2007 ж. 19 мам.
Күнделікті нұр
Өзіңе де, үйретіп отырған іліміңе де мұқият ықылас аудар.
Тімотеге 1-хат 4:16
Әрбір жарыскер барлық жағынан қатаң ұстамдылық танытады. Оның алғысы келетіні — кейінірек солып қалатын гүлдестесі ғана, ал біздің алатынымыз — мәңгі солмайтын «жеңіс тәжі»! Сондықтан мен мақсатсыз жүгіріп жүрген жоқпын, жұдырығымен ауаны босқа ұрған боксшы сияқты да емеспін. Қайта, басқаларды рухани күреске шақырған мен «жүлде» бөліскенде құр алақан қалмау үшін, тәнімді ауыртпалықтарға душар еткізіп, өзіме бағындырып жатырмын.
Қорынттықт. 1-хат 9:25–27
Шайтанның қастық іс-әрекетіне тойтарыс бере алуларың үшін Құдай берген «рухани қару-жарақпен» түгел жабдықталыңдар! Біз адам баласына қарсы емес, қазіргі қара түнектің әкімдері мен күштілеріне әрі дүниені билеп-төстеушілеріне: көзге көрінбейтін дүниедегі зұлым рухтарға қарсы күресудеміз.
Ефестікт. хат 6:11–12
Сонымен қатар Иса Мәсіхтікі болғандар айқыш ағашта өлген Онымен бірігіп кетті. Сол себептен олар өздерінің ескі күнәкар болмыстарын және соның азғын құмарлықтары мен тілектерін сол айқыш ағашқа шегелеп тастағандай таза өмір сүреді. Біз Киелі Рухтың арқасында жаңа өмірге ие болғандай, Оның жетекшілігімен өмір сүре берейік.
Ғалаттықт. хат 5:24–25
Өйткені Құдай Рухының жетелеуімен жүретіндер — Құдайдың рухани балалары.
Римдіктерге хат 8:14
Осыларды орындап, өзіңді соған арна; бәрі де бұдан сенің алға басуыңды көре алсын.
Тімотеге 1-хат 4:15
Сонда Иса оған: — Мәриям!
Жохан 20:16
Қорықпа, Мен сені құныңды төлеп құтқарып алдым. Сені өз атыңмен шақырдым: Сен Мендіксің!
Ишая 43:1
Қойлар оның даусын естіп таниды. Бағушы өз қойларын атымен шақырып, далаға шығарады ... ал қойлары соңынан ереді, өйткені олар оның даусын таниды.
Жохан 10:3–4
Есіміңді алақаныма ойып жазып алдым, қамалдарың әрдайым көз алдымда!
Ишая 49:16
Бірақ Құдайдың салған негізі берік тұрады, онда мына сөздер «мөрленіп» жазылған.
Тімотеге 2-хат 2:19
Сонымен сенімімізді берік ұстанып, оны тапжылмастан мойындайық. Көкке көтеріліп кеткен зор мәртебелі Бас діни қызметкеріміз.
Еврейлерге хат 4:14
Екі оникс тасын алып, олардың бетіне Исраилдің он екі ұлының аттарын ... Жаратқан Иенің (оларды рақым етіп таңдап алғанын) есіне салып отыру үшін рулардың аттарын ұдайы екі иығында алып жүретін болсын. Құдайдың еркін білуге көмекші құрал болатын кеуде қалта жасалсын. ... Оған асыл тастар төрт қатарға тізіле қадалсын ... Асыл тастардың саны он екі болсын, Исраилдің әрбір ұлы үшін бір тастан. ... Һарон Жаратқан Иенің алдына барған сайын олар да Һаронның жүрек тұсында болмақ.
Мысырдан шығу 28:9, 12, 15, 17, 21, 30
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2007 ж. 19 мам.
2007 ж. 18 мам.
2007 ж. 17 мам.
2007 ж. 16 мам.
2007 ж. 15 мам.
2007 ж. 14 мам.
2007 ж. 13 мам.

Магдалалық Мәриям
Мәриям Магдалинаның шынайы тарихын ашыңыз, жалпы мифтерді жоққа шығарыңыз және оның Исаның тірілуінің алғашқы…

Құтқарылу
Сенушілер үшін Римдіктерге 8-ден он екі жігерлендіретін уәдені ашыңыз: айыптау жоқ, Киелі Рухтың күші…

Киелі кітапты зерттеу
Киелі кітаптың өзін рухани тағам, жетекші жарық және тазартатын айна сияқты метафоралар арқылы қалай…

Кереметтер
Жохан Інжіліне сәйкес, Исаның Бетезда тоғанындағы әрбір науқасты неге емдемегенін біліңіз.

Киелілік
Киелі кітаптың әулиелер туралы шынымен не үйрететінін біліңіз. Әрбір сенуші рухани суперқаһармандар ғана…

Ақталу
Ізгі хабар «Адам Құдай алдында қалай әділ бола алады?» деген сұраққа жауап береді. Ақталу тұжырымдамасы…