Күнделікті нұр, 10 сәуір: Өңім қара торы, әйтсе де сұлумын

Күнделікті нұр

Күнделікті жарық

Өңім қара торы, әйтсе де сұлумын.

Мен күнәкар болып дүниеге келдім, Құрсақта жатқанда-ақ күнәкар едім.

Менің саған берген салтанатым көркіңді кемеліне келтіріп, сол туралы даңқың халықтардың арасына кең жайылды», — дейді Жаратушы Тәңір Ие.

Мен күнәкар адаммын! — деді.

(Күйеу жігіт:) Неткен сұлу едің, сүйіктім менің! Қандай көріктісің, қымбаттым.

Сондықтан бұрынғы айтқандарыма өкініп, қатты қайғырып күл-топырақта отырмын.

Қымбаттым, сен тұтастай әдемісің, Жоқ тұла бойыңда ешқандай мінің!

Жақсылық жасағым келсе де, бойымдағы жаман құмарлық қарсы тұрады.

Балам, сенің күнәларың кешірілді! — деді.

Менің бойымда, яғни ескі күнәкар болмысымда, жақсылық жоқ екенін білемін.

Сендер Мәсіхпен тығыз байланысып, рухани игіліктерге толықтай ие болдыңдар.

Толық кемелденген түрде Құдай алдына әкелуге талаптанудамыз.

Алайда сендер күнәдан тазардыңдар; енді Иеміз Иса Мәсіхтің атына сиынып Құдайымыздың Рухы арқылы Оның қасиетті халқы болып, ақталдыңдар.

Патшаның діни қызметкерлері, Оған бағышталған қасиетті ұлт — Құдайдың меншікті халқы болдыңдар!

Мәсіх Исамен жүріп, Құдайға ұнамды өмір сүргісі келетіндердің бәрі де қуғындалатын болады.

Сөйтіп (пайғамбардың алдын ала айтқан мына тәрізді сөздерін) жүзеге асыруға келдім: «Өз ұлы әкесіне, қызы шешесіне, келіні енесіне қарсы шығады. Адамның дұшпаны өз үй іші болады».

Осы дүниемен дос болғысы келген әркім Құдайдың жауына айналады.

Осы күнәлі дүниені және ондағы еш нәрсені сүймеңдер! Осы дүниені сүйгендердің көктегі Әкеге сүйіспеншілігі жоқ. Себебі осы дүниеге тән нәрселердің бәрі: күнәкар адамның құмарлықтары, көзінің қомағайлығы әрі тұрмысына мастануы көктегі Әкеден емес, осы дүниеден бастау алған.

Күнәкар дүние сендерді жек көрсе, оның сендерден бұрын Мені жек көргенін біліңдер. Егер де осы дүниелік болсаңдар, ол сендерді өз адамдары ретінде жақсы көрер еді. Бірақ осы дүниелік емессіңдер, керісінше, Мен сендерді күнәкар дүниенің ішінен таңдап, айырып алдым. Сондықтан да ол сендерді жек көреді ... қызметшінің жолы қожайынынан үлкен емес. Күнәкарлар Мені қудаласа, сендерді де қудалайды.

Бұларға Сенің хабарыңды білдірдім. Күнәкар дүние оларды жек көріп келеді, себебі Менің осы дүниелік еместігім сияқты, бұлар да сондай емес.

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Ахмет Йүксек ✪ Unsplash сайтындағы фотосы (https://unsplash.com/photos/hazy-mountain-peaks-at-sunrise-or-sunset-jUZUTcnJoQw)

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).