2010 ж. 8 ақп.
Күнделікті нұр
Енді ол мұнда жұбаныш тапса, сен онда қиналып жатырсың.
Лұқа 16:25
Сенде күн мен ай батып, қараңғылық жайламайды, себебі Мен, Жаратқан Ие, саған мәңгі бақи нұр боламын. Қайғырған кезеңің осымен аяқталады.
Ишая 60:20
Ол өлімді біржола жоқ қылады. Жаратушы Тәңір Ие барлық бет-жүздердің көз жастарын сүртіп жұбатып, өз халқының көрген масқарасын бүкіл жер бетінен алып тастайды.
Ишая 25:8
Ол маған былай деп түсіндірді: — Бұлар — зор қудалану кезеңінен өткендер. Олар шапандарын Тоқтының төгілген қанымен «жуып» аппақ қылды. Сондықтан олар Құдайдың тағының алдында тұрып, Оған күні-түні киелі үйінде қызмет етеді. Тақта отырған Құдай олардың арасында бірге тұрып, баспана болады. Енді ешқашан да соларды аштық пен шөл азабы қинамайды, күннің аптабы да күйдірмейді. Себебі тақтың ортасындағы Тоқты олардың Бағушысы болып, «тірі судың» бұлақтарына жетелейді.
Аян 7:14–17
Ол барлық көз жастарын сүртіп тастап жұбатады. Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды. Себебі бұрынғы әлем құрып, жоқ болды.
Аян 21:4
Қараңғы түскен соң, ешкім еш нәрсе істей алмайды.
Жохан 9:4
Бұдан былай Жаратқан Иемен тығыз байланыста болып қайтыс болғандар бақытты! ... олар өздерінің ауыр еңбегінен кейінгі демалыстың рақатын көрмек. Істеген игі істерінің жемісі олардан айырылмайды.
Аян 14:13
Себебі о дүниеде зұлымдар қоқан-лоқы жасауларын доғарған, әрі шаршап-шалдыққандар тыным тапқан.
Әйүп 3:17
Самуил Саулға: — Сен неге мазамды алып, мені шақыртып тұрсың?
Патшалықтар 1-ж. 28:15
Қандай істі қолға алсаң да, соны жан сала істе! Себебі о дүниеге аттанған соң, онда не жұмыс істеу, не ойлап жоспарлау, не білім мен ғылым деген атымен жоқ екен.
Уағыздаушы 9:10
Өлілер Жаратқанды дәріптемес, Қабірде жатқандар үндемес.
Забур жырлары 113:25
Менің қаным төгіліп құрбан болып, бұ дүниеден аттанатын кезім таяп қалды. Мен «ізгі күреске» қатысып болдым, «жарыста жүгіріп, мәреге жеттім», сенімімді сақтап қалдым. Енді мені «жеңімпаздың жүлдесі» — «әділдіктің тәжі» күтіп тұр, оны маған сол күні әділ Төреші — Иеміз бермек. Ол тек маған ғана емес, Оның қайта оралып, анық көрінуін сүйіспеншілікпен күткендердің бәріне де сол «жүлдені» сыйлайды.
Тімотеге 2-хат 4:6–8
Мұның бәрі осылай болғандықтан, Құдайдың Өзі жетінші күні демалып тыныққаны сияқты, Оның халқы үшін де шынайы тыныштыққа жету мүмкіндігі әлі де бар. Құдайдың жарату жұмысын тамамдаған соң тынығып демалғанындай, Оның дайындап қойған шынайы тыныштығына ие болған әркім де өз бетімен еңбектенуін доғарып, тынығады.
Еврейлерге хат 4:9–10
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 8 ақп.
2010 ж. 7 ақп.
2010 ж. 6 ақп.
2010 ж. 5 ақп.
2010 ж. 4 ақп.
2010 ж. 3 ақп.
2010 ж. 2 ақп.

Дұға
1 Шежіре 4:9-10-дағы Жабестің күшті дұғасын ашыңыз. Бұл қайғылы адамның Құдайға айтқан төрт қарапайым өтініші…
Басқарушылық
Лидия Ізгі хабардың хабарына сенді, өйткені Иеміз оның жүрегін ашты (Елшілер 16:14). Содан кейін ол және оның…
Құтқарылу
Киелі жазбалардағы сандардың Құдайлық мағынасын зерттеңіз, Құдайды бейнелейтін бірліктен бастап, Мәсіхтің…

Жаратылыш
Құдай аспан мен жерді жаратты, және Құдай: «Сулардың ортасында кеңістік болсын» деді (1:20-тармақ) Құдай…

Иса Мәсіх
Ібіліс өзінің бұл зұлым амбициясынан бас тартқан да, өкінбеген де. Ол Құдайға қарамастан адамзат арасында…

Құтқарылу
Ол әрқашан мейірімді болғанын және ешкімге қасақана зиян келтірмегенін айтады. Ол жұмаққа бару мүмкіндігі өте…