2009 ж. 18 шіл.
Күнделікті нұр
Есімі киелі Құдіретті Құдай Маған керемет ұлы істер жасайды!
Лұқа 1:49
Уа, Жаратқан Ие, қай «тәңір» Саған тең келер еді? Ешкім жоқ Сендей салтанатты да қасиетті, Даңқты ұлылығымен айбынды да қастерлі, Керемет істер жасайтын сондай құдіретті!
Мысырдан шығу 15:11
Уа, Ием, ұлттардың табынатын тәңірлері Арасында жоқ Сендей бірде-біреуі! Сенің жасаған кереметтерің іспетті Жоқ басқа ешкімнің де ғажайып істері.
Забур жырлары 85:8
Уа, Жаратқан Ие, кім Сенен қорықпас, Есіміңнің ұлылығын кім даңқтамас? Сен ғана толықтай қасиеттісің!
Аян 15:4
Сенің киелі есімің қастерлене берсін.
Матай 6:9
Исраилдің сиынатын Құдайы Мадақталсын: оның Жаратқан Иесі! Құдай таңдап алған халқына келеді, Оны құтқарып алып азат етеді!
Лұқа 1:68
— Едом еліндегі Босорадан келе жатқан, қан қызыл шапан жамылған мына Кісі кім екен? Сән-салтанатпен киініп, зор күшпен алға басқан Бұл кім Өзі? — Ол: — Мен әділдікті айтамын, құтқаруға құдіреттімін, — дейді.
Ишая 63:1
Адал кісіңе мынадай сөз айтқан едің: «Мен жауынгер адамға күш-қуат дарыттым, Халықтан оны таңдап ап, жоғарылаттым.
Забур жырлары 88:20
Ал Тәңір Иеміз бізге әсер ететін Өзінің құдіреті арқылы біз сұрағаннан немесе ойлағаннан әлдеқайда көп нәрселерді істей алады. Оның даңқы қауымда Мәсіх Иса арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетіп, мәңгілік арта берсін!
Ефестікт. хат 3:20–21
Сондай-ақ, ынтымақ арамыздағы.
Забур жырлары 132:3
Осы жер Арнон аңғарының жағасындағы Арогерден Сирион, яғни Хермон, тауына дейін созылып.
Заңды қайталау 4:48
Көгертеді. Сонда Иеміз өз жарылқауы — шын өмірді Мәңгі бақи сыйлауға ұйғарған еді.
Забур жырлары 132:3
Мен Исраилді жерге түскен шықтай сергітетін боламын. Сонда Исраил лалагүлдей жайнайды, әрі Ливан тауындағы самырсын ағаштарындай тамырларын тереңге жібереді.
Ошия 14:6
Тағылымым жаусын жаңбыр тамшыларындай, Сөздерім түссін түннің мөлдір шығындай, Жас шөпке құйылған таза жаңбырдай, Көк құраққа төгілген жұмсақ нөсердей.
Заңды қайталау 32:2
Аспаннан жауған жаңбыр мен қар аспанға бекер қайта оралмайды. Керісінше, олар жерді суарып, көгертіп, дақылдарды өсіріп шығарады да, диқанға себуге тұқым, халыққа жеуге нан береді. Менің аузымнан шыққан сөзім де соған ұқсайды: ол нәтиже берместен Өзіме қайта оралмайды. Керісінше, Менің сөзім еркімді толық орындап, көздеген мақсаттарымды жүзеге асырады.
Ишая 55:10–11
Өйткені Құдай Оған Киелі Рухын шексіз береді.
Жохан 3:34
Оның шексіз рақымынан бәріміз молынан жарылқанып келеміз.
Жохан 1:16
(Һарон Құдайдың қызметіне арналғанда) Басына құйылған жұпар май іспетті ... Сол иісмай Һаронның басынан сақалына, Киімінің етегіне дейін аққан еді.
Забур жырлары 132:2
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 18 шіл.
2009 ж. 17 шіл.
2009 ж. 16 шіл.
2009 ж. 15 шіл.
2009 ж. 14 шіл.
2009 ж. 13 шіл.
2009 ж. 12 шіл.

Құдай Патшалығы
Құдай патшалығының әртүрлі аспектілерін, соның ішінде Құдай патшалығын, көк патшалығын және мәңгілік…
Ауру
АИТВ-ның шығу тегін, оның таралуын және Киелі кітап қағидаларының ЖИТС эпидемиясын түсінуге қалай қорғаныс…
Рақым
Математикалық, ғылыми және тарихи ақиқаттардың неліктен тар екенін және Құдайдың ақиқатының да құтқарылуға…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Мәсіхшілік өмір
Рождество әндері арқылы Рождествоның шынайы мағынасын ашыңыз, Иса Мәсіх арқылы Құдаймен татуласудан келетін…

Қайта тірілу
Қайта тірілген Мәсіхтің өз шәкірттеріне қалай көрінгенін, тыныштық әкелгенін және олардың Киелі жазбаларды…