2010 ж. 28 қаң.
Күнделікті нұр
Ажар өзіне тіл қатқан Жаратқан Иені «Маған көз қырын салатын Құдайсың» деп атады.
Жаратылыстың баст. 16:13
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.) Уа, Жаратқан Ие, мені сынап тексердің, Сен мені толығынан танып білесің: Отырғаным, тұрғаным да Саған аян, Ойларымды біліп, ұғасың алыстан. Жүрейін не демалайын, көз алдыңдамын, Жолдарымның барлығы да Саған айқын. Сөз шықпай тұрып-ақ менің аузымнан Оны толық білесің, уа, Жаратқан! Біліміңді ұға алмаймын ешқашан, Ол қол жеткізбес биік те ғажап маған!
Забур жырлары 138:1–4, 6
Жаратушының көз алдында бәрі аян, Бар жақсы мен жамандар айқын Оған.
Нақыл сөздер 15:3
Адамның күллі ісі Жаратқанның көз алдында, Ол баға береді пенденің бар жолына.
Нақыл сөздер 5:21
Бірақ Құдай жүректеріңде не бар екенін жақсы біледі. Адамдар бұларыңды жоғары бағалағанмен, Құдай алдында ол — жексұрындық.
Лұқа 16:15
Себебі Жаратқан Ие Өзіне шын жүректен бағышталып, адал болып жүргендерді күш-қуат беріп қолдау үшін, бүкіл жер жүзін назарында ұстап отырады.
Шежірелер 2-ж. 16:9
Иса оларға сене қоймады. Ол адам баласының көңіліндегісін толық білгендіктен, біреудің Өзіне ол туралы мәлімет беруін қажет етпеді.
Жохан 2:24–25
Сіз бәрін де білесіз, Сізді жақсы көретінімді де білесіз.
Жохан 21:17
Уа, Құдай Ием, Өзіңді шын жүректен мақтаймын, Әрі Сенің есіміңді мәңгі бақи даңқтаймын.
Забур жырлары 85:12
Мені мақтайтын жан құрмет көрсетеді Маған.
Забур жырлары 49:23
Қандай ғанибет — Жаратқан Иені мақтау, Уа, Хақ Тағала, есіміңе ән-жыр арнау, Таң ата жариялап рақымыңды, Кешке де Өзіңнің адалдығыңды.
Забур жырлары 91:2–3
Жаны барлар түгелдей мадақтасын Иемізді! Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені!
Забур жырлары 150:6
Сонымен, бауырластарым, бізге осындай мол мейірімін төккені үшін өздеріңді Құдай жолына арнауға шақырамын. Өмірлерің Құдайға ұнамды, толықтай бағышталған, тірі құрбандықтай болсын: Оған лайықты рухани қызмет көрсетулерің осы болады.
Римдіктерге хат 12:1
Адамдарды Өзінің қаны арқылы Құдайға бағыштап қасиетті ету үшін қала қақпасының сыртында азапталып, құрбан болды. Сонымен Мәсіх арқылы Құдайды үнемі мадақтап сый-тартуымызды ұсынайық: Оның «Жаратқан Ие» деген атағын ауызбен де мойындап, дәріптеуіміз біздің Тәңір Иеге арнаған құрбандығымыз болады.
Еврейлерге хат 13:12, 15
Иеміз Иса Мәсіхтің атымен Құдай Әкеге қай нәрсе үшін де ұдайы шүкірлік етіңдер!
Ефестікт. хат 5:20
Құрбандыққа шалынған Тоқты Билік пен байлықты, Даналық пен құдіретті, Құрмет, ұлылық пен дәріпті Қабылдауға әбден лайықты!
Аян 5:12
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 28 қаң.
2010 ж. 27 қаң.
2010 ж. 26 қаң.
2010 ж. 25 қаң.
2010 ж. 24 қаң.
2010 ж. 23 қаң.
2010 ж. 22 қаң.

Сенушілердің діни қызметі
Мәсіхшілердің үш құрбандығын ашыңыз: мадақтау, басқаларға қызмет ету және денеңізді тірі құрбандық ретінде…

Алғыс айту
Забур 136 Құдайдың мәңгілік мейірімін қайта-қайта жариялайды. Неліктен біз жиі алғыс айтуды ұмытатынымызды…
Мейірім
Ескі Өсиетте Құдай бір ұлтты, Исраилді таңдап, олармен ерекше қарым-қатынаста болды. Бірақ, Жаңа Өсиеттегі…

Сенім
Киелі кітап бізге біз сияқты адамдар туралы көптеген әңгімелер береді. Отниэл Халебтің інісі Кеназдың ұлы…

Жаратылыш
Құдай аспан мен жерді жаратты, және Құдай: «Сулардың ортасында кеңістік болсын» деді (1:20-тармақ) Құдай…

Құтқарылу
Ол әрқашан мейірімді болғанын және ешкімге қасақана зиян келтірмегенін айтады. Ол жұмаққа бару мүмкіндігі өте…