2007 ж. 10 қаң.
Күнделікті нұр, 11 қаңтар: О дүние, қайда сенің жеңісің?
Күнделікті нұр
Сионда Саған, Құдай, мақтау арналады.
Забур жырлары 64:2
Бірақ біз бәрінің бастауы болған бір ғана Құдай Әкені танимыз, Ол үшін өмір сүрудеміз; сондай-ақ, жалғыз Иеміз — Иса Мәсіхті де танимыз: күллі әлем де, өзіміз де Сол арқылы пайда болдық.
Қорынттықт. 1-хат 8:6
Осылайша бәрі Әкені қалай қадірлесе, Ұлын да солай қадірлесін. Ал кімде-кім Ұлын құрметтемесе, Оны жіберген Әкесін де құрметтемейді.
Жохан 5:23
Сонымен Мәсіх арқылы Құдайды үнемі мадақтап сый-тартуымызды ұсынайық: Оның «Жаратқан Ие» деген атағын ауызбен де мойындап, дәріптеуіміз біздің Тәңір Иеге арнаған құрбандығымыз болады.
Еврейлерге хат 13:15
Мені мақтайтын жан құрмет көрсетеді Маған, Сақтанып жүргенге құтқаруымды ашам.
Забур жырлары 49:23
Содан соң қарасам, сансыз көп адамдардың ғаламат жиынын көрдім. Олар әрбір ұлт, ру, халық және тілден шығып, тақ пен Тоқтының алдында ақ шапан киіп, қолдарына пальма бұтақшаларын ұстап тұр екен. Жиналғандар қатты дауыспен былай деп мақтау айтты: — Құтқарылу тақта отырған Құдайымыз бен Тоқтының билігінде! — Аумин. Дәріптеу, ұлылық және даналық, Шүкірлік, құрмет, құдірет пен билік Біздің Құдайға арналған мәңгілік! Аумин.
Аян 7:9–10, 12
Ажалдан жанымды аман қалдырып, Рақымы мен мейірімін сыйлайды.
Забур жырлары 102:4
Бірақ сол екі халықтың құтқарушы Қамқоршылары күшті. Оның есімі: «Әлемнің Иесі».
Еремия 50:34
Мен оларды о дүниенің билігінен босатып, өлімнен құтқарып аламын ба? (Жоқ, солай істемеймін.) Өлім, қайда улы тісің? О дүние, қайда сенің жеңісің?
Ошия 13:14
Тәңір Иенің рухани балалары ет пен сүйектен жаралғандықтан, Иса да ет пен сүйектен тұратын тәнді қабылдады. Осылайша Ол Өзінің құрбандық өлімі арқылы өлімнің әміршісін, яғни әзәзіл шайтанды, жеңіп шықты, әрі өмір бойы өлімнен қорқып, шайтанның құлы болып жүрген адамдарды азат етті.
Еврейлерге хат 2:14–15
Құдайдың рухани Ұлына сенушілер мәңгілік өмірге ие. Ал Оны тыңдамағандар шынайы өмірді көрмей, Құдайдың төніп тұрған қаһарына ұшырайды.
Жохан 3:36
Себебі сендер рухани өлдіңдер, енді өлген кісідей бұрынғы күнәлі іс-әрекеттеріңе жоқсыңдар. Ал Мәсіхпен бірлесіп сүрген жаңа өмірлерің ел көзінен таса, Құдайдың алдында. Өмірлеріңнің бірден-бір бастауы мен мақсаты — Мәсіх. Ол жер бетінде қайтадан көрінген кезде сендер де Онымен бірге салтанатты ұлылықпен көрінесіңдер.
Қолостықт. хат 3:3–4
Сол күні Иеміз келеді де, Өзіне бағышталған адамдарына жасаған игіліктері үшін зор мақтанышқа бөленіп, Өзіне сенген олардың бәрін қайран қалдырады.
Салониқал. 2-хат 1:10
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2007 ж. 9 қаң.
Забур жырлары 60:4 · Ишая 59:19
2007 ж. 8 қаң.
Забур жырлары 9:10 · Нақыл сөздер 18:10
2007 ж. 7 қаң.
Нехемия 5:19 · Еремия 2:2
2007 ж. 6 қаң.
Забур жырлары 90:17 · Езекиел 16:14
2007 ж. 5 қаң.
Еврейлерге хат 4:3 · Еремия 9:5
2007 ж. 4 қаң.
Заңды қайталау 12:9 · Миха 2:10






