2008 ж. 29 қаз.
Күнделікті нұр
Жаратқанның оны құтқарып азат етуін Сабыр сақтап күткені игі адам үшін.
Жоқтау 3:26
Мейірленуді Құдай ұмытқан ба? Қаһары рақымын басып тастаған ба?
Забур жырлары 76:10
Қорқыныштан былай деп уайымдадым: «Сірә, Сенің назарыңнан тыс қалдым!» Бірақ Сен жалынған даусыма құлақ түрдің, Сиынған мінажатыма жауап бердің.
Забур жырлары 30:23
Ал Құдай Өзі таңдап алған, Өзіне күні-түні жалбарына сиынған адамдарының мүдделерін қорғамай ма? Әлде соны ұзаққа созып жібере ме? Сендерге шындығын айтамын: Құдай олардың мүдделерін тезірек қорғайды!
Лұқа 18:7–8
Тәңір Иеге тапсыр, Ол қолдайды сені.
Нақыл сөздер 20:22
Шыдамды бол Жаратқанның алдында, Шешімін күт сабырмен, еш асықпа! Арам жоспарын іске асырған жанға, Табысқа жеткен зұлымға ашуланба!
Забур жырлары 36:7
Осы жолы шайқасатын сендер емессіңдер. Тек сол жерге барып, берік тұрыңдар! Сонда Жаратқан Иенің өздеріңді құтқаруын көресіңдер.
Шежірелер 2-ж. 20:17
Жақсылық жасаудан талмайық! Себебі бұдан шаршап, бас тартпасақ, тиісті уақытта оның игілікті өнімін Құдайдан қабылдайтын боламыз.
Ғалаттықт. хат 6:9
Диқанға қараңдаршы: ол егіндік жерінен алатын құнды өнімін тосып, оны күзгі және көктемгі жаңбырдың суғаруын төзімділікпен күтеді.
Жақыптың хаты 5:7
Ұстаңдаршы сол кішкентай түлкілерді, Олар бүлдіреді ғой жүзімдіктерді, Жүзімдігіміз гүлдеп тұр себебі. (Қалыңдық:).
Таңдаулы ән 2:15
Кім байқайды өз теріс қылықтарын? Тазарта гөр, Ием, құпия күнәмнан.
Забур жырлары 18:13
Абай болыңдар, ешқайсың Құдайдың рақымынан құр қалып жүрмеңдер! Әйтпесе улы жеміс беретін тамырды қазып алып тастамаса, оның қайтадан көктеп, қаулап өсіп кететіні сияқты, мұндай адамдарың өздерінің жаман көзқарастарына көптеген басқаларды да еліктіріп, арамдап, зор зиян тигізетін болады.
Еврейлерге хат 12:15
Жақсы жүріп бара жатыр едіңдер. Енді кім жолдарыңа бөгеу болып, сендерді шындыққа мойынсұнудан бас тартқызады?
Ғалаттықт. хат 5:7
Мәсіх Иса қайта оралар күнге дейін толықтай аяқтайтынына кәміл сенемін. Қандай жағдай болмасын, тек Мәсіх жайлы Ізгі хабарға сай өмір сүріңдер!
Філіпілікт. хат 1:6, 27
Тіл де дененің кішігірім мүшесі бола тұра, ғаламат нәрселермен мақтанады. От ұшқыны қаншама майда болса да, қалың орманды өртеп жібере алады! Тіл де от іспетті, әділетсіздік тудырғыш. Дене мүшелерінің арасында орналасқан ол бүкіл денемізді арамдап, өзі тозақ отынан тұтанып, бар өмірімізді де өртеп, құрта алады. Алайда адамдардың ешқайсысы да өз тілін бағындыра алмайды! Тіл — бағынуға көнбейтін жаман нәрсе, кісі өлтіретін уға толы.
Жақыптың хаты 3:5–6, 8
Сөйлескенде ұдайы ниеттерің игі, сөздерің дәмді болсын.
Қолостықт. хат 4:6
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2008 ж. 29 қаз.
2008 ж. 28 қаз.
2008 ж. 27 қаз.
2008 ж. 26 қаз.
2008 ж. 25 қаз.
2008 ж. 24 қаз.
2008 ж. 23 қаз.

Пайғамбарлық
Захария 12-14-ті зерттеу: Исраилдің болашақ өкініші, тесілген Мәсіхті тануы және Оның мыңжылдық патшалығының…

Қайғы
Әйүп кітабынан азап туралы түсініктерді зерттеңіз. Әйүптің тәжірибесі Құдайды және біздің сынақтарымызды…

Шәкірттік
Христиандық жарысты шыдамдылықпен жүгіру үшін әрбір ауыртпалық пен күнәні тастаңыз. Дүниелік жетістіктер мен…

Мәңгілік қауіпсіздік
Иса Мәсіхке сенушілер үшін мәңгілік қауіпсіздіктің киелі жазбалық кепілдігін ашыңыз. Құтқарылуды алғаннан…

Дұға
Забурдан дұғаның бес қарапайым аспектісін ашыңыз, олар сізге тереңірек, жеке дұға өмірін дамытуға көмектеседі.

Жаңа жаратылыс
Құдайдың Киелі жазбада Нұхтан Исаның өзгерістеріне дейін қалай жаңа бастамалар ұсынатынын біліңіз. Оның…