2008 ж. 27 там.
Күнделікті нұр
Оның тағайындаған Патшасы Мәсіх өктемдік етеді! Ал Құдай алдында күні-түні бауырластарымызға жала жауып келген шайтан көктен лақтырылып тасталды.
Аян 12:10
Бауырластарымыз «Тоқтының» өз жанын құрбан етіп Қанын төгуінің арқасында және өздерінің Ізгі хабарды қабылдап, ашық мойындауларымен жеңіске қол жеткізді.
Аян 12:11
Құдайдың таңдап алғандарына кім айып таға алады? Құдайдың Өзі оларды ақтайды, ендеше кім үкім шығара алады? Мәсіх Иса біз үшін өлді, Ол қайта тірілді де. Содан Ол Құдайдың оң жағынан орын алып, бізді қолдауда.
Римдіктерге хат 8:33–34
Осылайша Құдай рухани билеушілер мен әміршілердің күш-қуатын талқандап, оларды бүкіл әлем алдында әшкерелеп.
Қолостықт. хат 2:15
Осылайша Ол Өзінің құрбандық өлімі арқылы өлімнің әміршісін, яғни әзәзіл шайтанды, жеңіп шықты, әрі өмір бойы өлімнен қорқып, шайтанның құлы болып жүрген адамдарды азат етті.
Еврейлерге хат 2:14–15
Ал осының бәрінде біз өзімізді шексіз сүйетін Иеміздің арқасында ұлы жеңіске жетеміз.
Римдіктерге хат 8:37
Шайтанның қастық іс-әрекетіне тойтарыс бере алуларың үшін Құдай берген «рухани қару-жарақпен» түгел жабдықталыңдар! құтқарылғандықтарыңды «дулыға етіп киіп» қорғаныңдар; Құдай сөзін «рухани семсер қылып ұстаңдар»!
Ефестікт. хат 6:11, 17
Құдайға шүкірлік етейік! Ол бізге Иеміз Иса Мәсіх арқылы жеңісті сыйлайды.
Қорынттықт. 1-хат 15:57
Бақтың ортасында «мәңгілік өмірді сыйлайтын ағаш» және «жақсылық пен жамандықты танытатын ағаш» та өсіп тұрды.
Жаратылыстың баст. 2:9
Құдай бізге мәңгілік өмір сыйлады. Осы өмір Оның рухани Ұлында.
Жоханның 1-хаты 5:11
Өзінің жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болады.
Жохан 3:16
Себебі Әкесінің өлгендерді тірілтіп жан беретініндей, Ұлы да Өзінің қалағандарын тірілтеді. Себебі Әкенің Өзі өмірдің бастауы екеніндей, Ұлына да өмірдің бастауы болуды сыйлады.
Жохан 5:21, 26
Жеңіп шыққан әркімге Мен Құдайдың пейіш бағында өсетін, мәңгілік өмірді сыйлайтын ағаштың жемісінен жегіземін.
Аян 2:7
Ол қала көшесінің ортасымен төменге қарай ағады. Өзеннің әр жағасында өсіп тұрған мәңгілік өмірді сыйлайтын ағаш ай сайын, жылына он екі рет, жеміс береді. Ал жапырақтары халықтарды сауықтыруға арналған.
Аян 22:2
Қандай бақытты даналықты тапқан адам ... Ол саған берер ұзақ ғұмыр — оң қолында ... Ие болғанға даналық — шын өмірдің ағашы, Оны мықтап ұстанған әркім қандай бақытты!
Нақыл сөздер 3:13, 16, 18
Құдай Мәсіхті даналығымыздың бастауы етіп.
Қорынттықт. 1-хат 1:30
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2008 ж. 27 там.
2008 ж. 26 там.
2008 ж. 25 там.
2008 ж. 24 там.
2008 ж. 23 там.
2008 ж. 22 там.
2008 ж. 21 там.

Рухани өсу
Рухани өсу жасқа, белсенділікке немесе білімге байланысты емес – ол Мәсіхтегі мінез-құлықтың өзгеруіне…

Құтқарылу
Иса тарихтағы ең радикалды миссияға ерікті болды – адамзаттың құтқарылуы үшін өз өмірін құрбан ету үшін Жерге…

Отбасы
Дұға, киелі кітаптық оқыту және сүйіспеншілік билігі арқылы Мәсіхке негізделген отбасын қалай құруға…

Құтқарылу
Жерлеу рәсімдері қымбат, бірақ Мәсіхтің қанымен құтқарылған христиандар олар туралы уайымдамауы керек. Исаға…

Пайғамбарлық
Хагғайдың төрт пайғамбарлығы бүгінгі күнге дейін өзекті болып қала береді. Бұл ежелгі кітаптың жалқаулыққа…

Киелілік
Киелі кітаптың әулиелер туралы шынымен не үйрететінін біліңіз. Әрбір сенуші рухани суперқаһармандар ғана…