2007 ж. 8 қаң.
Күнделікті нұр, 9 қаңтар: Жаратқан Ие бізді ақтады
Күнделікті нұр
Сен Өзіңді қастерлейтіндерге ту бердің, Олар соны көтерсін деп шындық үшін.
Забур жырлары 59:6
Мұса сол жерде құрбандық ұсынатын орын салып, оны «Біздің туымыз — Жаратқан Ие» деп атады.
Мысырдан шығу 17:15
Оның салтанатты ұлылығына қайран қалады. Өйткені Жаратқан Иенің дауылы су тасқынын қатты айдағандай, Өзі де тездете аттанып келеді.
Ишая 59:19
Сонда жеңісіңе қуана әндетеміз, Құдайымыздың атынан ту көтереміз.
Забур жырлары 19:6
— Жаратқан Ие бізді ақтады. Жүріңдер, Сионда Құдайымыз Жаратқан Иенің істеген керемет ісін паш етейік! (— дейді исраилдіктер.).
Еремия 51:10
Ал осының бәрінде біз өзімізді шексіз сүйетін Иеміздің арқасында ұлы жеңіске жетеміз.
Римдіктерге хат 8:37
Құдайға шүкірлік етейік! Ол бізге Иеміз Иса Мәсіх арқылы жеңісті сыйлайды.
Қорынттықт. 1-хат 15:57
Бүкіл әлемді Өзі үшін жаратқан Құдайға осы лайық еді.
Еврейлерге хат 2:10
Соңында айтарым мынау, бауырластарым: Иемізбен тығыз байланыста жүріп, Оның құдіретінен қуат алып, нығая беріңдер!
Ефестікт. хат 6:10
Өтіріктің арқасында олар елге өктемдік жасап.
Еремия 9:3
Тек ерлікпен маған қызмет етіп.
Патшалықтар 1-ж. 18:17
Уа, елдің бүкіл халқы! — деп шақырады Жаратқан Ие. — Еңбек етіңдер! ... Қорықпаңдар!
Хаққай 2:4–5
Көздеріңді ашып, егіндіктерге қараңдар, олар жинауға дайын пісіп тұр.
Жохан 4:35
Себебі келуге тиісті Ол сәлден кейін келіп, еш кешікпейді.
Еврейлерге хат 10:37
Ал керегі бір-ақ нәрсе ғой.
Лұқа 10:42
«Кім бізге жақсылық жасар?» деп сұрап, Күдік келтіреді көптеген кісілер. Уа, Жаратқан, жылы шыраймен қарап, Бет-жүзіңнің нұрын бізге төге гөр. Молайса нан менен жүзім шырыны, Саған сенбейтіндер масаттанады. Менің жүрегімді Өзің шаттандырдың, Соншама зор қуанышқа толтырдың.
Забур жырлары 4:7–8
Марал қалай аңсаса мөлдір суды, О, Құдай, жаным солай Сені аңсайды. Жаным шын Құдайды іздеп шөліркейді, Қашан мен Құдайыма бара аламын.
Забур жырлары 41:2–3
Уа, Ием, Сен сиынатын Құдайымсың, Таң сәріден мен Саған бет бұрамын, Сусыз жердемін кеуіп, құлазыған, Жан-тәніммен Сені аңсап сағынам.
Забур жырлары 62:2
Шынайы өмір сыйлайтын «нан» Менмін. Маған келгендер рухани нәрден тарықпайды, Маған сенгендер ешқашан шөлдемейді! ... бізге әрқашан осындай нан беріп тұрыңызшы! — деп өтінді.
Жохан 6:35, 34
Ол Иеміз Исаның аяқ жағына отырып алып, сөзін құлақ салып тыңдады.
Лұқа 10:39
Иемнен бір-ақ нәрсені сұрадым, Тек мынау ғана менің аңсағаным: Өмір бойы Оның үйінде болсам, Жаратқан Иенің көркіне қарасам, Ғибадатханасында ойланып-толғансам.
Забур жырлары 26:4
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2007 ж. 7 қаң.
Нехемия 5:19 · Еремия 2:2
2007 ж. 6 қаң.
Забур жырлары 90:17 · Езекиел 16:14
2007 ж. 5 қаң.
Еврейлерге хат 4:3 · Еремия 9:5
2007 ж. 4 қаң.
Заңды қайталау 12:9 · Миха 2:10
2007 ж. 3 қаң.
Забур жырлары 107:7 · Заңды қайталау 32:10–12
2007 ж. 2 қаң.
Ишая 42:10 · Забур жырлары 81:1–2






