2009 ж. 25 шіл.
Күнделікті нұр
Ыбырайым пайғамбар да Құдай өзін шақырып алып, кейін тұрақты меншігіне беруге уәде еткен елге барып тұруға бұйырғанда, Оған сеніп, мойынсұнды.
Еврейлерге хат 11:8
Үлесімізге таңдады Ол біз үшін Өзі сүйген Жақыптың мақтаулы елін.
Забур жырлары 46:5
Оның қамын ойлап, жан-жақтан қоршады, Көзінің қарасындай сақтап қорғады, Бүркіттей ұясын күзетіп тұрған, Балапандары үстінен қалықтаған, Олар үшін қанаттарын кең жайған, Қауырсын қанатымен тасыған. Жаратқанның жалғыз Өзі халқын бастады, Қасында ешқандай бөгде тәңір болмады.
Заңды қайталау 32:10–12
Былай дейді: Мен, Құдай Иелерің, сендерге пайдалыны үйретіп, түзу жолмен бастап алып жүремін.
Ишая 48:17
Ол сияқты ұстаз болар ешкім жоқ!
Әйүп 36:22
Ал біз көргенімізбен емес, сенімімізбен өмір сүреміз.
Қорынттықт. 2-хат 5:7
Осы күнәкар дүниеде біз тұратын мәңгілік қала жоқ, қайта, көктегі келешек қаланы аңсап күтудеміз.
Еврейлерге хат 13:14
Сүйікті бауырластарым, (осы күнәкар дүниеде) жат жерлік адамсыңдар, сондықтан сендерге ескертемін: өз жандарыңа ұдайы қарсы шығатын арам құмарлықтардан бас тартыңдар!
Петірдің 1-хаты 2:11
Тұрыңдар! Кетіңдер! Бұл елде бұдан былай аман-есен тұра алмайсыңдар. Өйткені жер арамдалып, енді қайтып қалпына келмейтіндей құртылды.
Миха 2:10
Қасиетті есімін мадақтаңдар!
Забур жырлары 96:12
Аспан да Оның көз алдында таза емес. Ендеше жексұрын да бұзылған, жамандықты «суды сіміргендей» оңай жасайтын адам ше?
Әйүп 15:15–16
Жұлдыздар да айқын емес! Салыстырсақ, пенде жай жер құртына ұқсайды.
Әйүп 25:5–6
Уа, Жаратқан Ие, қай «тәңір» Саған тең келер еді? Ешкім жоқ Сендей салтанатты да қасиетті, Даңқты ұлылығымен айбынды да қастерлі.
Мысырдан шығу 15:11
Әлемнің Иесі киелі, қасиетті, қастерлі!
Ишая 6:3
Өздеріңді шақырған Құдайдың қасиетті болғаны сияқты, сендер де бүкіл іс-әрекеттеріңде Оған бағышталған қасиетті болыңдар! Тауратта Оның былай дегені бар ғой: «Мен киелімін, сондықтан сендер де Өзіме бағышталып киелі болыңдар!»
Петірдің 1-хаты 1:15–16
Осылайша Өзінің қасиетті болғанындай бізді де қасиетті етуді көздейді.
Еврейлерге хат 12:10
Оның қасиетті меншігі. Ал осы «киелі үй» — сендерсіңдер!
Қорынттықт. 1-хат 3:17
Сендер қандай болуларың керек? Жүріс-тұрыстарың Тәңір Иеге бағышталып, қасиетті де Оған ұнамды болуға тиіс! ... тыныштықпен өмір сүрді деп табуы үшін осыған жан сала ұмтылыңдар!
Петірдің 2-хаты 3:11, 14
Ауыздарыңнан жаман сөз емес, жақсы сөз ғана шығып, тыңдап тұрғандардың сенімдерін жетілдіріп, игілік сепсін. Осылай Құдайдың Киелі Рухын ренжітуден аулақ болыңдар! Онымен «таңбаландыңдар»: өмірлеріңнен орын алған Киелі Рух — бір күні жамандық атаулыдан азат етілулеріңнің кепілі.
Ефестікт. хат 4:29–30
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 25 шіл.
2009 ж. 24 шіл.
2009 ж. 23 шіл.
2009 ж. 22 шіл.
2009 ж. 21 шіл.
2009 ж. 20 шіл.
2009 ж. 19 шіл.
Теология
Құдайды дұрыс түсіну мәсіхші өмірі үшін өте маңызды. Бұл махаббатты көрсетеді, пұтқа табынудың алдын алады…

Құдайдың қасиеттері
Құдайдың қасиеттілігінің табиғатын, сенушінің Мәсіхтегі позициялық қасиеттілігін және киелену арқылы іс…

Сенім
Еврейлерге 11-дегі Көне Өсиет кейіпкерлерінен сабақ ала отырып, сенімнің көрінбейтін үміттерді қалай анық…

Тақуалық
Мәсіх сізге қамтамасыз еткен мол, тақуа өмірді сүріңіз. Құдай Рухының сізді тақуалықты көрсетуге және Оны…

Рухани өсу
Лоттың өмірі Құдайға шын жүректен мойынсұну туралы маңызды сабақтар береді. Оның моральдық сәтсіздіктері…

Христиан өмірі
Ауыртпалықтар мен күнәні тастап, сенімнің бастаушысы және аяқтаушысы Исаға нық қарап, христиандық жарысты…