2009 ж. 19 нау.
Күнделікті нұр
Мәнісі ашылғанда сөздерің нұрын шашады.
Забур жырлары 118:130
Біз Мәсіхтен естіп, сендерге білдіріп отырған хабар мынау: Құдай — Нұр, Оның ішінде ешқандай түнек жоқ.
Жоханның 1-хаты 1:5
Жаратылыстың басталуында қараңғылықтан нұрдың жарқырауын бұйырған Құдай жан дүниемізді де жарқыратып, бізді Иса Мәсіхтің бетінен көрінетін Өзінің салтанатты ұлылығын білуіміз арқылы нұрландырды.
Қорынттықт. 2-хат 4:6
Сөз Құдай еді. Сөз өмірдің бастауы болған. Сол өмір адамзат үшін Нұр еді.
Жохан 1:1, 4
Ал егер Құдайға ұқсап нұрда тұрсақ, онда өзара байланыста боламыз және Оның рухани Ұлы Исаның төгілген қаны бізді барлық күнәларымыздан тазартады.
Жоханның 1-хаты 1:7
Күнә жасамауым үшін Саған қарсы, Жүрегіме сақтадым айтқандарыңды.
Забур жырлары 118:11
Сол сияқты сендер де Менің өздеріңе айтқан сөздеріме сеніп, рухани таза болдыңдар.
Жохан 15:3
Бұрын сендер түнек болдыңдар, ал енді Иемізбен байланысып, «нұрсыңдар»: ендеше «нұрдың адамдары» болып әрекет етіңдер!
Ефестікт. хат 5:8
Ал сендер өздеріңді қара түнектен тамаша нұрына шақырған Құдайдың қасиеттілігі мен ұлы істерін мадақтап жариялауға таңдалған нәсілсіңдер. Патшаның діни қызметкерлері, Оған бағышталған қасиетті ұлт — Құдайдың меншікті халқы болдыңдар!
Петірдің 1-хаты 2:9
Нұх замандастарының арасында әділ де кінәратсыз.
Жаратылыстың баст. 6:9
Өйткені «сенімі арқылы ақталған адам шынайы өмірге ие болады».
Ғалаттықт. хат 3:11
Нұх Жаратқан Иеге арнап құрбандық ұсынатын орын жасады. Содан кейін ол малдың және құстың барлық адал түрлерінен біразын алып, оларды құрбандыққа шалып, өртеп жіберді. Құрбандықтардың жағымды иісі Жаратқан Иеге жеткенде, Ол іштей былай деді: «Адамның жүрегіндегі ой-ниеті бала кезден-ақ зұлымдыққа бейім болса да, Мен бұдан былай еш уақытта жерді адамдарға бола қарғамаймын.
Жаратылыстың баст. 8:20–21
Оған құлшылық ететін болады.
Аян 13:8
Иеміз Иса Мәсіхке деген сеніміміз арқылы ақталғандықтан, Оның арқасында Құдаймен татумыз.
Римдіктерге хат 5:1
Себебі Таурат заңын орындау арқылы бірде-бір адам Құдай алдында ақтала алмайды. Керісінше, сол заң адамның күнәлі екенін әшкерелейді. Ал енді Құдайдың адамдарды ақтау жолы көрсетілді. Бұл жолға заңды ұстанудың қатысы жоқ. Ол туралы Таурат пен Пайғамбарлар жазбалары білдірген еді. Құдай яһуди және басқа ұлт адамдарының бәрін де Иса Мәсіхке деген сенімдері арқылы ақтайды. Себебі бұл жерде ешқандай айырмашылық жоқ.
Римдіктерге хат 3:20–22
Біз Иеміз Иса Мәсіх арқылы Құдайдың Өзіне қатты шаттанып та жүрміз, өйткені Мәсіхтің арқасында Онымен татуластық.
Римдіктерге хат 5:11
Құдайдың таңдап алғандарына кім айып таға алады? Құдайдың Өзі оларды ақтайды.
Римдіктерге хат 8:33
Құдай кімдерді бұрыннан белгілеп қойса, соларды шақырып алды, шақырып алғандарын ақтап та алды.
Римдіктерге хат 8:30
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 19 нау.
2009 ж. 18 нау.
2009 ж. 17 нау.
2009 ж. 16 нау.
2009 ж. 15 нау.
2009 ж. 14 нау.
2009 ж. 13 нау.

Мәсіхшілік өмір
Рождество әндері арқылы Рождествоның шынайы мағынасын ашыңыз, Иса Мәсіх арқылы Құдаймен татуласудан келетін…

Сенушілердің діни қызметі
Мәсіхшілердің үш құрбандығын ашыңыз: мадақтау, басқаларға қызмет ету және денеңізді тірі құрбандық ретінде…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Бейбітшілік
Оңтүстік Каролина штатындағы Энори қаласындағы шіркеуде хор жаттығуын өткізіп жатқанда, бір сәби жылай…

Киелілік
Құдайдың қаһары Қасиетті әрекет Бұл – «Мейірім мен Ақиқат» журналы Құдайдың қаһары Мұнда қасиетті әрекет…

Рухани өсу
Қиын тауға өрмелеу христиандық өмірді қалай көрсететінін біліңіз. Құдаймен бірге сенім сапарыңызда бір…