2009 ж. 17 шіл.
Күнделікті нұр
Бағушы өз қойларын атымен шақырып, далаға шығарады.
Жохан 10:3
Бірақ Құдайдың салған негізі берік тұрады, онда мына сөздер «мөрленіп» жазылған: «Иеміз Өзінікі болған адамдарын жақсы біледі» және «Иеміздің атын атап сиынатын әркім жамандықтан алшақтасын!»
Тімотеге 2-хат 2:19
Көптеген адамдар қиямет соты күні Маған: «Уа, Тақсыр Ие, Сенің атыңмен біз жұртқа Құдайдың хабарын жеткізбедік пе? Сенің атыңмен жындарды қуып шығарып, көптеген кереметтер жасамап па едік?» — деп жалынатын болады. Сонда Мен оларға: «Сендерді ешқашан (өз адамдарым ретінде) таныған емеспін. Әділетсіздік істегендер, Менен аулақ кетіңдер!» — деп ашық айтамын.
Матай 7:22–23
Әділдің қамын Жаратқан ойлайды, Ал құдайсыздың ізі де қалмайды.
Забур жырлары 1:6
Есіміңді алақаныма ойып жазып алдым, қамалдарың әрдайым көз алдымда!
Ишая 49:16
Жүрегіңнің үстіне мені мөрдей тақшы, Мөрлі білезіктей білегіңе салшы!
Таңдаулы ән 8:6
Жаратқан Ие ізгі, басыңа қиындық түскен кезде Ол паналайтын қорғаның болады. Өзіне сенім артқандарды Ол жақыннан танып біледі.
Нақұм 1:7
Енді сол жерден сендер үшін орын дайындауға бара жатырмын. Барып, дайындап болғаннан кейін қайтып келіп, Өзім болатын жерде сендерді де болсын деп қасыма алып кетемін.
Жохан 14:2–3
Бұл әйел қолынан келгенін істеп.
Марқа 14:8
Мына бейшара жесір бәрінен де көп салды!
Лұқа 21:3
Сендерге шындығын айтайын: Мәсіхтің жолымен жүргендерің үшін сендерге ең болмағанда бір тостаған су берген әркім сол үшін алатын сыйынан құр алақан қалмайды!
Марқа 9:41
Біреу беруге ынталы болса, Тәңір Ие оның тарту-таралғысын қолындағы жоғына емес, барына қарай ризашылықпен қабылдайды.
Қорынттықт. 2-хат 8:12
Сөз жүзінде емес, іс жүзінде шынайы сүйіспеншілік білдірейік!
Жоханның 1-хаты 3:18
Айталық, сендердің сенуші бауырластарың, не еркек, не әйел заты болсын, киер киім мен ішер тамаққа зәру жүр дейік. Араларыңдағы біреуің оларға: «Аман-сау болыңдар! Тоңбай, қарындарың ашпай өмір сүріңдер» деп тілек білдіріп, солардың тәндік қажеттерін қамтамасыз етпесе, оның тілегінен не пайда?!
Жақыптың хаты 2:15–16
Жомарт сепкен жомарт жинар делінген ғой. Әрқайсың жүректеріңнің шешіміне сай, еш ренішсіз, зорлықсыз барларыңмен бөлісіңдер! Құдай қуанышпен беретіндерді ұнатады.
Қорынттықт. 2-хат 9:6–7
Құдайдың өздеріңе бұйырғандарының бәрін орындағаннан кейін: «Біз небәрі түкке тұрғысыз малаймыз, жай міндетімізді ғана атқардық» деңдер!
Лұқа 17:10
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 17 шіл.
2009 ж. 16 шіл.
2009 ж. 15 шіл.
2009 ж. 14 шіл.
2009 ж. 13 шіл.
2009 ж. 12 шіл.
2009 ж. 11 шіл.

Киелендіру
Қасиеттіліктің библиялық шындығын зерттеңіз, позициялық (абсолютті) және іс жүзіндегі (прогрессивті)…

Шәкірттік
Via Dolorosa Иерусалимдегі жай ғана физикалық жол емес. Иса қалай жүрсе, солай жүруді үйреніңіз, өзін-өзі…
Рухани өсу
Петірдің соңғы хаты сенушілерге Құдайдың хабарымен ойларын жаңартуға, Оның Сөзіне мойынсұнуға және Оның…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Рухани соғыс
Құдайдың дауысын шайтанның өтіріктерінен Киелі кітаптың шындығымен салыстыру арқылы қалай ажырату керектігін…

Суицид
Суицид, мәңгілік қауіпсіздік және сенушінің Мәсіхтегі тағдыры туралы Киелі кітаптағы көзқарасты, тіпті терең…