2009 ж. 28 шіл.
Күнделікті нұр
Уа, Жаратқан Ие, Сен көкті жарып, жерге зымырап түссең екен.
Ишая 64:1
Уа, сүйіктім, маған жүгіріп келсең екен, Жұпар иісі аңқыған шөптер мол өскен Тауларда елік, жас бұғыдай секірсең!
Таңдаулы ән 8:14
Құдай бізді рухани баласы ретінде Өзіне алатын, осылай тәнімізді өткіншіліктен азат ететін күнді сағына күтудеміз.
Римдіктерге хат 8:23
Көкті қақ жарып, уа, Ием, төменге түсші, Түтін шықсын деп тауларға қол тигізші.
Забур жырлары 143:5
Жаңа қастарыңнан көкке көтеріліп, Құдай қабылдаған Иса көз алдарыңнан көкке қалай кетсе, тура солай қайтып келеді, — деді.
Елшіл. істері 1:11
Ол дүниеге қайта оралған кезде тағы да күнәнің құнын өтеу үшін емес, Өзін аңсап күтіп жүргендерді түгелдей құтқару үшін келеді.
Еврейлерге хат 9:28
Сол кезде адамдар былай дейтін болады: «Біліп алыңдар, Бұл — біздің Құдайымыз, Аңсап Оны Оған сенім артамыз, Ол — жаудың қолынан Құтқарушымыз, Біздің Иеміз һәм Жаратушымыз, Оны аңсап Оған сенім артамыз. Енді бәріміз қатты қуанамыз, Бізді құтқарғанына шаттанамыз!»
Ишая 25:9
Осының бәрін Растаушы былай дейді: — Бұл шындық, Мен жуырда келемін! Аумин! — Иеміз Иса, келе гөр!
Аян 22:20
Себебі біз керемет үмітіміздің іске асуын күтудеміз: ұлы Құдайымыз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіх зор салтанатпен көрінетін болады.
Титке хат 2:13
Алайда біздің отанымыз көкте.
Філіпілікт. хат 3:20
Өзіңді қастерлейтіндермен бірге үлес бердің.
Забур жырлары 60:6
Ал бұдан былай қандай қару-жарақ саған қарсы жасалса да, сені құрта алмайтын болады. Өзіңді айыптағандардың сөздерін әшкерелеп, жоққа шығарасың. Жаратқан Иенің қызметшілері осы игіліктерді иеленетін болады. Оларды Өзім ақтап аламын», — деп нық айтады Жаратқан Ие.
Ишая 54:17
Иені қастерлейтіндерді қоршап тұрады Оның періштесі, ол соларды құтқарады. Жаратқанның ізгілігіне көз жеткізіңдер, Қандай бақытты Оған сенімін жүктегендер! Қастерлеңдер Иені, Оның қасиеттілері! Жоқшылық қинамайды Оны қастерлейтіндерді. Арыстандар азыққа зәру жүре алады, Ал Иеге сенгендер бар игілікке тояды.
Забур жырлары 33:8–11
Тамаша — маған тиген үлесім, Қатты ұнайды ғажайып мұрам.
Забур жырлары 15:6
Бірақ Менің есімімді терең қастерлейтін сендерге ақталу сыйлайтын күн шығады, оның сәулесінің аясында жандарың сауығады. Сонда сендер қорадан шығып, секіріп ойнайтын торпақтардай азат жүресіңдер.
Малахи 4:2
Ол Өзінің жалғыз рухани Ұлын аямай, Оны біз үшін өлімге қиды. Ендеше Онымен бірге бізге қажеттінің бәрін қалайша сыйламайды?
Римдіктерге хат 8:32
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 28 шіл.
2009 ж. 27 шіл.
2009 ж. 26 шіл.
2009 ж. 25 шіл.
2009 ж. 24 шіл.
2009 ж. 23 шіл.
2009 ж. 22 шіл.

Құтқарылу
Бұл мақала құтқарылу, таңдау, қасиеттену және сенушінің Мәсіхтегі өмірін қоса алғанда, христиандықтың іргелі…
Жұмақ
Киелі кітаптың тозақ, оның табиғаты және оның жұмақпен қалай қарама-қайшы келетіні туралы не айтатынын…
Неке
Сенушілер үшін кемел некеге деген үміт біздің Мәсіхпен рухани одағымызда, бізді сөзсіз сүйетін аспандағы…
Емдеу
Исаның ғажайып емдеулері мен қазіргі заманғы Құдайлық емдеу туралы мәлімдемелер арасындағы айырмашылықтарды…
Рухани өсу
Петірдің соңғы хаты сенушілерге Құдайдың хабарымен ойларын жаңартуға, Оның Сөзіне мойынсұнуға және Оның…
Рухани соғыс
Аян 12:11-ді және Қозының қаны шайтанның айыптауларын қалай жеңетінін түсініңіз. Мәсіхтің құрбандығы сиқырлы…