2009 ж. 1 мам.
Күнделікті нұр
Жақып оянып: «Шынында Жаратқан Ие осы жерде екен! Ал мен мұны еш білмеппін, — деп.
Жаратылыстың баст. 28:16
Өйткені екі-үш адам Менің атымнан жиналса, Мен де сол жерде араларында боламын.
Матай 18:20
Мен бұл дүниенің ақыр соңына дейін әр күні өздеріңмен бірге болып, сендерге жар боламын!» (Аумин).
Матай 28:20
Өзім бірге барып жар болып, жаныңа тыныштық сыйлаймын, — деп жауап қайырды.
Мысырдан шығу 33:14
Сенің Рухыңнан мен қайда қашпақпын? Көз алдыңнан қайда жасырынбақпын? Көкке көтерілсем, сол орындасың, Тұңғиыққа түссем де, Сен сондасың.
Забур жырлары 138:7–8
Мені тек жақын жерде тұрып, алыс жерде бола алмайтын Құдай дейсіңдер ме? — деп сұрайды Жаратқан Ие. — Әлде адам құпия жерге тығылып, Менің көзімнен тасалана алады деп ойлайсыңдар ма? Аспан мен жердің барлық жерінде Мен бармын, солай емес пе? — деп ескертеді Иеміз.
Еремия 23:23–24
Тіпті ұлан-ғайыр көктің өзі Сені сыйғыза алмағанда, мен салған мына үй қайдан сыйғызсын?!
Патшалықтар 3-ж. 8:27
Себебі Киелі Құдай деп аталған, мәңгі тірі дәріптелген Алла Тағала мынаны да айтады: «Мен көктегі киелі мекенімде тұрамын. Сондай-ақ күйреп, күнәсіне шын көңілден өкінген кішіпейіл жанның қасында да боламын. Оны қайтадан рухтандырып, жаралы жүрегін сауықтырамын.
Ишая 57:15
Себебі біздер мәңгі тірі Құдайдың «киелі үйіміз».
Қорынттықт. 2-хат 6:16
Жалған тәңірлерден аулақ болыңдар!
Жоханның 1-хаты 5:21
Балам, жүрегіңді маған бағышта.
Нақыл сөздер 23:26
Ойларыңды күнәкар дүниедегіге емес, көктегіге аударыңдар!
Қолостықт. хат 3:2
Пендем, мына адамдар өз жүректерінің төріне жалған тәңірлерді орнатқандар. Сөйтіп, олар өздерін адастырып күнәға батыратын зұлым нәрселерді басты орынға қойып алған. Ендеше олардың Менен ақыл сұрауларына жол беруім қажет пе?
Езекиел 14:3
Ал енді, күнәкар дүниеге жататын қылықтарыңды біржола тоқтатыңдар: неке адалдығын бұзу, әр қилы азғындық, нәпсіқұмарлық және арам пиғылдан аулақ жүріңдер; ашкөздікке де салынбаңдар, ол жалған тәңірлерге табынумен бірдей!
Қолостықт. хат 3:5
Ал баюға ұмтылғандар азғыруға ұшырап, өздерін апатқа, құрып кетуге апаратын көптеген ақымақ та зиянды құмарлықтардың торына түседі. Өйткені ақшақұмарлық — әр түрлі жамандықтың түп-тамыры. Кейбіреулер осыған бола сенімдерінен адасып, өздерін көптеген қайғы-қасірет пен өкінішке душар етті. Ал сен, Құдайдың таңдаған адамы, мұндайлардан алшақ жүріп, әрдайым әділ, Құдайға ұнамды өмір сүріп, сенім мен сүйіспеншілікке, төзімділік пен ілтипаттылыққа ұмтыла бер.
Тімотеге 1-хат 6:9–11
Дүние-мүлік ұрлаймын деп те мақтанба, Дәулетің молайса, соған сенім артпа!
Забур жырлары 61:11
Беретін жемісім алтыннан құнды, Ол тіпті саф алтыннан да бағалы, Шығаратын өнімім менің таңдаулы, Күмістен де әлдеқайда жоғары.
Нақыл сөздер 8:19
Байлықтарың қайда болса, жүректерің де сонда.
Матай 6:21
Ал Жаратқан Ие оның жүрегіне көз салады.
Патшалықтар 1-ж. 16:7
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 1 мам.
2009 ж. 30 сәу.
2009 ж. 29 сәу.
2009 ж. 28 сәу.
2009 ж. 27 сәу.
2009 ж. 26 сәу.
2009 ж. 25 сәу.

Құлшылық
Еврей халқының Мәсіхі Израильге ол туралы жазылған көптеген пайғамбарлықтарға сәйкес келді. Оны Израиль…

Құдай Патшалығы
Киелі кітапта «Құдай Патшалығы» деген тіркес билікпен және басқарумен байланыстырылады. Біріншісі Құдайдың…

Адам Ұлы
Иса жоғалғанды іздеу және құтқару үшін келді, соттау үшін емес. Құдайдың таңғажайып рақымын және күнәдан…

Пайғамбарлық
Ханна туылмай тұрып көп жыл бұрын да Израильдің нашарлаған жағдайы Төрешілер кітабында баяндалған. Кітап…

Кішіпейілділік
Бата сенушіні Құдаймен Өзінің бірі ретінде байланыстырады. Бір мағынада, Құдай – нағыз Бейбітшілік Орнатушы…

Мәсіхшілік өмір
Рождество әндері арқылы Рождествоның шынайы мағынасын ашыңыз, Иса Мәсіх арқылы Құдаймен татуласудан келетін…