2009 ж. 20 шіл.
Күнделікті нұр
Сүндеттелудің пайдасы қандай? (деп сұрауларың мүмкін.).
Римдіктерге хат 3:1
Әрине, яһудилердің қай жағынан болса да артықшылықтары бар.
Римдіктерге хат 3:2
Уа, Яһуда мен Иерусалимнің халқы! Өздеріңді толықтай Жаратқан Иеге арнаңдар.
Еремия 4:4
Ал Маған шын жүректен бағынбаған олар ақыр соңында кішіпейілді болып, Маған мойынсұнады. Сол кезде олар кінәларының жазасын тартып, оны әділ деп қабылдайтын болады. Сонда Мен Жақыппен жасаған Келісімімді, Ысқақпен жасаған Келісімімді, сондай-ақ, Ыбырайыммен жасаған Келісімімді есіме аламын.
Леуіліктер 26:41–42
Мәсіх Құдайдың адалдығын дәлелдеу үшін сүндеттеу рәсімін ұстанып келген Исраил халқына қызмет көрсетті. Ол осылай Құдайдың ата-бабаларымызға берген уәдесін іске асырды.
Римдіктерге хат 15:8
Мәсіхпен тығыз байланысқандықтан сендер «рухани сүндеттелдіңдер» де. Бұл — қолмен істелген тәннің сүндеттелуі емес, Мәсіхтің «рухани сүндеттеуі», яғни Оның ескі күнәкар болмыстарыңды түгелдей алып тастауы.
Қолостықт. хат 2:11
Бұрын сендер Құдайдың бұйрықтарын бұзып, «рухани сүндеттелмеген», яғни күнәкар болмыстарыңа тәуелді болып, рухани тұрғыдан өлі едіңдер. Алайда Құдай сендерді Мәсіхпен бірге қайта тірілтіп алды. Ол күллі күнәларымызды кешірді.
Қолостықт. хат 2:13
Алдамшы құмарлықтарымен өмірлеріңді құртып келген ескі күнәкар болмыстарың мен бұған дейінгі өмір салттарыңды енді тастаңдар! Рухтарың мен ақыл-ойларың түгелдей жаңарсын; осылай Құдайға рухани жағынан ұқсас жаратылған жаңа, шынымен әділ де қасиетті адам болып өмір сүріңдер!
Ефестікт. хат 4:22–24
Сол сәтте киелі үйдегі шымылдық кенеттен жоғарыдан төменге дейін қақ айырылып, екіге бөлінді.
Матай 27:51
Иеміз Иса ұсталып берілер түні нанды алып, шүкірлік етті де, үзіп беріп, былай деді: «Бұл — сендер үшін құрбан болмақ денем. Мені естеріңе түсіру үшін осылай істеңдер!»
Қорынттықт. 1-хат 11:23–24
Менің денем, оны адамзат шынайы өмірге ие болсын деп құрбан етемін.
Жохан 6:51
Егер көктен келген Билеушінің денесінен «жеп», қанынан «ішпесеңдер», сендерде шынайы өмір болмайды. Кімде-кім Менің денемнен «жеп», қанымнан «ішсе», ол мәңгілік өмірге ие болады ... Денемнен «жеп», қанымнан «ішкен» әркім Менімен тығыз байланыста тұрады, Мен де онымен сондай байланыста тұрамын. Мәңгі тірі Әкем Мені жіберді және Мен Ол арқылы өмір сүремін; сол сияқты денемнен «нәр алған» кісі де Мен арқылы шынайы өмір сүреді. ... Бұл сендердің шымбайларыңа батып тұр ма? Ал Билеуші ретінде көктен келген Менің бұрын болған сол жеріме көтерілгенімді көрген кездеріңде не айтпақсыңдар? Шынайы өмір Беруші — Киелі Рух, ал тән бұған еш жарамайды.
Жохан 6:53–54, 56–57, 61–63
Өйткені Құдай алдына баруымызға бөгет болған «шымылдықты» Иса өз денесін құрбан етуімен қақ айырып, біз үшін мәңгілік өмірге жаңа жол ашты. Сондықтан да адал жүрекпен.
Еврейлерге хат 10:20, 22
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 20 шіл.
2009 ж. 19 шіл.
2009 ж. 18 шіл.
2009 ж. 17 шіл.
2009 ж. 16 шіл.
2009 ж. 15 шіл.
2009 ж. 14 шіл.
Мәсіхтің өлімі
Исаның өлімі қалай сенушілерге аспанды ашып, Құдайға және Киелі Рухтың жетекшілігіне тікелей қол жеткізуге…

Мейірім
Рут кітабы Құдайдың мұқтаждарға жететін мейірімін көрсетеді және Мәсіх пен Оның халқы арасындағы дамып келе…

Мәсіхшілік өмір
Рождество әндері арқылы Рождествоның шынайы мағынасын ашыңыз, Иса Мәсіх арқылы Құдаймен татуласудан келетін…

Дін қызметі
Мәсіхтің біздің ұлы Бас діни қызметшіміз екенін біліңіз, Ол кемел құрбандық жасады және біздің күрестерімізге…
Рақым
Математикалық, ғылыми және тарихи ақиқаттардың неліктен тар екенін және Құдайдың ақиқатының да құтқарылуға…

Құтқарылу
Батып бара жатқан кеме сияқты, сіз күнә үшін сотқа тап боласыз. Құдай Иса Мәсіх арқылы мәңгілік өмірдің…