2008 ж. 16 ақп.
Күнделікті нұр
Ел қонысының сыртындағы күл төгілетін таза жерге апарып, сол жерде жанып жатқан отынның үстіне қойып өртеп жіберуі керек.
Леуіліктер 4:12
Сонымен жасақшылар Исаны ұстап алып кетті. Иса айқыш ағашын Өзі арқалап, қаладан шықты да, Маңдайтөбе деп аталатын жерге қарай бет алды. Мұның жергілікті аты — Ғолғота.
Жохан 19:16–17
Сол рәсімдер бойынша бас діни қызметкер күнәнің құнын өтеу үшін құрбандыққа шалынған малдардың қанын (жылына бір рет) киелі үйдің ең қасиетті бөлмесіне алып барады. Ал құрбандықтардың өздері ел қонысының сыртына шығарылып, өртеледі. Сол сияқты Иса да, адамдарды Өзінің қаны арқылы Құдайға бағыштап қасиетті ету үшін қала қақпасының сыртында азапталып, құрбан болды. Сондықтан біз ескі құлшылық ету рәсімдерінен аулақ шығып, Мәсіхке еріп, Оның көрген қорлығын бөлісейік.
Еврейлерге хат 13:11–13
Мәсіхтің азаптарына ортақтасып, Оның өз жанын мен үшін өлімге қиғанындай.
Філіпілікт. хат 3:10
Неғұрлым көбірек Мәсіх секілді азап шексеңдер, соғұрлым көбірек қуаныңдар. Сонда Мәсіх салтанатты ұлылықпен қайта оралып, ашық көрінген кезде де шаттанып қуанатын боласыңдар.
Петірдің 1-хаты 4:13
Уақытша көретін жеңіл азаптарымыз бізді өздерінен әлдеқайда зор, тіпті шексіз де мәңгілік ұлылыққа жеткізеді!
Қорынттықт. 2-хат 4:17
Осылайша Құдай адамды (рухани жағынан) Өзіне ұқсас әрі бейнелес етіп.
Жаратылыстың баст. 1:27
Ал енді біз Құдайдың рухани ұрпағы болсақ, Оның болмысы алтын, күміс не тас мүсінге ұқсайды деп ойламайық! Бұлар — адамның өнері мен тапқырлығынан туындаған бейнелер ғана.
Елшіл. істері 17:29
Алайда рақымы мол Құдай бізге зор сүйіспеншілігін көрсетті: Оның айтқанына көнбей, рухани өлі болған бізді Құдай Мәсіхпен бірге тірілтіп алды. ... Құдай бізді Иса Мәсіхпен тығыз байланыста болып, игі істер жасау үшін ерекше қылып жаратты. Соларды орындауымыз үшін Құдай бізге алдын ала жағдай туғызды да.
Ефестікт. хат 2:4–5, 10
Құдай алдын ала білетін біздерді Өзінің рухани Ұлының үлгісіне ұқсасын, осылайша рухани Ұлы көптеген бауырластарының арасындағы тұңғышы іспетті аса қадірлі болсын деп бұрыннан белгілеп қойған еді.
Римдіктерге хат 8:29
Алайда Мәсіх қайтып келгенде Оған ұқсайтынымызды білеміз. Себебі сол кезде Оның шынымен қандай екенін көретін боламыз.
Жоханның 1-хаты 3:2
Оянып, көрінісіңе қарап сүйсінемін.
Забур жырлары 16:15
Жеңіп шыққан әркім осы игіліктердің бәрін иемденеді. Мен оған Құдай, ол Маған рухани бала болады.
Аян 21:7
Рухани баласы болғандықтан, Оның бізге дайындап қойған мәңгілік игіліктеріне де ие боламыз: Құдай Мәсіхке сыйлағандары іспетті игіліктерді бізге де сыйламақ.
Римдіктерге хат 8:17
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2008 ж. 16 ақп.
2008 ж. 15 ақп.
2008 ж. 14 ақп.
2008 ж. 13 ақп.
2008 ж. 12 ақп.
2008 ж. 11 ақп.
2008 ж. 10 ақп.

Құтқарылу
Сенушілер үшін Римдіктерге 8-ден он екі жігерлендіретін уәдені ашыңыз: айыптау жоқ, Киелі Рухтың күші…

Үміт
Христиандық үміттің Киелі жазбалардағы көзқарасын, Құдайдың орындалмайтын уәделеріне негізделген сенімді…

Киелілік
Киелі кітаптың әулиелер туралы шынымен не үйрететінін біліңіз. Әрбір сенуші рухани суперқаһармандар ғана…

Қайғы
Христиандардың неге қиыншылықта мақтана алатынын біліңіз. Құдайдың тазартатын сүйіспеншілігі арқылы…

Христология
Мәсіхтің Ескі Өсиетте типтер, пайғамбарлықтар және символдар арқылы қалай ашылғанын зерттеңіз. Таныс оқиғалар…

Пайғамбарлық
Самуил тек пайғамбар ғана емес, сонымен қатар соңғы би болды. Ол діни қызметкер де болды: «Самуил Иеміздің…