2007 ж. 13 сәу.
Күнделікті нұр, 14 сәуір: Махаббатың сенің шараптан да тәтті
Күнделікті нұр
Өйткені жіліктің майлы басынан Гөрі Өзіңнен мол ләззат табамын, Шаттық үнмен Саған мақтау айтамын. Төсекке жатып Сені еске аламын, Түні бойы Сен жайлы ойланамын.
Забур жырлары 62:6–7
Сенің ойларың маған тым жоғары, Уа, Құдай, қанша көп олардың саны! Санап шықсам барлық ойларыңды, Құм қиыршықтарынан көп болады! Бірақ оянған кезде әрдайым мен Бірге боламын әлі де Өзіңмен.
Забур жырлары 138:17–18
Қандай тамаша Сенің сөзіңнің дәмі, Ол тіпті тіл үйірген балдан да тәтті!
Забур жырлары 118:103
Махаббатың сенің шараптан да тәтті.
Таңдаулы ән 1:1
Өзіңнен басқа кімім бар еді көкте? Өзге ештеңе аңсамаймын жерде де!
Забур жырлары 72:25
Сен әсемсің күллі адам баласынан.
Забур жырлары 44:3
Ғашығым жас жігіттер арасында Алма ағашындай орман арасында! Саясында оның отыра берсем екен, Жемісі тәтті, ләззат табамын мен. Тойханаға алып барды ол мені, Бәріне айқын өзімді сүйетіні.
Таңдаулы ән 2:3–4
Тұлғасы оның Ливан тауындай, Таңдаулы самырсын ағаштарындай, Әрі оның ауызы сондай тәтті, Иә, оның өзі түгелдей сымбатты! Осыған ұқсайды сүйіктім, досым менің, Уа.
Таңдаулы ән 5:15–16
Мені құтқарғаныңа қуантып тағы.
Забур жырлары 50:14
Мен жүрген жолдарын анық көрсем де, халқымды сауықтырып, жетелемекпін. Араларындағы өкініп қайғырғандарын жұбатып.
Ишая 57:18
Жаратқан Ие былай деп шақырады: «Келіңдер, мәселелеріңді талқылап, шындығына жетейік! Күнәларың ал қызыл болса да, рақым етіп, сендерді қардай аппақ қылмақпын. Қылмыстарың қан қызыл болса да, сендерді кешіріп, аппақ жүндей ағартпақпын.
Ишая 1:18
— Қайтып келіңдер Маған, ей, тұрақсыз халық! Мен сендерді опасыз қылықтарыңнан арылтып сауықтырамын. — Иә, біз Саған қайтып келеміз, өйткені Сен біздің Құдайымыз Жаратқан Иесің! — дейді Солтүстік Исраилдің халқы.
Еремия 3:22
Құлақ түремін Құдай Иенің айтарына, Тыныштықты уәде етеді Ол өз халқына — Таңдап алған өз адал адамдарына, Халық тек қайтпаса ақымақтық жасауына!
Забур жырлары 84:9
Жан-тәніммен Жаратқан Иені мадақтаймын, Маған көп жақсылық жасағанын ұмытпаймын. Ол бар күнәларымды кешіріп, Дерттерімнің бәрін сауықтырады.
Забур жырлары 102:2–3
Ием жаныма күш дарытады.
Забур жырлары 22:3
Уа, Жаратқан Ием, Сені мадақтаймын! Маған ашуланған едің, ал сосын Қаһарыңды басып, мені жұбаттың.
Ишая 12:1
Мені қолдай гөр, сонда аман қаламын.
Забур жырлары 118:117
Алайда Мен өз еркіме сай қылмыстарыңды өшіріп тастаймын! Енді қайтып ешқашан да күнәларыңды есіме алмаймын!
Ишая 43:25
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2007 ж. 12 сәу.
Римдіктерге хат 8:3 · Еврейлерге хат 10:1–2
2007 ж. 11 сәу.
Нақыл сөздер 10:19 · Жақыптың хаты 1:19
2007 ж. 10 сәу.
Таңдаулы ән 1:5 · Забур жырлары 51:5
2007 ж. 9 сәу.
Ишая 43:1 · Ишая 54:4–5
2007 ж. 8 сәу.
Қорынттықт. 1-хат 1:5 · Римдіктерге хат 5:6
2007 ж. 7 сәу.
Қорынттықт. 2-хат 6:10 · Римдіктерге хат 5:2–3






