2009 ж. 25 сәу.
Күнделікті нұр
Сол қолы басымның астында болсын, Оң қолымен мені құшақтап алсын!
Таңдаулы ән 2:6
Аясында боласың мәңгілік қолының.
Заңды қайталау 33:27
Бірақ қатты соққан желді байқап, қорқып кеткен ол суға бата бастады да: — Мырза, мені құтқара көріңіз! — деп айқайлап жіберді. Иса дереу қолын созып, демеп жіберіп: — Әй, сенімі азым-ай! Неліктен (Менің құдіретіме) күдіктендің? — деді.
Матай 14:30–31
Әділдің қадамын Жаратқан нығайтады, Жүрген өмір жолын Ол ұнатады, Сүрінсе әділ жан, біржола құламайды, Жаратқан оны қолынан демеп қолдайды.
Забур жырлары 36:23–24
Мұса Бунямин руына батасын беріп былай деді: «Лайым Жаратқан Ие жақсы көрген Ру Оның қасында тұрсын аман-есен, Күн сайын Ием оны қорғайтын болсын, Таулардың беткейлерінде қоныстансын».
Заңды қайталау 33:12
Барлық уайымдарыңды Құдайға сеніп тапсырыңдар, себебі Ол қамдарыңды ойлайды!
Петірдің 1-хаты 5:7
Кім сендерге тиіссе, соның Менің көзімнің қарашығына тиіскені!
Зәкәрия 2:8
Олар ешқашан жойылмайды, ешкім оларды Менің қолымнан тартып та алмайды. Оларды Маған берген Әкем бәрінен де ұлы.
Жохан 10:28–29
Бұл кім екен, айдай сұлу, таңдай атқан, Күндей нұрын шашып, ту көтеріп тұрған Әскерге ұқсап сес көрсетіп жатқан? (Жас келін:).
Таңдаулы ән 6:10
Сендер де Құдай Иеміздің өз қанын төгіп, иемденген қауымына солай қамқор болыңдар!
Елшіл. істері 20:28
Сендер де әйелдеріңді солай сүйіңдер: Мәсіх қауым үшін жанын қиды! Оны Құдай сөзімен тазартып, қайта туғызып, қасиетті қылды. Сонымен қауым күйеуіне апарылған қалыңдықтай салтанатты да сұлу, ешбір дақсыз, ақаусыз, басқа да кемшіліксіз, қасиетті де пәк таза болсын.
Ефестікт. хат 5:25–27
Мұнан кейін аспанда бір керемет зор көрініс пайда болды: күнді жамылған.
Аян 12:1
Тоқтының үйленетін уақыты» жетті. Оның қалыңдығы әзірленіп, дайын отыр. Оған кіршіксіз таза, жылтыраған ақ бәтес киімдер берілді». — Сол ақ бәтес киімдер Құдай халқының әділ істерін білдіреді.
Аян 19:7–8
Құдай яһуди және басқа ұлт адамдарының бәрін де Иса Мәсіхке деген сенімдері арқылы ақтайды.
Римдіктерге хат 3:22
Өзің Маған сыйлаған ұлылықты Мен оларға да бердім.
Жохан 17:22
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 25 сәу.
2009 ж. 24 сәу.
2009 ж. 23 сәу.
2009 ж. 22 сәу.
2009 ж. 21 сәу.
2009 ж. 20 сәу.
2009 ж. 19 сәу.

Мәңгілік өмір
Киелі кітаптың мәңгілік тағдырыңыз туралы не айтатынын біліңіз. Күнә, Құдайдың кешірімі және Иса Мәсіх арқылы…

Киелілік
Құдайдың қаһары Қасиетті әрекет Бұл – «Мейірім мен Ақиқат» журналы Құдайдың қаһары Мұнда қасиетті әрекет…

Христиан өмірі
Ауыртпалықтар мен күнәні тастап, сенімнің бастаушысы және аяқтаушысы Исаға нық қарап, христиандық жарысты…

Пайғамбарлық
Захария кітабын, оның бағынбаушылық пен қалпына келтіру тақырыптарын және Құдай халқына қатысты пайғамбарлық…

Рухани өсу
Лоттың рухани сәтсіздігіне әкелген бес қадамды, қате көзқарастан бастап түпкілікті жойылуға дейін зерттеңіз…

Христология
Біздің тамаша Киелі кітабымыздағы соңғы кітап былай басталады: «Иса Мәсіхтің аяны, оны Құдай Өзінің…