2009 ж. 9 там.
Күнделікті нұр
Сенен оларды осы дүниеден әкете гөр деп емес, әзәзіл шайтаннан қорғай гөр деп сұрап тұрмын.
Жохан 17:15
Осылай қазіргі азғын да алдамшы ұрпақтың арасында еш кінәсіз таза, Құдайдың мінсіз рухани балалары болыңдар: қараңғы дүниеде жарық жұлдыздай жарқырап.
Філіпілікт. хат 2:15
Сендер жер бетінде тұз сияқтысыңдар. ... Сендер дүниеге (Құдай жолын көрсететін) «нұрсыңдар».
Матай 5:13–14
Сол сияқты, сендердегі «нұр» адамдарға сәулесін төксін. Осылайша олар игі істеріңді көріп, көктегі Әкелеріңді мадақтап дәріптесін.
Матай 5:16
Сол себептен де сені Маған қарсы күнә жасаудан сақтап.
Жаратылыстың баст. 20:6
Ал Жаратқан Ие сенімді, Ол сендерге күш-жігер беріп, әзәзілдің әрекетінен сақтайды.
Салониқал. 2-хат 3:3
Бірақ мен Құдайды терең қастерлейтіндіктен бұндай іс-әрекетпен шұғылданбадым.
Нехемия 5:15
Иса Мәсіх бізді қазіргі зұлым дүниенің құлдығынан құтқару үшін Құдай Әкеміздің еркі бойынша күнәларымыздың құнын өтеп жанын құрбан етті.
Ғалаттықт. хат 1:4
Сендерді адасып кетуден сақтап, Өзінің нұрлы салтанаты көрінген күні қуанышпен, мүлтіксіз таза күйлеріңде өз алдына тұрғызуға бірден-бір Құдайымыздың құдіреті жетеді. Ол бізді Иеміз Иса Мәсіх арқылы құтқарған еді ғой. Даңқ пен ұлылық, құдірет пен билік күллі өткен дәуірлерде болғандай, қазір де, мәңгілік те Онікі! Аумин.
Яһуданың хаты 1:24–25
Жаратқанға сенуші қауіпсіз болар.
Нақыл сөздер 29:25
Жаратқан Иенің мәртебесі қандай жоғары!
Ишая 33:5
Жаратқан бар ұлттардан да жоғары, Оның салтанаты аспаннан да жоғары. Құдай тозаңнан кедейді жоғарылатар, Күл-қоқыстан мұқтажды көтеріп алар. Оларды әміршілермен бірге отырғызар.
Забур жырлары 112:4, 7–8
Алайда рақымы мол Құдай бізге зор сүйіспеншілігін көрсетті: Оның айтқанына көнбей, рухани өлі болған бізді Құдай Мәсіхпен бірге тірілтіп алды. Осылайша тек Оның рақымымен ғана құтқарылдыңдар. Құдай Мәсіх Исамен тығыз байланыстағы бізді Онымен бірге тірілтіп, көкте Оның жанына отырғызды.
Ефестікт. хат 2:4–6
Ол Өзінің жалғыз рухани Ұлын аямай, Оны біз үшін өлімге қиды. Ендеше Онымен бірге бізге қажеттінің бәрін қалайша сыйламайды? Мен мынаған нық сенемін: өлім де, өмір де, періштелер де, жын-перілер де, бүгінгі күн де, болашақ та, табиғаттан тыс күштер де бізді Құдайдың сүйіспеншілігінен айыра алмайды! Рас, не үстіміздегі, не астымыздағы ешқандай күш те, тіпті жаратылыстың басқа ешбір нәрсесі де бізді Құдайдың Иеміз Иса Мәсіх арқылы көрсетіп жүрген сүйіспеншілігінен айыра алмайды!
Римдіктерге хат 8:32, 38–39
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 9 там.
2009 ж. 8 там.
2009 ж. 7 там.
2009 ж. 6 там.
2009 ж. 5 там.
2009 ж. 4 там.
2009 ж. 3 там.

Рухани өсу
Лоттың рухани сәтсіздігіне әкелген бес қадамды, қате көзқарастан бастап түпкілікті жойылуға дейін зерттеңіз…
Қайғы
Өмірдегі қиыншылықтарды Құдайға жүгіну, қолдау іздеу және Оның жоспарына сену арқылы қалай жеңуге болатынын…
Дұға
Чарльз Сперджен Киелі кітапты оқу мен дұғаны тыныс алумен салыстырды, екеуі де Құдаймен берік қарым-қатынас…

Рухани соғыс
Құдайдың дауысын шайтанның өтіріктерінен Киелі кітаптың шындығымен салыстыру арқылы қалай ажырату керектігін…

Иса Мәсіх
Ишая 33:17-ден шабыт алған бұл діни өлең Даңқ Патшасы Мәсіхтің сұлулығы мен ұлылығын және Оның шіркеуге деген…
Мәсіхтің өлімі
Исаның өлімі қалай сенушілерге аспанды ашып, Құдайға және Киелі Рухтың жетекшілігіне тікелей қол жеткізуге…