осы дүниелік емес. Егер де Патшалығым осы дүниелік болса, онда Менің қасымда сақшыларым жүріп, олар Мені яһуди басшыларының қолына түсірмеу үшін күрескен болар еді.
Жохан 18:36
Ал біздің Бас діни қызметкеріміз — Мәсіх сенушілердің күллі күнәларының құнын өтеп, тазарту үшін бір ғана құрбандық ұсынған соң, Құдайдың оң жағындағы құрметті орнына мәңгілікке жайғасты. Енді Ол барлық жауларының Өзінің табанының астына салынып берілуін күтіп отыр.
Еврейлерге хат 10:12–13
Менің Билеуші ретінде Құдірет Иесінің оң жағында отырғанымды әрі аспандағы бұлттармен келе жатқанымды әлі көретін боласыздар! — деп жауап берді.
Матай 26:64
Құдай «барлық жауларын Оның табанының астына салып бергенше», Мәсіх билік жүргізуге тиіс.
Қорынттықт. 1-хат 15:25
Құдайға шүкірлік етейік! Ол бізге Иеміз Иса Мәсіх арқылы жеңісті сыйлайды.
Қорынттықт. 1-хат 15:57
Көкке көтеріп, Өзінің оң жағындағы орынға отырғызғанда да қолданды. Осылай Мәсіх күллі билік пен өктемдіктен, күш-қуат пен әкімшіліктен, осы және келешек замандардағы бүкіл атақ пен дәрежелерден де әлдеқайда үстем. Құдай бұлардың бәрін Мәсіхке бағындырып, Оны барлығынан да жоғары қойып, сенушілер қауымының Басы етті. Ал қауым — Мәсіхтің рухани денесі. Мәсіх бүкіл әлемді Өзімен толтырғаны сияқты, қауымды да толтырады.
Ефестікт. хат 1:20–23
Құдай Өзінің белгілеген кезінде Мәсіхті салтанатпен көрсететін болады. Ол — мадақталған, бірден-бір қуатты Билеуші, патшалардың Патшасы, иелердің Иесі.
Тімотеге 1-хат 6:15
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 21 қар.
Жохан 6:37 · Мысырдан шығу 22:27
2006 ж. 20 қар.
Миха 7:8 · Ишая 43:2–3
2006 ж. 19 қар.
Матай 7:20 · Жоханның 1-хаты 3:7
2006 ж. 18 қар.
Ишая 27:8 · Патшалықтар 2-ж. 24:14
2006 ж. 17 қар.
Забур жырлары 92:5 · Қолостықт. хат 1:9
2006 ж. 16 қар.
Жохан 17:17 · Жохан 15:3






