2008 ж. 2 қыр.
Күнделікті нұр
Не тұрып жатқан маңайларыңнан сол күндері ашыған нан мен басқа да ашытқымен дайындалған тағам атаулы табылмауға тиіс.
Мысырдан шығу 13:7
Жаратқанды қастерлеп, мойынсұну, Бұл.
Нақыл сөздер 8:13
Жамандықты жек көріп, жақсылықты берік ұстаныңдар.
Римдіктерге хат 12:9
Жамандықтың қай түрінен де аулақ жүріңдер!
Салониқал. 1-хат 5:22
Абай болыңдар, ешқайсың Құдайдың рақымынан құр қалып жүрмеңдер! Әйтпесе улы жеміс беретін тамырды қазып алып тастамаса, оның қайтадан көктеп, қаулап өсіп кететіні сияқты, мұндай адамдарың өздерінің жаман көзқарастарына көптеген басқаларды да еліктіріп, арамдап, зор зиян тигізетін болады.
Еврейлерге хат 12:15
Жүректе бар күнәмнан бас тартпасам, Дұғама құлақ салмас еді Жаратқан.
Забур жырлары 65:18
Азғана ашытқы бүкіл қамырды ашытады дегенді білмейсіңдер ме? «Ескі ашытқыдай» (күнә атаулыны) араларыңнан шығарып тастаңдар! Сонда «жаңа қамырдай» рухани таза боласыңдар. Өйткені Құтқарылу мейрамына құрбандыққа шалынған тоқтылар іспетті, Мәсіх біздер үшін өмірін құрбан етті. Сол арқылы сендер жаңа, пәк таза адам болдыңдар. Сондықтан да бұрынғы зұлым да сұрқия әдеттеріміздің «ескі ашытқысынан» арылып, қасиетті өмір кешіп, адалдық пен ақиқаттың «тәтті нанының» дәмін татып, тойлайық!
Қорынттықт. 1-хат 5:6–8
Әркім нанды жеп, тостағаннан ішпес бұрын өзін сынасын.
Қорынттықт. 1-хат 11:28
Иеміз Өзінікі болған адамдарын жақсы біледі» және «Иеміздің атын атап сиынатын әркім жамандықтан алшақтасын!
Тімотеге 2-хат 2:19
Бізге дәл сондай Бас діни қызметкер қажет: қасиетті де кінәратсыз, кіршіксіз таза Ол, күнәкарлардан аластатылып, аспаннан да жоғары, Құдайдың қасына, көтерілді.
Еврейлерге хат 7:26
Оның ешқандай күнә жасамағанын да білесіңдер.
Жоханның 1-хаты 3:5
Сонда жылан әйелге: — Жоқ, тіпті де олай емес, өлмейсіңдер! ... Сонда сендер ненің жақсы, ненің жаман екенін айыра алып, Құдай сияқты боласыңдар! — деді.
Жаратылыстың баст. 3:4–5
Әзәзіл жыланның қулықпен Хауа ананы алдап, азғырғанындай, кейбіреулер сендердің де ой-саналарыңды Мәсіхке деген адалдық пен пәк берілгендіктеріңнен ауытқытып жүрмесін деп уайымдаймын.
Қорынттықт. 2-хат 11:3
Соңында айтарым мынау, бауырластарым: Иемізбен тығыз байланыста жүріп, Оның құдіретінен қуат алып, нығая беріңдер! Шайтанның қастық іс-әрекетіне тойтарыс бере алуларың үшін Құдай берген «рухани қару-жарақпен» түгел жабдықталыңдар! Сондықтан Құдай берген «рухани қару-жарақтың» бәрін асыныңдар! Сөйтіп зұлым күштер шабуыл жасаған күні қарсы тұрып, ақырына дейін күресіп, жеңіп шыға аласыңдар. құтқарылғандықтарыңды «дулыға етіп киіп» қорғаныңдар; Құдай сөзін «рухани семсер қылып ұстаңдар»!
Ефестікт. хат 6:10–11, 13, 17
Әзәзіл шайтан бізден амалын асырмау үшін осылай істедім, оның зымиян ниетін жақсы білеміз.
Қорынттықт. 2-хат 2:11
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2008 ж. 2 қыр.
2008 ж. 1 қыр.
2008 ж. 31 там.
2008 ж. 30 там.
2008 ж. 29 там.
2008 ж. 28 там.
2008 ж. 27 там.

Христология
Мәсіх Филадельфияға Өзін Киелі және Шындық ретінде таныстырады, мінсіз күнәсіз және барлық нәрседе толықтай…

Пайғамбарлық
Самуил тек пайғамбар ғана емес, сонымен қатар соңғы би болды. Ол діни қызметкер де болды: «Самуил Иеміздің…

Иса Мәсіх
Иса Мәсіхтің Құдайдың мәңгілік Ұлы, Әкемен тең және ғаламның Жаратушысы ретіндегі толық құдайлығына қатысты…

Құдайдың қасиеттері
Құдайдың қасиеттілігінің табиғатын, сенушінің Мәсіхтегі позициялық қасиеттілігін және киелену арқылы іс…

Үміт
Христиандық үміттің Киелі жазбалардағы көзқарасын, Құдайдың орындалмайтын уәделеріне негізделген сенімді…

Мәсіхшілік өмір
Рождество әндері арқылы Рождествоның шынайы мағынасын ашыңыз, Иса Мәсіх арқылы Құдаймен татуласудан келетін…