2008 ж. 5 қыр.
Күнделікті нұр
Көктегі Құдайға жүрегімізді ашайық, Оған сиынып қолымызды жаяйық.
Жоқтау 3:41
Кім Құдайымызға тең бола алады? Жаратқан Ие зәулім тағында отырады, Ол төмен қарап аспан мен жерге көз салады.
Забур жырлары 112:5–6
(Дәуіттің жыры.) Уа, Ием, жанымды Саған бағыштаймын.
Забур жырлары 24:1
Өзіңе қарай қолдарымды жаямын: Кепкен топырақ жаңбырды тілейді, Жан дүнием де Сені аңсап шөліркейді. ... кері бұрмашы менен бетіңді, Әйтпесе боламын көрге түскен секілді. Таң ата маған естіртші мейіріміңді, Өйткені Өзіңе артамын сенімімді, Көрсетші маған қай жолмен жүретінімді, Себебі Саған бағыштаймын өмірімді.
Забур жырлары 142:6–8
Өмірден де артық — берік мейірімің, Ауызым Өзіңді мадақтай берсін, Өмір бойы бір Сені мадақтаймын, Атыңды атап қолымды жаямын.
Забур жырлары 62:4–5
О, Жаратқан, жадырата гөр пендеңнің жанын, Себебі бір Өзіңе сенімімді артамын. Уа, Ием, Өзіңе сиынғанның барлығына Кешірімді де ізгісің, шексіз рақымды да.
Забур жырлары 85:4–5
Менің атымнан Әкемнен не сұрасаңдар да, орындаймын.
Жохан 14:13
Ей, күзетші, түннің қай кезі болды?
Ишая 21:11
Себебі қандай заманда өмір сүріп жатқанымызды білесіңдер: қазір рухани ұйқыдан оянып, сақ болатын уақытымыз келді. Біздің Мәсіхке сене бастаған кезімізден гөрі қазір құтқарылуымыз жақынырақ тұр. Түнгі уақыт бітуге таяп қалды, ал Мәсіхтің күні жақындады. Сондықтан қара түнектегі жаман істерден бас тартып, жамандыққа қарсы тұратын «нұрдың қаруын» асынайық!
Римдіктерге хат 13:11–12
Інжір ағашынан сабақ алыңдар: оның шыбықтары жұмсарып, жапырақтары шыға бастағанда жаздың таяп қалғанын білесіңдер. Сол сияқты, сендер осы оқиғаларды көргенде Менің таяп есік алдына келіп қалғанымды білетін боласыңдар. Аспан мен жер жойылатын болады, бірақ Менің сөздерім еш жойылмайды.
Матай 24:32–33, 35
Шын жүректен Иеме сенім артамын, Берген сөзіне үмітімді артамын. Күзетші күткендей таңның атуын, Қарауыл аңсағандай күннің шығуын, Жан-тәніммен Иемді күтіп сағынамын.
Забур жырлары 129:5–6
Осының бәрін Растаушы былай дейді: — Бұл шындық, Мен жуырда келемін! Аумин! — Иеміз Иса, келе гөр!
Аян 22:20
Сондықтан сергек болыңдар! Себебі сендер Мен Билеуші ретінде көктен келетін күнді де, сәтті де білмейсіңдер.
Матай 25:13
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2008 ж. 5 қыр.
2008 ж. 4 қыр.
2008 ж. 3 қыр.
2008 ж. 2 қыр.
2008 ж. 1 қыр.
2008 ж. 31 там.
2008 ж. 30 там.

Эсхатология
Иса Мәсіхтің қайтып келуіне қатысты Інжіл пайғамбарлықтары мен уәделерін, Оның алғашқы келуінен бастап…

Құтқарылу
Иса тарихтағы ең радикалды миссияға ерікті болды – адамзаттың құтқарылуы үшін өз өмірін құрбан ету үшін Жерге…

Құтқарылу
Исаның есіміндегі терең күшті ашыңыз: құтқарылу, мәңгілік өмір, кешірім, дұғаға жауап және зұлымдыққа қарсы…

Нұх
Нұхтың сенімі, әділдігі және мойынсұнуы бүгінгі күні ұқсас зұлымдық пен рухани қиындықтарға тап болған…

Ізгі хабар тарату
Киелі Рухтың жер бетіндегі міндеті Мәсіхті дәріптеу және Мәсіхтің істерін бізге де, Оны қабылдамаған бұл…

Мәсіхшілік өмір
Рождество әндері арқылы Рождествоның шынайы мағынасын ашыңыз, Иса Мәсіх арқылы Құдаймен татуласудан келетін…