2006 ж. 13 жел.
Күнделікті нұр, 14 желтоқсан: Аузымды қолыммен жауып аламын
Күнделікті нұр
Зор ұлылығының даңқын шығарыңдар!
Забур жырлары 65:2
Өзім үшін жаратқан халқым Менің Ұлылығымды мақтап жариялайды.
Ишая 43:21
Оларды Менің алдымда жасаған күнәларының бәрінен тазартып, солардың Маған қарсы бас көтергенде жасаған әділетсіз істерінің барлығын кешіремін. Сонда осы қала Менің оған істеген барлық жақсылықтарым туралы естіген жердің барлық халықтарының алдында Маған атақ пен қуаныш.
Еремия 33:8–9
Сонымен Мәсіх арқылы Құдайды үнемі мадақтап сый-тартуымызды ұсынайық: Оның «Жаратқан Ие» деген атағын ауызбен де мойындап, дәріптеуіміз біздің Тәңір Иеге арнаған құрбандығымыз болады.
Еврейлерге хат 13:15
Уа, Құдай Ием, Өзіңді шын жүректен мақтаймын, Әрі Сенің есіміңді мәңгі бақи даңқтаймын. Сондай зор Сенің маған түсірген шапағатың, О дүниенің тұңғиығынан аман сақтадың!
Забур жырлары 85:12–13
Уа, Жаратқан Ие, қай «тәңір» Саған тең келер еді? ... Даңқты ұлылығымен айбынды да қастерлі, Керемет істер жасайтын сондай құдіретті!
Мысырдан шығу 15:11
Сонда Құдайдың атын әнге қосамын, Шүкіршілік етіп мақтау айтамын.
Забур жырлары 68:31
Олар Құдайдың қызметшісі Мұсаның жырын және Тоқты жөніндегі жырды айтып тұрды: «Уа, Құдай Ие, бүкіл әлемнің Билеушісі, Сенің істерің керемет те ұлы! О.
Аян 15:3
Басқаларға сияқты бізге де Құдайдың қаһарының төгілетіні табиғатымыздан белгілі еді.
Ефестікт. хат 2:3
Бір кезде біз де түйсіксіз болып, тіл алмай, азғырылып, түрлі құмарлықтар мен ләззаттың құлы болдық. Өмірімізді қара ниеттілікпен, күншілдікпен өткізіп, басқаларға жексұрын болып, бір-бірімізді де жек көрдік.
Титке хат 3:3
Менің «қайтадан туылуға тиіссіңдер» дегеніме таңданба!
Жохан 3:7
Сонда Әйүп Жаратқан Иеге жауап беріп былай деді: — Мен бұған лайықты емеспін, Саған қалай жауап бермекпін? Аузымды қолыммен жауып аламын.
Әйүп 39:33–34
Жаратқан Ие: — Менің қызметшім Әйүпке көңіл бөлдің бе? Жер бетінде ол сияқты кінәратсыз да әділ, Құдайын терең қастерлейтін, жамандықтан аулақ жүретін ешбір жан жоқ, — дегенде.
Әйүп 1:8
Мен күнәкар болып дүниеге келдім, Құрсақта жатқанда-ақ күнәкар едім.
Забур жырлары 50:7
Құдай ол туралы мына тәрізді сөздер айтты: Мен көңілімнен шыққан адамды тауып алдым, ол — Есей ұлы Дәуіт. Сол Менің қалағанымның бәрін орындайтын болады.
Елшіл. істері 13:22
Бұдан бұрын Оған тіл тигізіп, қауымдарын қудалап, зорлық-зомбылық көрсеткеніммен, Иеміз маған қайырымды болды.
Тімотеге 1-хат 1:13
Тәннен — тән, Рухтан — рух туады.
Жохан 3:6
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2006 ж. 12 жел.
Софония 3:15 · Ишая 41:10
2006 ж. 11 жел.
Римдіктерге хат 14:16 · Салониқал. 1-хат 5:22
2006 ж. 10 жел.
Жохан 10:29 · Тімотеге 2-хат 1:12
2006 ж. 9 жел.
Нақыл сөздер 21:3 · Миха 6:8
2006 ж. 8 жел.
Ғалаттықт. хат 5:13 · Ғалаттықт. хат 6:1–2
2006 ж. 7 жел.
Қорынттықт. 2-хат 5:21 · Ишая 53:6






