2007 ж. 22 нау.
Күнделікті нұр, 23 наурыз: Мұнда жақындама, аяқкиіміңді шеш!
Күнделікті нұр
Мәңгі бар және болашақта келетін Құдай Ие қасиетті.
Аян 4:8
Бірақ Сен киелісің, Исраил халқың Сені мадақтайтын тағыңда отырасың.
Забур жырлары 21:4
Мұнда жақындама, аяқкиіміңді шеш! Сен басып тұрған осы жер киелі, — деп бұйырып, — Мен әкеңнің Құдайымын әрі Ыбырайым, Ысқақ және Жақыптың Құдайымын, — деді. Мұса Оған қарауға дәті бармай, бетін жауып алды.
Мысырдан шығу 3:5–6
«Сендер Мені кімге ұқсатасыңдар, Кіммен Мені салыстырасыңдар?» — Деп сауал қояды Киелі Құдай.
Ишая 40:25
Себебі Мен сенің Құдайың Жаратқан Иемін, Мен, Исраил сиынған Киелі Құдай, Құтқарушыңмын! ... Мен Жаратқан Иемін, Менен басқа Құтқарушы жоқ!
Ишая 43:3, 11
Өздеріңді шақырған Құдайдың қасиетті болғаны сияқты, сендер де бүкіл іс-әрекеттеріңде Оған бағышталған қасиетті болыңдар! Тауратта Оның былай дегені бар ғой: «Мен киелімін, сондықтан сендер де Өзіме бағышталып киелі болыңдар!»
Петірдің 1-хаты 1:15–16
Әлде денелеріңнің Киелі Рух мекендейтін киелі үй екенін білмейсіңдер ме? Сендер Құдайдан қабылдаған Киелі Рух бойларыңнан орын алды. Енді өз меншіктерің емессіңдер.
Қорынттықт. 1-хат 6:19
Себебі біздер мәңгі тірі Құдайдың «киелі үйіміз». Құдайдың Өзі мынадай сөздер айтқан: «Мен орталарында тұрып, араларында жүретін боламын. Мен олардың Құдайы, ал олар Менің халқым болады».
Қорынттықт. 2-хат 6:16
Бағыт жайлы келісіп алмаса, екі адам бірге жүре ала ма?
Амос 3:3
Бірақ екі шәкірт: — Бізбен бірге бола көріңіз! Күн кеш болды.
Лұқа 24:29
Міне, Мен есік алдына келіп, қағып тұрмын. Кімде-кім даусымды естіп, есік ашса, Мен оның жан дүниесіне еніп, онымен бірге «дастарқандас» боламын; ол да рухани нәр алып, Менімен тығыз байланыста болады.
Аян 3:20
Айтшы маған, уа, сүйіктім, қай жерде Бағып жүресің өз отарыңды? Әрі сен қайда барып, түскі кезде Тынықтырып аласың қойларыңды? Мен несіне қаңғырамын бет-перде Жамылған жүгенсіздей, достарыңның Отарлары арасынан сені іздеуге? (Құрбылары:).
Таңдаулы ән 1:6
Кездестірдім жарымды жаным сүйген! Оны ұстап алып жібермедім.
Таңдаулы ән 3:4
Жұпарларын оның тарата берсеңші! Сүйген жарым өз бақшасына келсін, Тәтті жемістерінен таңдап жесін!
Таңдаулы ән 4:16
(Күйеу:) Міне, мен өз бақшама кіріп алдым.
Таңдаулы ән 5:1
Әрі Жақыптың ұрпақтарынан Өзіме бекерге бет бұрып, бой ұсынуын талап етпедім.
Ишая 45:19
Мен бұл дүниенің ақыр соңына дейін әр күні өздеріңмен бірге болып, сендерге жар боламын!» (Аумин).
Матай 28:20
Жалғыз да қалдырмаймын, — деген ғой.
Еврейлерге хат 13:5
Өйткені екі-үш адам Менің атымнан жиналса, Мен де сол жерде араларында боламын.
Матай 18:20
Содан кейін осы күнәкар дүние Мені көрмейді, ал сендер Мені көресіңдер. Мен қайта тірілемін.
Жохан 14:19
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2007 ж. 21 нау.
Аян 3:2 · Петірдің 1-хаты 4:7
2007 ж. 20 нау.
Забур жырлары 119:130 · Жоханның 1-хаты 1:5
2007 ж. 19 нау.
Елшіл. істері 3:26 · Петірдің 1-хаты 1:3
2007 ж. 18 нау.
Ишая 38:14 · Забур жырлары 6:1–10
2007 ж. 17 нау.
Леуіліктер 1:4 · Петірдің 1-хаты 1:18–19
2007 ж. 16 нау.
Жақыптың хаты 4:14 · Әйүп 9:25–26






