2010 ж. 4 нау.
Күнделікті нұр
Азаптан мені құтқаршы, уа, Тәңірім!
Ишая 38:14
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.) Назарымды Өзіңе аударамын, Уа, көкті мекендеуші Құдайым! Құлдың көзі қожайынының қолынан, Күңінің көзі ханымының қолынан Таймайтындай, біз де Иеміз Құдайдан.
Забур жырлары 122:1–2
Уа, Құдай, айқайыма құлақ сала гөр, Мінажатыма менің ден қоя гөр. Сары уайымға салынды жан дүнием, Өзіңе сиынамын жердің шетінен, Шыға алмас шыңға мені шығаршы Сен. Себебі бас сауғалар панам болып келесің, Жаудан қорғайтын берік бекінісім Өзіңсің. Уа, Құдай, мекеніңде мәңгі тұрайыншы, «Қанатыңның астынан» тыным табайыншы.
Забур жырлары 60:2–5
Ал жарлылар Өзіңнен баспана табады, Апатта мұқтаждар қасыңда қорғанады, Оларға қорғаныш боласың дауылдан.
Ишая 25:4
Мәсіхтің Өзі бізге бола азап шегіп, үлгі қалдырды, сондықтан Оның ізімен жүруіміз керек. «Ол ешқандай күнә жасаған да емес, аузынан бірде-бір өтірік шыққан да емес». Мәсіх Өзіне тіл тигізгендерге жаман сөз қайырмады, азап көрген кезде де оларды қорқытпады. Қайта, Ол ісін әділ Соттаушыға тапсырды.
Петірдің 1-хаты 2:21–23
Сенімнің ізгілікті мүддесі үшін жан сала күресіп, мәңгілік өмірді берік ұстан.
Тімотеге 1-хат 6:12
Жан-жақтан қысым-қыспақ көрдік: сырттан — шабуыл, ішімізде — үрей-қорқыныш.
Қорынттықт. 2-хат 7:5
Қорықпа, біздің жағымыздағылар оларға қарағанда әлдеқайда көп! — деп жауап берді.
Патшалықтар 4-ж. 6:16
Иемізбен тығыз байланыста жүріп, Оның құдіретінен қуат алып, нығая беріңдер!
Ефестікт. хат 6:10
Сен маған қарсы семсер, сүңгі, найзамен келесің. Ал мен саған Әлемнің Иесінің атымен, иә, өзің масқаралап отырған исраилдік әскер саптарының Құдайының атымен келе жатырмын!
Патшалықтар 1-ж. 17:45
Құдай мені күш-қуатқа бөлейді ... Ол қолдарымды дайындайды шайқасқа, Майыстырам тіпті қола садақты да.
Патшалықтар 2-ж. 22:33, 35
Біздегі бар қабілеттілік өзімізден емес, Құдайдан.
Қорынттықт. 2-хат 3:5
Иені қастерлейтіндерді қоршап тұрады Оның періштесі, ол соларды құтқарады.
Забур жырлары 33:8
Ол қыраттың бойында Елішені айналдыра жиналып тұрған жалындаған отты аттар мен күймелерді көрді.
Патшалықтар 4-ж. 6:17
Барақ, Самсон, Ефтах ... Олар Құдайға сенгендіктен патшаларды жеңіп шығып ... Олар әлсірегенде Құдайдан күш алып, ұрыс-шайқаста нығайып, жау жасақтарын қуып шықты.
Еврейлерге хат 11:32–34
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 4 нау.
2010 ж. 3 нау.
2010 ж. 2 нау.
2010 ж. 1 нау.
2010 ж. 28 ақп.
2010 ж. 27 ақп.
2010 ж. 26 ақп.
Басшылық
Хаос пен белгісіздіктің ортасында да, өміріңіз үшін Құдайдың кемел жолын ашыңыз. Оның сізді қалай…
Сенім
Біз көбінесе өз ресурстарымызды тауысқаннан кейін ғана Құдайға сенеміз. Мәсіхке толықтай тәуелді болудың…
Таудағы уағыз
Жақыптың хаты мұнда баяндалған ілімге өте жақын келеді. Табиғи адам үшін бұл уағыз өмір жолы емес, керісінше…
Кедейлік
«Мәсіхші және кедейлер» – «Рақым мен Шындық» журналының авторы. «Мәсіхші және кедейлер» журналы Судандағы…
Күнә
Дәрілік өсімдіктерді қолдану нашақорлық пен тәуелділікке айналды. Құрметті неке төсегі азғындықпен…
Қорғау
Құдай оларға жауларын жіті білуді ғана емес, сонымен қатар жаулары оларға шабуыл жасап, оларды жоя алмайтын…