2010 ж. 27 қаң.
Күнделікті нұр
Берік тұрсын бекінген қалаларың, Көрер күндеріңе сай молайсын қуатың!
Заңды қайталау 33:25
Адамдар сендерді сотқа апарып, ұстап бергенде, не айтатындарыңды ойлап уайымдамаңдар! Сол сәтте ауыздарыңа салынған сөздерді айтыңдар! Осылай өздерің емес, сендер арқылы Киелі Рух сөйлейтін болады.
Марқа 13:11
Сонымен, ертеңгі күн туралы уайымға салынбаңдар! Ертеңгі күннің өз уайымдары болады. Әр күннің қиыншылығы өзіне жетерлік.
Матай 6:34
Исраилдің Құдайы халқын нығайтады. Лайым Құдай мадақтала берсін!
Забур жырлары 67:36
Қалжырағанға Ол қуат сыйлайды, Қажып, шаршағанға күш табыстайды.
Ишая 40:29
Менің рақымым саған жетер: күшсіз жағдайыңда Менің құдіретім толықтай іске аса алады. Сондықтан Мәсіхтің құдіретінің бойымда орнығуы үшін, күшсіздігіме қуана мақтанамын. Сонымен, басымнан әлсіздік, қорлық, мұқтаждық, қуғын-сүргін, қысымшылық өткізгенде Мәсіхке бола ризамын. Себебі өзім күшсіз болғанымда Ол арқылы күштімін.
Қорынттықт. 2-хат 12:9–10
Себебі маған күш-қуат беретін Мәсіхпен бірге болсам, бәріне де төзе аламын.
Філіпілікт. хат 4:13
Алға басып, қабылдайық күш-қуатты!
Билер 5:21
Көтерілші, самал желім, солтүстіктен ... жылы желім, оңтүстіктен, Өзімнің бақшама соғып келсеңші, Жұпарларын оның тарата берсеңші!
Таңдаулы ән 4:16
Кезінде әрбір жаза қуаныш емес, реніш туғызады. Ал соны басынан өткізіп тәрбиеленгенге ол кейінірек әділдік пен тыныштықтың игілікті жемісін береді.
Еврейлерге хат 12:11
Ал Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті «жеміс» мынадай.
Ғалаттықт. хат 5:22
Ол шығыстан соққан аптап жел сияқты оларды «қатты дауылмен» елінен айдап шығады.
Ишая 27:8
Әкенің сәбиіне жаны ашығаны іспетті, Жаратқан Иеміз де Өзін қастерлегендерге Дәл сондай мейірім мен жанашырлық көрсетеді.
Забур жырлары 102:13
Тәніміз тозып әлсірегенмен, жан дүниеміз күн сайын жаңара түсуде. Уақытша көретін жеңіл азаптарымыз бізді өздерінен әлдеқайда зор, тіпті шексіз де мәңгілік ұлылыққа жеткізеді! Сонымен көзге көрінетін емес, көрінбейтін нәрселерге назар тігеміз.
Қорынттықт. 2-хат 4:16–18
Құдайдың рухани Ұлы бола тұра, Мәсіх ауыр азаптар шеккен кезінде де Әкесіне мойынсұнуға үйренді.
Еврейлерге хат 5:8
Өзіміз сияқты әр түрлі сынақтан өтіп көрді, бірақ ешқашан күнә жасаған жоқ.
Еврейлерге хат 4:15
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 27 қаң.
2010 ж. 26 қаң.
2010 ж. 25 қаң.
2010 ж. 24 қаң.
2010 ж. 23 қаң.
2010 ж. 22 қаң.
2010 ж. 21 қаң.

Иса Мәсіх
«Кемелдендіру» сөзінің Еврейлерге хатында 12 рет қалай кездесетінін зерттеңіз, бұл Құдайдың Мәсіхтің діни…

Иса Мәсіх
Иса Мәсіхтің Құдайдың мәңгілік Ұлы, Әкемен тең және ғаламның Жаратушысы ретіндегі толық құдайлығына қатысты…

Құдайдың адам болып келуі
Иса Мәсіхті Құдай мен адамдар арасындағы жалғыз Аралықшы ретінде тойлайтын Рождестволық өлең, Ол бізді Өз…

Мәңгілік қауіпсіздік
Иса Мәсіхке сенушілер үшін мәңгілік қауіпсіздіктің киелі жазбалық кепілдігін ашыңыз. Құтқарылуды алғаннан…
Мейірім
Ескі Өсиетте Құдай бір ұлтты, Исраилді таңдап, олармен ерекше қарым-қатынаста болды. Бірақ, Жаңа Өсиеттегі…

Сенім
Киелі кітап бізге біз сияқты адамдар туралы көптеген әңгімелер береді. Отниэл Халебтің інісі Кеназдың ұлы…