2009 ж. 29 мау.
Күнделікті нұр
Мен сүйетіндерімді әшкерелеп, тәртіпке шақырамын.
Аян 3:19
Балам, Тәңір сені тәрбиелегенде Онысын ешқашан менсінбей жүрме, Ол сені жөнге келтіргенде, Лайым еңсең түсіп жүнжіме! Иеміз Өзі сүйетін әркімді Түзетеді әрі тәрбиелейді, Бауырына басқан әр баласын да Жазалайды қажет болғанда.
Еврейлерге хат 12:5–6
Әкесі сүйікті баласын да Жазалайды қажет болғанда.
Нақыл сөздер 3:12
Өйткені Ол жара салса, соны Өзі таңады, соққы берсе, өз қолдарымен сауықтырады да.
Әйүп 5:18
Сонымен, Құдайдың құдіретті қолының астына бой ұсыныңдар; Өзі белгілеген уақыты жеткенде Ол сендерді жоғарылатпақ.
Петірдің 1-хаты 5:6
Сонда да балқытылған күмістей саф таза болып шықпадыңдар.
Ишая 48:10
Адам баласына қайғы-қасіретті Ол өз жүрек қалауымен жібермейді.
Жоқтау 3:33
Бізді күнәмізге қарап жазаламайды, Жаман ісіміздің есесін қайтармайды. Аспан жерден қанша жоғары болса, Жаратқанның Өзін терең сыйлағандарға Жаудыратын рақымы сонша мол да! Шығыс батыстан тым қашық болғаны сияқты, Ол заңсыз істерімізді бізден зор қашықтатты. Әкенің сәбиіне жаны ашығаны іспетті, Жаратқан Иеміз де Өзін қастерлегендерге Дәл сондай мейірім мен жанашырлық көрсетеді. Неден жаратылдық, соны түгел біледі, Топырақтан екеніміз Оның есінде.
Забур жырлары 102:10–14
Құдай көкте, ал сен жердесің, сондықтан да сөзшең болма!
Уағыздаушы 5:1
Құдайға сиынғанда жалған тәңірлерге құлшылық етушілер іспетті құр сөз сөйлей бермеңдер! Олар көп сөз айтсақ еститін болады деп есептейді. Сендер сондайларға ұқсамаңдар! Себебі көктегі Әкелерің өздерің сұрамай тұрып-ақ, сендерге не керек екенін біледі.
Матай 6:7–8
Уа, Бағал, бізге жауап бере гөр!» — деп айқайлаумен болды. Бірақ ешбір дауыс та шықпады.
Патшалықтар 3-ж. 18:26
Екі адам Құдайға сиыну үшін ғибадатханаға өрлеп барыпты. Бірі парызшыл, екіншісі салық жинаушы екен. Парызшыл тұра қалып, іштей былай деп мінажат етеді: «Я, Құдай! Мен басқа адамдар сияқты қарақшы, жәбірлеуші, неке адалдығын бұзушы немесе ана салықшыға ұқсап күнәкар болмағаным үшін Саған ризашылығымды білдіремін. Ал салық жинаушы алыста тұрып, тіпті назарын көкке көтеруге де батылы бармай, қолын кеудесіне қойып: «Я, Құдай, мен күнәкармын, рақым ете гөр!» — деп жалбарынады. Сендерге шын айтамын: екеуі үйлеріне қайтқанда, парызшылды емес, салықшыны Құдай кешіріп, ақтаған еді.
Лұқа 18:10–11, 13–14
Жақия шәкірттеріне мінажат етуді үйреткендей.
Лұқа 11:1
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 29 мау.
2009 ж. 28 мау.
2009 ж. 27 мау.
2009 ж. 26 мау.
2009 ж. 25 мау.
2009 ж. 24 мау.
2009 ж. 23 мау.
Миссиялар
Миссионердің хаты зайырлы жұмыс іздеушілер мен Африкада Құдайға қызмет етуге дайын адамдар арасындағы айқын…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Құдайдың қасиеттері
Құдайдың қасиеттілігінің табиғатын, сенушінің Мәсіхтегі позициялық қасиеттілігін және киелену арқылы іс…

Эсхатология
Иса Мәсіхтің қайтып келуіне қатысты Інжіл пайғамбарлықтары мен уәделерін, Оның алғашқы келуінен бастап…
Дүниеқоңыздық
Бұл әлем мен біздің өміріміз иллюзиялар сияқты уақытша. Біз көрінбейтін және мәңгілік нәрсеге көзімізді…

Құдайдың соты
Еремияның өмірін зерттеңіз, ол зор қарсылық пен азапқа қарамастан, Құдай Сөзімен нығайтылып, даңқты түрде…