2009 ж. 11 сәу.
Күнделікті нұр
Біздің ескі күнәкар болмысымыз (Таурат заңын мүлтіксіз орындауға) дәрменсіз болғандықтан, осы заң істей алмағанды Құдайдың Өзі істеді: Ол Өзінің рухани Ұлын күнәміздің құнын өтеп құрбандық болу үшін күнәлі біздердің денеміздей денемен осы дүниеге жіберді. Біздің күнәмізге бола Құдай Оған үкім шығарып, Оның денесіне өлім жазасын тартқызды.
Римдіктерге хат 8:3
Таурат заңына негізделген ескі құлшылық ету жолы Құдайдың адамдарға дайындап қойған игілігінің өзі емес, оның күңгірт жобасы ғана. Сол заң бойынша жыл сайын қайталап жасала беретін бірдей құрбандықтар Құдай алдына баратын адамдарды еш уақытта түпкілікті тазартып, мүлтіксіз ете алмайды. Егер адамдар құрбандық жасаулары арқылы біржола тазартылса, онда олар өз күнәкарлықтарын сезінуден қалып, құрбандық жасауларын доғарған болар еді.
Еврейлерге хат 10:1–2
Мұса қалдырған Таурат заңын орындасаңдар да, күнәларыңнан шынайы ақтала алмадыңдар. Ал енді Исаға сенген әркім бар күнәларынан Исаның құрбан болғандығы арқылы ақталады.
Елшіл. істері 13:39
Тәңір Иенің рухани балалары ет пен сүйектен жаралғандықтан, Иса да ет пен сүйектен тұратын тәнді қабылдады. Осылайша Ол Өзінің құрбандық өлімі арқылы өлімнің әміршісін, яғни әзәзіл шайтанды, жеңіп шықты, әрі өмір бойы өлімнен қорқып, шайтанның құлы болып жүрген адамдарды азат етті. Себебі Мәсіх періштелердің емес, Ыбырайымның ұрпақтарының қамын ойлайды. Сондықтан Ол барлық жағынан бауырластарына ұқсас болуға тиіс еді.
Еврейлерге хат 2:14–17
Бәрі де күнә жасап, Құдайдың өздеріне белгілеген ұлылығынан құр алақан қалды.
Римдіктерге хат 3:23
Киелі жазбаларда бұл туралы мына тәрізді сөздер бар: Бірде-бір әділ кісі жоқ ... Жақсылық жасаушы ешкім жоқ, тіпті бір жан да.
Римдіктерге хат 3:10, 12
Шындығында жер бетінде әрдайым жақсылық жасап, ешбір күнә жасамайтын әділ адам жоқ.
Уағыздаушы 7:20
Әйелден туған пенде қалайша таза бола алар еді?
Әйүп 25:4
Құдайдың шынайы тыныштық сыйлайтын елге кіргізу жайлы уәдесі әлі де күшінде. Сол себепті бірде-біреуіңнің осы мүмкіндікті жіберіп алмауларың үшін сақ болайық!
Еврейлерге хат 4:1
Қылмыстарымды жақсы білемін де, Күнәларым әрдайым тұр есімде. Мен күнәкар болып дүниеге келдім, Құрсақта жатқанда-ақ күнәкар едім.
Забур жырлары 50:5, 7
Онда Жаратқан Ие күнәңді кешірді. Сен өлімге бұйырылмайтын болдың.
Патшалықтар 2-ж. 12:13
Ақтап алғандарына ұлылық та сыйлады.
Римдіктерге хат 8:30
Бәріміз бетімізді бүркемей, ашық түрде Иеміздің салтанатты ұлылығына айнадан көргендей мұқият көз жібереміз. Осылайша Ол бізді Өзіне ұқсатып, өзгертіп келеді. Сол арқылы Оның салтанатты ұлылығы барған сайын бізден көбірек көрініс табады. Бұл Иемізден — Киелі Рухтан келеді.
Қорынттықт. 2-хат 3:18
Егер Ізгі хабар туралы естігендеріңе күмәнданбай, берік сеніп, Оған деген үміттеріңнен таймасаңдар, бұл солай болады.
Қолостықт. хат 1:23
Сендерге Құдай алдында ұялмайтындай болып жүріңдер деп ескертіп, соған көздеріңді жеткіздік, тіпті өздеріңе жалындық та. Өйткені Құдай сендерді өз Патшалығы мен салтанатты ұлылығына шақырады.
Салониқал. 1-хат 2:12
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 11 сәу.
2009 ж. 10 сәу.
2009 ж. 9 сәу.
2009 ж. 8 сәу.
2009 ж. 7 сәу.
2009 ж. 6 сәу.
2009 ж. 5 сәу.

Құтқарылу
Жанартау біраз уақыттан бері гүрілдеп, түтін мен аздаған лава шығарып тұрған. Бірақ, Армеро тұрғындары…

Өтеу
Жазасы үшін орынбасар алған баланың оқиғасын ашыңыз және Иса Мәсіхтің біздің күнәларымыз үшін қалай…

Құтқарылу
Суға батып бара жатқан адамға сабақ емес, құтқарушы қажет. Рухани тұрғыдан, бәрі күнә жасаған және оларды…

Кешірім
Рим-католик шіркеуіндегі жыныстық зорлық-зомбылық жанжалы кешіру мен елемеу арасындағы айырмашылықты…

Рухани өсу
Жаңа сенушілер кездесетін қиындықтарды, соның ішінде ішкі күрестерді және ішіндегі екі табиғаттың ашылуын…

Өсиеттер
Уағыздаушы 12:13-тің мағынасын ашыңыз және Құдайдан қорқу мен Оның өсиеттерін орындаудың жердегі өмір үшін…