2007 ж. 10 сәу.
Күнделікті нұр, 11 сәуір: Сөзуар құтыла алмас күнәдан
Күнделікті нұр
Сөзуар құтыла алмас күнәдан, Ал ақылды өз аузына ие болған.
Нақыл сөздер 10:19
Сүйікті бауырластарым, мынаны ескеріңдер: «Әркім тыңдауға жүйрік, ал сөйлеуге шабан, ашулануға баяу болсын».
Жақыптың хаты 1:19
Қуатты жасақшыдан сабырлы жан артық, Қаланы басып алғаннан ұстамды жан артық.
Нақыл сөздер 16:32
Ал кім сөзінде қате жібермесе, сол — денесін тұтастай меңгере алатын жетілген адам.
Жақыптың хаты 3:2
Сол кезде сендер айтқан сөздеріңе сай не ақталатын, не айыпталатын боласыңдар.
Матай 12:37
Уа, Жаратқан Ие, тіліме күзет қоя гөр, Аузымның ашылуын бақылай гөр.
Забур жырлары 140:3
Мәсіхтің Өзі бізге бола азап шегіп, үлгі қалдырды, сондықтан Оның ізімен жүруіміз керек. Мәсіх Өзіне тіл тигізгендерге жаман сөз қайырмады, азап көрген кезде де оларды қорқытпады. Қайта, Ол ісін әділ Соттаушыға тапсырды.
Петірдің 1-хаты 2:21, 23
Исаның күнәкарлардың қаншама жауыздықтарына шыдағанын ескеріңдер! Осылай сендер де қажымаңдар, жігерлеріңді жасытпаңдар!
Еврейлерге хат 12:3
Ауыздарынан арам сөз шықпайтын, олар мінсіз.
Аян 14:5
Уа, Ием, жолдарыңды маған нұсқай гөр.
Забур жырлары 26:11
Мен саған ақыл-кеңес беремін, Жүретін жолыңды көрсетемін. Сені таса қылмай көзімнен, Әрдайым жетелеп жүремін Мен.
Забур жырлары 31:8
Жаратқан Ие ізгі де әділетті, Сондықтан күнәкарға ақ жолды сілтейді, Кішіпейілді әділдікке бағыттайды, Әрі тура жолын оған нұсқайды.
Забур жырлары 24:8–9
Мен «есікпін», Менен кіргендер құтқарылады. Олар емін-еркін кіріп-шығып, жайылым табады.
Жохан 10:9
Иса оған: — Жол, шындық және шынайы өмір Менмін. Мен арқылы болмаса, ешкім де Әкеге бара алмайды.
Жохан 14:6
Сонымен, бауырластар, Исаның өз қанын төккенінің арқасында енді нық сеніммен ең қасиетті орынға кіре аламыз. Өйткені Құдай алдына баруымызға бөгет болған «шымылдықты» Иса өз денесін құрбан етуімен қақ айырып, біз үшін мәңгілік өмірге жаңа жол ашты. Ол, сондай-ақ, ұлы Діни қызметкеріміз ретінде бүкіл Құдай үйінің үстінен қарайды. Сондықтан да адал жүрекпен, нық сеніммен Құдай алдына барып, Оған сиынайық.
Еврейлерге хат 10:19–22
Ендеше Жаратқан Иені мойындап, Оны жақыннан танып білуге жан сала ұмтылайық!
Ошия 6:3
Келісімнің ережелерін ұстанған жанды Жаратқан рақым әрі шындықпен бастайды.
Забур жырлары 24:10
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2007 ж. 9 сәу.
Ишая 43:1 · Ишая 54:4–5
2007 ж. 8 сәу.
Қорынттықт. 1-хат 1:5 · Римдіктерге хат 5:6
2007 ж. 7 сәу.
Қорынттықт. 2-хат 6:10 · Римдіктерге хат 5:2–3
2007 ж. 6 сәу.
Еврейлерге хат 7:25 · Римдіктерге хат 8:34
2007 ж. 5 сәу.
Жаратылыстың баст. 32:26 · Ишая 27:5
2007 ж. 4 сәу.
Аян 1:17 · Еврейлерге хат 12:18






