2009 ж. 27 шіл.
Күнделікті нұр
Мәсіхтің бізді сүйіп, біз үшін Өзін құрбан еткеніндей, сендер де бір-біріңді сүйіп өмір сүріңдер!
Ефестікт. хат 5:2
Сендерге бір жаңа өсиет айтамын: біріңді-бірің жақсы көріңдер! Мен өздеріңді сүйгендей, сендер де бір-біріңді сүйіңдер!
Жохан 13:34
Ең бастысы, бір-біріңді шынайы сүйіңдер, сондай сүйіспеншілік адамдардың көптеген күнәларын кешіреді.
Петірдің 1-хаты 4:8
Сүйіспеншілік бар күнәні жабар.
Нақыл сөздер 10:12
Ал сиынып тұрған кездеріңде біреуге өкпелерің болса, оны кешіріңдер! Сонда көктегі Әкелерің сендердің де күнәларыңды кешіреді.
Марқа 11:25
Бірақ сендер жауларыңды да жақсы көріңдер! Жақсылық істеп, жарлыларға ештеңе дәметпестен қарыз беріңдер!
Лұқа 6:35
Жығылса жауың соған қуанба, Сүрінсе мәз болып табалама!
Нақыл сөздер 24:17
Жамандыққа жамандықпен, қорлыққа қорлықпен емес, ақ батамен жауап беріңдер. Себебі Құдай сендерді шақырғанда Өзінің ақ батасына ие болсын деп мақсат еткен еді.
Петірдің 1-хаты 3:9
Қолдарыңнан келгенше, барлық адамдармен тату болыңдар.
Римдіктерге хат 12:18
Бір-біріңе мейірімді де жанашыр болыңдар; Мәсіхтің арқасында өздеріңді Құдай кешіргендей, сендер де өзара кешірімді болыңдар!
Ефестікт. хат 4:32
Балаларым менің, сөз жүзінде емес, іс жүзінде шынайы сүйіспеншілік білдірейік!
Жоханның 1-хаты 3:18
Барлық жағдайда өтініштеріңді Құдайға сиынып тілекпен және шүкірлікпен білдіріңдер!
Філіпілікт. хат 4:6
Сенің қолыңнан бәрі де келеді. (Қаһарыңа толы) осы «тостағанды» Маған жолатпай алып кете гөр. Бірақ Менің емес, Сенің еркің болсын! — деп мінажат етті.
Марқа 14:36
Тәніме «шаншылып түйрелу азабы» бұйырылды ... Мен бұл азапты өзімнен аластатуын өтініп, үш рет Иемізге сиындым. Бірақ Ол маған былай деді: «Менің рақымым саған жетер: күшсіз жағдайыңда Менің құдіретім толықтай іске аса алады». Сондықтан Мәсіхтің құдіретінің бойымда орнығуы үшін, күшсіздігіме қуана мақтанамын.
Қорынттықт. 2-хат 12:7–9
Оның алдында тілегімді ақтардым, Қасіретімді Оған түгел аштым.
Забур жырлары 141:2
Бірде отбасы Шилода құрбандық шалып, ішіп-жеп болған соң, Ханна орнынан тұрып, Жаратқан Иенің киелі үйінің қасына барды ... Сонда Ханна жылап, жүрегіндегі шерін Жаратқан Иеге ақтарып сиынды. «Уа, Әлемнің Иесі! Осы күңіңнің қайғы-қасіретіне назар аударып, есіңде ұстай гөр ... соны өмір бойы Саған бағыштар едім, уа, Жаратқан Ие. Оның басына ешқашан ұстараның жүзі тимес еді ... оған Самуил (яғни Құдай құлақ асты») деген ат қойды.
Патшалықтар 1-ж. 1:9–11, 20
Тәңір Иеден не тілейтінімізді дұрыстап білмесек те.
Римдіктерге хат 8:26
Үлесімізге таңдады Ол біз үшін Өзі сүйген Жақыптың мақтаулы елін.
Забур жырлары 46:5
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 27 шіл.
2009 ж. 26 шіл.
2009 ж. 25 шіл.
2009 ж. 24 шіл.
2009 ж. 23 шіл.
2009 ж. 22 шіл.
2009 ж. 21 шіл.

Құдайдың қасиеттері
Киелі Рухтың сенушілерді өздерінің құдайлық табиғатын өмірде көрсетуге, күнәға қарсы тұруға және Мәсіхке…

Мәсіхшілік өмір
Рождество әндері арқылы Рождествоның шынайы мағынасын ашыңыз, Иса Мәсіх арқылы Құдаймен татуласудан келетін…
Махаббат
Бір-бірінің ауыртпалықтарын көтеру, сүйіспеншілік пен мейірімділік әрекеті арқылы Мәсіхтің заңын орындау…

Құтқарылу
Бұл мақала құтқарылу, таңдау, қасиеттену және сенушінің Мәсіхтегі өмірін қоса алғанда, христиандықтың іргелі…
Қайғы
Өмірдегі қиыншылықтарды Құдайға жүгіну, қолдау іздеу және Оның жоспарына сену арқылы қалай жеңуге болатынын…
Құлшылық
Құлшылық – Құдайдың табиғаты мен әрекеттерін жүректен мойындау, ауызша мадақ немесе сөзсіз істер арқылы…