2007 ж. 13 ақп.
Күнделікті нұр, 14 ақпан: Өзге ештеңе аңсамаймын жерде де!
Күнделікті нұр
Солай Құдайдың әділ еркін толық орындауға тиіспіз, — деп жауап берді.
Матай 3:15
Сенің еркіңді орындауға құштармын, Уа, Құдайым, жүрегімде Сенің тағылымың.
Забур жырлары 39:9
Мені Таурат заңы мен Пайғамбарлар жазбаларының күшін жою үшін келді деп ойламаңдар: Мен оларды жою үшін емес, қайта, толық мағынасында жүзеге асыру үшін келдім. Сендерге шындығын айтайын: аспан мен жер жойылып кетпейінше, Таурат заңының бірде-бір әрпі, тіпті бір кішкентай сызығы да күшінен айырылмайды, әуелі бәрі де жүзеге асады.
Матай 5:17–18
Жаратқан Ие өз әділдігіне сай Таурат заңы мен тәлімін дәріптелуге лайық әрі тамаша етіп шығаруды жөн көрген еді.
Ишая 42:21
Егер Құдайдың әділ еркін дін мұғалімдері мен парызшылдардан артық орындамасаңдар, Оның Патшалығына еш кіре алмайсыңдар!
Матай 5:20
Біздің ескі күнәкар болмысымыз (Таурат заңын мүлтіксіз орындауға) дәрменсіз болғандықтан, осы заң істей алмағанды Құдайдың Өзі істеді: Ол Өзінің рухани Ұлын күнәміздің құнын өтеп құрбандық болу үшін күнәлі біздердің денеміздей денемен осы дүниеге жіберді. Біздің күнәмізге бола Құдай Оған үкім шығарып, Оның денесіне өлім жазасын тартқызды. Ондағы мақсаты — біздің ескі күнәкар болмысымыздың еркі бойынша емес, Киелі Рухтың еркіне сай өмір сүріп, Құдайдың заңының әділ талаптарын орындауымыз.
Римдіктерге хат 8:3–4
Адамдардың Таурат заңын ұстануға ұмтылысын Мәсіх тоқтатты, енді Оның құрбандық өліміне сенетіндер ақталады.
Римдіктерге хат 10:4
Исраилдіктердің арасындағы сендердің үлестерің де.
Руларды санау 18:20
Өзіңнен басқа кімім бар еді көкте? Өзге ештеңе аңсамаймын жерде де! Тәнім әлсіреп, жаным шаршағанмен, Уа, Құдай, мәңгілік жар боласың Сен, Жүрегімнің берік тірегі бола бересің.
Забур жырлары 72:25–26
Уа, Ием, маған жар болып келесің, Жарылқап мені амандық бересің, Тағдырым қауіпсіз қолыңда Сенің. Тамаша — маған тиген үлесім, Қатты ұнайды ғажайып мұрам.
Забур жырлары 15:5–6
Өзіме: «Жаратқан Ие — үлесім менің, Сондықтан үмітімді артам Оған!» деймін.
Жоқтау 3:24
Ережелеріңді қабылдадым мәңгі мұраға, Жүрегімді кенелтеді олар қуанышқа.
Забур жырлары 118:111
Уа, Ием, Сен сиынатын Құдайымсың, Таң сәріден мен Саған бет бұрамын, Сусыз жердемін кеуіп, құлазыған, Жан-тәніммен Сені аңсап сағынам. Өйткені Өзің менің қолдаушымсың, «Қанатыңның аясында» шаттанамын.
Забур жырлары 62:2, 8
Сүйіктім менікі, ал мен онікімін.
Таңдаулы ән 2:16
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2007 ж. 12 ақп.
Малахи 3:17 · Жохан 17:6
2007 ж. 11 ақп.
Малахи 3:16 · Лұқа 24:15
2007 ж. 10 ақп.
Лұқа 11:34 · Қорынттықт. 1-хат 2:14
2007 ж. 9 ақп.
Лұқа 16:25 · Ишая 60:20
2007 ж. 8 ақп.
Жохан 15:15 · Жаратылыстың баст. 18:17
2007 ж. 7 ақп.
Заңды қайталау 8:10–11 · Лұқа 17:15–18






