2010 ж. 2 ақп.
Күнделікті нұр
Дегенмен енді нығайып батыл бол ... Мен сендермен бірге жүріп жар боламын! — Әлемнің Иесі осы уәдені береді.
Хаққай 2:4
Мен «бұтамын», ал сендер «сабақтарымсыңдар». Менімен тығыз байланыстағылармен Өзім де тығыз байланыста тұрамын, сонда олар мол өнім бермек. Ал Менен бөлініп сендер ешбір игілік істей алмайсыңдар.
Жохан 15:5
Себебі маған күш-қуат беретін Мәсіхпен бірге болсам, бәріне де төзе аламын.
Філіпілікт. хат 4:13
Иемізбен тығыз байланыста жүріп, Оның құдіретінен қуат алып, нығая беріңдер!
Ефестікт. хат 6:10
Паналарың болады! — деп қосты.
Нехемия 8:10
Әлемнің Иесі Жаратқан Ие мынаны да айтады: «Басталған істі бітіру үшін қолдарыңның күшін нығайтыңдар! Осы сөздерді бүгін пайғамбарлардың аузынан естіп отырсыңдар.
Зәкәрия 8:9
Сонымен салдырап, дәрменсіз қалған аяқ-қолдарыңның буындарын бекітіп, еңселеріңді көтеріңдер! Жүрексінген адамдарыңа былай деңдер: Қорықпай, берік болыңдар! Біліп қойыңдар.
Ишая 35:3–4
Жаратқан Ие Гедеонға бұрылып: — Сен бар да, осы құдіретіңмен Исраилді мадияндықтардың қолынан құтқарып ал!
Билер 6:14
Бізге кім қарсы шыға алады?!
Римдіктерге хат 8:31
Сонымен, Құдайдың рақымымен осы қызметке ие болған біз еш мойымаймыз.
Қорынттықт. 2-хат 4:1
Жақсылық жасаудан талмайық! Себебі бұдан шаршап, бас тартпасақ, тиісті уақытта оның игілікті өнімін Құдайдан қабылдайтын боламыз.
Ғалаттықт. хат 6:9
Құдайға шүкірлік етейік! Ол бізге Иеміз Иса Мәсіх арқылы жеңісті сыйлайды.
Қорынттықт. 1-хат 15:57
Десем де, түнек жасырмайды Сенен.
Забур жырлары 138:12
Тәңір әрқашан да пенденің істеріне назар аударады. Оның басқан әрбір қадамын Ол көріп отырады. Зұлымдық істеушілер бас сауғалап құтыла алатындай қараңғылық та, қара түнек те болмайды.
Әйүп 34:21–22
Әлде адам құпия жерге тығылып, Менің көзімнен тасалана алады деп ойлайсыңдар ма? Аспан мен жердің барлық жерінде Мен бармын, солай емес пе? — деп ескертеді Иеміз.
Еремия 23:24
Түнде сен қара түнек қорқынышынан, Күндіз де қорықпайсың жау оғынан, Сескенбейсің түнгі індет-аурудан ... Сен Жаратқанға сенім артып келесің, Алла Тағаланы панаң етесің, Басыңа енді жамандық түспейді, Үйіңе ешбір апат та төнбейді.
Забур жырлары 90:5–6, 9–10
Ұйықтамайды Қорғаушың, Қорғаушың — Жаратқан Ие, Қасыңда Ол саяң болып жүреді, Күндіз күннің, түнде айдың Тимесін деп сәулелері. Жамандықтың барлығынан Жаратқан Ие сені сақтайды.
Забур жырлары 120:3, 5–7
Қап-қараңғы шатқалда жүрсем де мен, Қорықпаймын ешбір қауіп-қатерден, Себебі Өзің менің қасымдасың.
Забур жырлары 22:4
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 2 ақп.
2010 ж. 1 ақп.
2010 ж. 31 қаң.
2010 ж. 30 қаң.
2010 ж. 29 қаң.
2010 ж. 28 қаң.
2010 ж. 27 қаң.

Дұға
Құпия дұға – Иса мен ертедегі мәсіхшілер көрсеткендей, рухани күш пен қуаттың қайнар көзі.

Рухани соғыс
Христиандар ет пен қанмен емес, рухани қақтығысқа тап болады. Құдай Ібілістің айла-шарғыларына қарсы тұру…

Құдайға сүйену
«Тәуелсіздік» және «тәуелділік» әр түрлі мағыналарға ие болуы немесе бізде белгілі бір әсер қалдыруы мүмкін…

Пайғамбарлық
Самуил тек пайғамбар ғана емес, сонымен қатар соңғы би болды. Ол діни қызметкер де болды: «Самуил Иеміздің…

Рухани өсу
Жаңа сенушілер кездесетін қиындықтарды, соның ішінде ішкі күрестерді және ішіндегі екі табиғаттың ашылуын…

Сенім
Нақұм кітабы – сот кітабы. 1-тарауда біз Құдайдың кек қайтарушы Құдай ретіндегі мінезін көреміз. Ол Өз…