2009 ж. 14 шіл.
Күнделікті нұр
Сенің еркің көкте орындалғандай, Жер бетінде де орындала берсін!
Матай 6:10
Уа, Иеміздің сөзіне құлақ салатын, Оның айтқанын іске асыратын, Құдіреті күшті періштелері, Жаратқан Иеге мақтау айтыңдар! Уа, Иеміздің еркін орындайтын Көктегі топтары, қызметшілері, Жаратқан Иеге мақтау айтыңдар!
Забур жырлары 102:20–21
Себебі өз еркімді емес, Мені жіберген Әкемнің еркін орындау үшін көктен келдім.
Жохан 6:38
Сенің еркіңді орындауға құштармын, Уа, Құдайым, жүрегімде Сенің тағылымың.
Забур жырлары 39:9
Егер (қаһарыңа толы) бұл «тостаған» Маған соқпай өте алмаса, онда Сенің еркің орындалсын! — деп мінажат етті.
Матай 26:42
Маған: «Мырза, Ие!» дейтін әркім емес, көктегі Әкемнің еркін орындайтындар ғана Оның Патшалығына кіре алады.
Матай 7:21
Заңды тек естігендер емес, оны орындап жүргендер ғана Құдай алдында ақталады.
Римдіктерге хат 2:13
Мұны біліп, осылай іс-әрекет етсеңдер, бақытты боласыңдар!
Жохан 13:17
Кім жасауға тиісті жақсылықты біле тұра жасамаса, сол күнәлі.
Жақыптың хаты 4:17
Бұл күнәкар дүниенің өмір сүру салтын үлгі етпеңдер, қайта, ой-тілектерің Құдайдың жаңартуымен түбегейлі өзгерсін!
Римдіктерге хат 12:2
Өйткені тілдің тамақтың дәмін ажырататыны сияқты, адамның құлағы да сөздерді тексеріп ажыратады.
Әйүп 34:3
Сүйікті бауырларым, кез келген рухтарға сене бермеңдер, олар Құдайдан келген бе, жоқ па — алдымен соны анықтаңдар! Өйткені көптеген жалған пайғамбарлар жер жүзіне тарады.
Жоханның 1-хаты 4:1
Сырт көрінісіне ғана қарамай, әділ шешіңдер!
Жохан 7:24
Енді айтатынымды парасаттылар ретінде пайымдап, ақылға салыңдар.
Қорынттықт. 1-хат 10:15
Мәсіх туралы Ізгі хабарға көңілдеріңнен мол орын беріңдер: Забур жырлары.
Қолостықт. хат 3:16
Құлағы барлар Киелі Рухтың қауымдарға айтқандарын жақсылап тыңдап алсын!
Аян 2:29
Ал Құдайдың Рухына мойынсұнушы Одан келгеннің бәрін де бағалай алады.
Қорынттықт. 1-хат 2:15
Не тыңдағандарыңа назар аударыңдар!
Марқа 4:24
Мен сенің істеріңді білемін ... өздеріне Құдайдың елшілері деген атақты таңатындарды сынап, өтірікшілер екенін анықтадың.
Аян 2:2
Алайда бәрін де тексеріп сынаңдар! Жақсысын ғана қабылдап, берік ұстаныңдар!
Салониқал. 1-хат 5:21
Бағушы өз қойларын атымен шақырып, далаға шығарады. Шығарған соң олардың алдында жүріп отырады, ал қойлары соңынан ереді, өйткені олар оның даусын таниды. Олар бөтен кісінің соңынан ермей, одан қашады, себебі оның даусын танымайды.
Жохан 10:3–5
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 14 шіл.
2009 ж. 13 шіл.
2009 ж. 12 шіл.
2009 ж. 11 шіл.
2009 ж. 10 шіл.
2009 ж. 9 шіл.
2009 ж. 8 шіл.

Рухани тәртіп
Киелі жазбаларды оқу, медитация және дұға арқылы Құдаймен күнделікті тыныш уақытты қалай орнатуға және…

Құдайдың қасиеттері
Киелі Рухтың сенушілерді өздерінің құдайлық табиғатын өмірде көрсетуге, күнәға қарсы тұруға және Мәсіхке…

Мәсіхшілік өмір
Рождество әндері арқылы Рождествоның шынайы мағынасын ашыңыз, Иса Мәсіх арқылы Құдаймен татуласудан келетін…

Рухани өсу
Лоттың өмірі Құдайға шын жүректен мойынсұну туралы маңызды сабақтар береді. Оның моральдық сәтсіздіктері…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Қудалау
Аян 2:8-11 және Мәсіхтің Ізмірге жазған хатын зерттеу. Азаптың сенімді қалай тазартатынын және өмір тәжінің…