2007 ж. 6 қаң.
Күнделікті нұр, 7 қаңтар: Уа, Құдайым (Нехемия 5:19)
Күнделікті нұр
Уа, Құдайым.
Нехемия 5:19
Сенің Мені қалыңдық іспетті сүйіп, тіпті құнарсыз иен далада соңымнан еріп жүрген жас кезіңдегі адалдығың есімнен шықпайды.
Еремия 2:2
Ал кейін Мен жастық шағыңда өзіңмен жасаған Келісімімді есіме алып, сенімен мәңгілік Келісім жасаймын.
Езекиел 16:60
Сендер Бабылда жетпіс жыл болғаннан кейін Мен сендерді қамқорлауға келіп, өздеріңді осы жерге қайтып әкелемін деген ізгі уәдемді орындаймын. Өйткені сендерге деген ниетім Өзіме аян: сендерге қасірет емес, амандық пен тыныштық бұйырып, болашақ пен үміт сыйлайтын ниетім бар, — деп нық айтады Жаратқан Ие.
Еремия 29:10–11
Аспанның жерден қаншама жоғары болатынындай, Менің жолым да сендердікінен соншама жоғары, Менің ойым да пікірлеріңнен тым биік.
Ишая 55:9
Ал, Әйүп, егер мен сенің орныңда болсам, Құдайға бет бұрып сиынып, ісімді Оның алдына апарар едім. Құдай адам толықтай ұға алмайтын ғажап істерді істейді, сан жетпес кереметтерді жасайды.
Әйүп 5:8–9
Уа, Құдай Ием, көп керемет жасадың, Біздің игілігімізді Сен ойлап тұрсың. Игі істеріңді айтуға тырыссам, Көптігі сонша, санауға жетпейді сан: Саған тең келе алмас бірде-бір жан!
Забур жырлары 39:6
Мен сені ешқашан тастап та кетпеймін, жалғыз да қалдырмаймын.
Ешуа 1:5
Жаратқан Иенің Исраил халқына берген игілікті уәделерінің бірде-біреуі орындаусыз қалмай, барлығы да жүзеге асты.
Ешуа 21:45
Құдай өтірік айтатын пенде емес, Ойын өзгерте беретін адам да емес. Ол айтса, сонысын іске асырмай ма, Әлде сөз беріп, онысын орындамай ма?
Руларды санау 23:19
Сондықтан да Құдайларың Жаратқан Иенің шынымен Құдай екенін біліп алыңдар! Өзін сүйіп, өсиеттерін ұстанғандардың тіпті мыңыншы ұрпағына да Ол Өзінің Келісімін сақтап.
Заңды қайталау 7:9
Келісімін ұдайы есінде сақтайды.
Забур жырлары 110:5
— Әлде әйел өз сәбиін ұмыта ала ма, құрсағынан шыққан ұлын аямай ма?! Анасы ұмытып кеткен күнде де Мен сені ешқашан ұмытпаймын, Иерусалим! Есіміңді алақаныма ойып жазып алдым.
Ишая 49:15–16
Құдайың Жаратқан Ие араңда тұр! Ол — батыр іспетті құдіретті Құтқарушы саған қатты шаттанады, сүйіспеншілігімен сені тыншытып, саған қуанып мерекелейді.
Софония 3:17
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2007 ж. 5 қаң.
Еврейлерге хат 4:3 · Еремия 9:5
2007 ж. 4 қаң.
Заңды қайталау 12:9 · Миха 2:10
2007 ж. 3 қаң.
Забур жырлары 107:7 · Заңды қайталау 32:10–12
2007 ж. 2 қаң.
Ишая 42:10 · Забур жырлары 81:1–2
2007 ж. 1 қаң.
Філіпілікт. хат 3:13–14 · Жохан 17:24
2006 ж. 31 жел.
Заңды қайталау 1:31 · Мысырдан шығу 19:4






