2007 ж. 9 нау.
Күнделікті нұр, 10 наурыз: Жұпарларын оның тарата берсеңші!
Күнделікті нұр
Осы жерге Ыбырайым «Жаратқан Ие қажетіңді береді» деген ат қойды. Сондықтан да күні бүгінге дейін жұрт: «Жаратқан Ие қажетіңді өз тауында береді», — дейді.
Жаратылыстың баст. 22:14
Құдай құрбандыққа шалынып, өртелуге қажетті қойды Өзі береді, — деді.
Жаратылыстың баст. 22:8
Біліп алыңдар: Жаратқан Иенің қолы сендерді құтқаруға дәрменсіз емес, Оның құлағы мінажаттарыңды естуге мүкіс те емес.
Ишая 59:1
Бұл туралы Пайғамбарлар жазбаларында мынадай сөздер алдын ала айтылған еді: Сион қаласынан Құтқарушы келеді. Ол Жақыптың үрім-бұтағын теріс жолдарынан қайтарады.
Римдіктерге хат 11:26
Жақып сиынған Құдай жар болған Және Құдай Иесіне үміт артқан Қандай бақытты болады әрбір жан!
Забур жырлары 145:5
Бірақ Өзін терең қастерлейтіндерге, Рақымына үмітін жүктегендерге Назарын салады Жаратқан Ие Оларды ажалдан құтқару үшін, Ашаршылықта аман сақтау үшін.
Забур жырлары 32:18–19
Ал Иса Мәсіхпен жүрген сендердің барлық қажеттеріңді де менің Құдайым Өзінің керемет байлығы бойынша қамтамасыз ететін болады.
Філіпілікт. хат 4:19
Мен сені ешқашан тастап та кетпеймін, жалғыз да қалдырмаймын, — деген ғой. Сондықтан да біз: «Ием маған жар, мен қорықпаймын ешбір жайттан, не істей алады адам баласы маған?» деп нық сеніммен айтамыз.
Еврейлерге хат 13:5–6
Ием — күш-қуатым, қалқандай қорғаным, Шын жүректен Оған сенім артамын. Ол мені қолдады, қатты қуанады жүрегім, Иеме ән салып Оны дәріптеймін.
Забур жырлары 27:7
Ол жайылып жүр арасында лалагүлдің.
Таңдаулы ән 2:16
Өйткені екі-үш адам Менің атымнан жиналса, Мен де сол жерде араларында боламын.
Матай 18:20
Кім Мені сүйсе, сол айтқан сөздерімді берік ұстанады, әрі Әкем оны сүйеді. Біз сондай адамдарға келіп, өмірлерінен орын аламыз.
Жохан 14:23
Менің Әкемнің өсиеттерін орындап, сүйіспеншілігін қабылдап жүргенімдей, сендер де Менің өсиеттерімді орындасаңдар, сүйіспеншілігімді қабылдап жүресіңдер.
Жохан 15:10
Жұпарларын оның тарата берсеңші! Сүйген жарым өз бақшасына келсін, Тәтті жемістерінен таңдап жесін! (Күйеу:) Міне, мен өз бақшама кіріп алдым, Уа, қымбаттым, менің сүйген жарым! Мүрім мен дәмдеуішімді жинап алдым, Сондай тәтті балымнан ішіп тұрмын, Шарап пен сүтімнің дәмін татып тұрмын.
Song of Solomon 4:16; 5:1
Ал Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті «жеміс» мынадай: сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, кеңпейілділік, сенімділік, ілтипаттылық, ұстамдылық.
Ғалаттықт. хат 5:22–23
Егер мол жеміс берсеңдер, Менің шәкірттерім боласыңдар. Сол арқылы Әкемнің ұлылығы анық көрінеді.
Жохан 15:8
Бірақ рухани жеміс бермейтін әр «сабақты» Әкем кесіп тастайды, ал өнім беретіндерін молырақ берсін деп тазартады.
Жохан 15:2
Иса Мәсіхтің көмегімен молынан әділ іс-әрекеттер жасап келген боласыңдар. Содан Құдайдың ұлылығы көрініп, мадақталмақ.
Філіпілікт. хат 1:11
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2007 ж. 8 нау.
Ишая 38:17 · Миха 7:18–19
2007 ж. 7 нау.
Ишая 54:5 · Ефестікт. хат 5:32
2007 ж. 6 нау.
Нақыл сөздер 2:8 · Заңды қайталау 1:32–33
2007 ж. 5 нау.
Ишая 38:14 · Забур жырлары 123:1–2
2007 ж. 4 нау.
Қолостықт. хат 3:2 · Жоханның 1-хаты 2:15
2007 ж. 3 нау.
Нақыл сөздер 3:5–6 · Забур жырлары 62:8






