2007 ж. 23 ақп.
Күнделікті нұр, 24 ақпан: Жаратқан Ие, Сен рухани Әкемізсің
Күнделікті нұр
Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Мен Исраил халқының өтінішіне жауап беріп, олар үшін мынаны істеймін: халықты отардағы қойлардың көбейгеніндей мейлінше көбейтемін.
Езекиел 36:37
Бәрібір иемденбейсіңдер, өйткені оны Құдайдан сұрамайсыңдар.
Жақыптың хаты 4:2
Құдайдан сұраңдар, сонда Ол сендерге (мұқтаждарыңды) береді; іздеңдер, сонда табасыңдар; есікті қағыңдар, сонда ол сендерге ашылады. Себебі сұрай берген әркім алады, іздей берген табады, қағып тұрғанға есік ашылады.
Матай 7:7–8
Біз Оның еркіне сай бір нәрсе сұрасақ, Құдай тілегімізге құлақ салады деп нық сенеміз. Не сұрасақ та, Құдай бізге құлақ салады деп білсек, Оның тілегенімізді беретінін де білеміз.
Жоханның 1-хаты 5:14–15
Ал егер кейбіреулерің даналыққа мұқтаж болсаңдар, Құдайдан сұраңдар, Ол береді. Тәңір Иеміз еш жазғырмай-ақ бәріне жомарттықпен бере салады.
Жақыптың хаты 1:5
Ауыздарыңды ашыңдар айқара, Мен оларды толтырамын жақсылыққа.
Забур жырлары 80:11
Иса шәкірттеріне әрқашан үмітін үзбей Құдайдан сұрай берудің керектігін де астарлы әңгімемен түсіндіріп.
Лұқа 18:1
Жаратқан Ие әділдерге назар аударады, Өзіне жалынған оларға құлақ салады. ... Иеміз құлақ салады, Күллі қиындықтан оларды құтқарып алады.
Забур жырлары 33:16, 18
Сол уақытта Менің атымнан сұрайсыңдар; Менің сендер үшін Әкеден өтінуімнің қажеті болмайды, өйткені Әкенің Өзі сендерді сүйеді. Себебі сендер Мені сүйіп, Құдайдан келгеніме сенесіңдер ... Енді сұраңдар да алыңдар! Сонда шексіз қуанышқа кенелесіңдер.
Жохан 16:26–27, 24
Ал ауыртпалық жіберсе, содан бас тарту дұрыс па өзі? — деп жауап қатты.
Әйүп 2:10
Сенің шешімдеріңнің әділдігін мойындаймын, Мені жазалағаның да әділ, уа, Жаратқаным.
Забур жырлары 118:75
Жаратқан Ие, Сен рухани Әкемізсің. Сен құмырашыға, біз саз балшыққа ұқсаймыз. Бәріміз Сенің қолыңнан шыққан жаратылысыңбыз.
Ишая 64:8
Ол Жаратқан Ие ғой, Оның әділ еркі орындалсын, — деді.
Патшалықтар 1-ж. 3:18
Уа, Жаратқан Ие, мен дауымды алдыңа салғанда, Сен әрқашан әділсің. Ал енді осы мәселелер жайлы Өзіңмен сөйлеспекпін.
Еремия 12:1
Сонда Ол күмісті балқытып, қоқысынан айырып тазартатын зергер іспетті леуіліктерді алтын-күмістей тазартып, зұлымдық атаулыдан арылтады.
Малахи 3:3
Иеміз Өзі сүйетін әркімді Түзетеді әрі тәрбиелейді, Бауырына басқан әр баласын да Жазалайды қажет болғанда.
Еврейлерге хат 12:6
Шәкірті ұстазына, қызметшісі қожайынына ұқсаса, соған қанағат тұтсын.
Матай 10:25
Құдайдың рухани Ұлы бола тұра, Мәсіх ауыр азаптар шеккен кезінде де Әкесіне мойынсұнуға үйренді.
Еврейлерге хат 5:8
Неғұрлым көбірек Мәсіх секілді азап шексеңдер, соғұрлым көбірек қуаныңдар. Сонда Мәсіх салтанатты ұлылықпен қайта оралып, ашық көрінген кезде де шаттанып қуанатын боласыңдар.
Петірдің 1-хаты 4:13
Ол маған былай деп түсіндірді: — Бұлар — зор қудалану кезеңінен өткендер. Олар шапандарын Тоқтының төгілген қанымен «жуып» аппақ қылды.
Аян 7:14
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2007 ж. 22 ақп.
Забур жырлары 25:12 · Матай 6:22
2007 ж. 21 ақп.
Леуіліктер 20:8 · Леуіліктер 20:24
2007 ж. 20 ақп.
Ишая 53:11 · Жохан 19:30
2007 ж. 19 ақп.
Нақыл сөздер 2:6 · Нақыл сөздер 3:5
2007 ж. 18 ақп.
Еремия 17:17 · Забур жырлары 4:6
2007 ж. 17 ақп.
Леуіліктер 4:12 · Жохан 19:16






