2009 ж. 13 нау.
Күнделікті нұр
Осылайша Құтқарушымыз Құдайдың ілімін көркейтсін.
Титке хат 2:10
Қандай жағдай болмасын, тек Мәсіх жайлы Ізгі хабарға сай өмір сүріңдер!
Філіпілікт. хат 1:27
Жамандықтың қай түрінен де аулақ жүріңдер!
Салониқал. 1-хат 5:22
Мәсіхтің атына бола қорлық көрсеңдер ... Алайда егер қайсыбіреулерің азап шексеңдер, бұл, әрине, кісі өлтіріп, ұрлық не өзге қылмыс жасаудың немесе басқаның шаруасына қол сұғудың зардабы болмауға тиіс!
Петірдің 1-хаты 4:14–15
Осылай қазіргі азғын да алдамшы ұрпақтың арасында еш кінәсіз таза, Құдайдың мінсіз рухани балалары болыңдар: қараңғы дүниеде жарық жұлдыздай жарқырап.
Філіпілікт. хат 2:15
Сол сияқты, сендердегі «нұр» адамдарға сәулесін төксін. Осылайша олар игі істеріңді көріп, көктегі Әкелеріңді мадақтап дәріптесін.
Матай 5:16
Мейірім мен шындықтан ешқашан безбе, Мойныңа байлап, жазып қойғандай жүрекке. Сонда ұнамды болып Құдай мен адамға, Ие боласың зор құрмет-абыройға.
Нақыл сөздер 3:3–4
Бауырластарым, күллі шынайы да қастерлі, әділ де таза, ұнамды да тартымды нәрселер, яғни қандай да адамгершілік және мақтауға тұрарлық қасиет болмасын, солар туралы ойлана беріңдер!
Філіпілікт. хат 4:8
Сендерге айтқан сөздерім арқылы рухани өмірге ие бола аласыңдар.
Жохан 6:63
Ол шынайы хабары арқылы бізге мәңгілік өмір сыйлап.
Жақыптың хаты 1:18
Жазылған заңдар рухани өлім әкеледі, ал Киелі Рух шынайы өмір сыйлайды.
Қорынттықт. 2-хат 3:6
Сендер де әйелдеріңді солай сүйіңдер: Мәсіх қауым үшін жанын қиды! Оны Құдай сөзімен тазартып, қайта туғызып, қасиетті қылды. Сонымен қауым күйеуіне апарылған қалыңдықтай салтанатты да сұлу, ешбір дақсыз, ақаусыз.
Ефестікт. хат 5:25–27
Жастар қалай таза жолмен жүре алады? Сөзіңе бағынып соны істей алады. ... Бұл мені жапа шеккенде жұбатады. Күнә жасамауым үшін Саған қарсы, Жүрегіме сақтадым айтқандарыңды. ... Сөздеріңді ешқашан ұмытпаймын. ... Сенің сөзіңе сенімімді артамын. Мыңдаған алтын-күміс ақшалардан Аузыңнан шыққан тәлімің қымбат маған! Ешқашан ұмытпаймын ережелеріңді, Солармен аман сақтайсың өмірімді. Қандай тамаша Сенің сөзіңнің дәмі, Ол тіпті тіл үйірген балдан да тәтті! Ақыл-кеңес табамын бұйрықтарыңнан, Бар жалған жолдар сондай жексұрын маған!
Забур жырлары 118:9, 50, 11, 16, 42, 72, 93, 103–104
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 13 нау.
2009 ж. 12 нау.
2009 ж. 11 нау.
2009 ж. 10 нау.
2009 ж. 9 нау.
2009 ж. 8 нау.
2009 ж. 7 нау.
Әке Құдай
Исаның Оны ашқанынан бастап, сенушілердің Мәсіх арқылы Оның балалары болуына дейін, Киелі кітаптың Әке Құдай…

Әлеуметтік медиа
Киелі кітаптағы сұрақтар арқылы әлеуметтік медианы қолдануыңызды тексеріңіз. Сіз онлайн режимінде Құдайды…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Мәсіхшілік өмір
Мәсіхтің мінезі мен еркін көрсететін өмірді қалай сүру керектігін біліңіз. Иса жүргендей жүруді, Оның өмірін…

Қасиетті Вечер
Христиандардың қауымдастық туралы түсінігін және нан мен шараптың Исаның денесі мен қанына тікелей…

Бейбітшілік
Оңтүстік Каролина штатындағы Энори қаласындағы шіркеуде хор жаттығуын өткізіп жатқанда, бір сәби жылай…