2010 ж. 1 ақп.
Күнделікті нұр
Құдіретті қолыңмен маған жар бола гөр.
Шежірелер 1-ж. 4:10
Неге ұйықтап жатырсыңдар? Азғырылмау үшін орындарыңнан тұрып, сиынып мінажат етіңдер! — деді.
Лұқа 22:46
Сиынып мінажат етіңдер! Рух дайын болғанмен, тән осал», — деді.
Матай 26:41
Уа, Ием, сұраймын Сенен екі-ақ нәрсе, Көзім жұмылғанша соларды аямашы: Өтірік пен жалғанды менен алшақтатшы, Кедейлік те, байлық та маған бұйырмашы, Тек бере гөр күнделікті нанымды. Себебі байып кетіп, «Жаратқан Ие кім?» Деп ешқашан Сенен бас тартып кетпейін, Жарлы болып, ұрлық жасап та жүрмейін, Сол арқылы киелі атыңа кір келтірмейін.
Нақыл сөздер 30:7–9
Жамандықтың барлығынан Жаратқан Ие сені сақтайды, Жаныңды Ол қорғап-қолдайды.
Забур жырлары 120:7
Сені Өзім зұлымдардың қолынан құтқарып, қатыгез адамдардың шеңгелінен арашалап аламын.
Еремия 15:21
Сол күнә жасай бермейді. Құдайдың рухани Ұлы оны сақтағандықтан, шайтан оған тиісе алмайды.
Жоханның 1-хаты 5:18
Сен Менің азаптарда төзімділік таныту туралы бұйрығымды орындап келгендіктен, Мен сені осы дүниенің адамдарын тексеруге арналған, бүкіл жер бетінде болатын азапты сынақ кезінде қорғаймын.
Аян 3:10
Бұл солай болғанда, Жаратқан Ие Өзіне ұнамды өмір сүретіндерді өтіп жатқан сынақтарынан құтқаруды.
Петірдің 2-хаты 2:9
Тіпті жұлдыздар сәуле мен салтанат жағынан бір-бірінен өзгеше.
Қорынттықт. 1-хат 15:41
Өйткені олар жолшыбай келе жатып: «Қайсымыздың жолымыз ең үлкен?» — деп өзара пікірлескен болатын. Иса жайғасып отырғаннан кейін, он екі елшісін қасына шақырып алып: — Кім ең бастыларың болғысы келсе, сол бәріңнен де кішік болып, бәріңе қызмет ете берсін!
Марқа 9:34–35
Себебі «Құдай тәкаппарларға қарсылық жасайды, ал кішіпейілдерге рақымын сыйлайды». Сонымен, Құдайдың құдіретті қолының астына бой ұсыныңдар; Өзі белгілеген уақыты жеткенде Ол сендерді жоғарылатпақ.
Петірдің 1-хаты 5:5–6
Иса Мәсіхтің мінез-құлқы сендердікі де болсын: Мәсіхтің құдайлық болмысы бола тұра ... Өз құдіреті мен салтанатты ұлылығынан Бас тартып, қабылдады құлдың сиқын: Ол адам секілді бұ дүниеге келді, Әрі кәдімгі адамға ұқсап көрінді. Сондықтан да Құдай Оны көкке көтерді, Оның мәртебесін бәрінен де биіктетті, Оған бар есімнен жоғары Атақты сыйлап берді: Енді естігенде Исаның Атағын Көктегі.
Філіпілікт. хат 2:5–7, 9–10
Даналар аспан кеңістігі сияқты нұрланады, көптеген адамды әділдік жолына бастап алып келген олар жұлдыздар сияқты мәңгі бақи жарқырап тұратын болады.
Даниял 12:3
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 1 ақп.
2010 ж. 31 қаң.
2010 ж. 30 қаң.
2010 ж. 29 қаң.
2010 ж. 28 қаң.
2010 ж. 27 қаң.
2010 ж. 26 қаң.

Құдайдың соты
Еремияның өмірін зерттеңіз, ол зор қарсылық пен азапқа қарамастан, Құдай Сөзімен нығайтылып, даңқты түрде…

Жұбаныш
Қазіргі қиындықтардың ортасында христиандар Құдайдың мызғымас қамқорлығынан және Оның жақын арада қайтып…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Пайғамбарлық
Самуил тек пайғамбар ғана емес, сонымен қатар соңғы би болды. Ол діни қызметкер де болды: «Самуил Иеміздің…
Мейірім
Ескі Өсиетте Құдай бір ұлтты, Исраилді таңдап, олармен ерекше қарым-қатынаста болды. Бірақ, Жаңа Өсиеттегі…

Эсхатология
Иса Мәсіхтің қайтып келуіне қатысты Інжіл пайғамбарлықтары мен уәделерін, Оның алғашқы келуінен бастап…