2010 ж. 26 ақп.
Күнделікті нұр
Сендер де өздеріңді «күнәға жоқпыз, енді Құдайдың құрметі үшін Иса Мәсіхпен тығыз байланыста өмір сүреміз» деп есептеңдер!
Римдіктерге хат 6:11
Кімде-кім айтқан сөздеріме құлақ асып, Мені Жібергенге сенсе, сол мәңгілік өмірге ие. Ол қиямет сотына тартылмайды, керісінше, рухани өлімнен шынайы өмірге өтті.
Жохан 5:24
Адам өлгенде заңға бағынудан босайтыны сияқты, мен де Таурат заңы бойынша өлімге кесіліп, сол заңды орындаудан босатылдым. Ондағы мақсат — менің Құдай үшін өмір сүруім. Мен рухани жағынан Мәсіхпен бірге айқышқа шегеленіп өлдім, сондықтан өзім бұдан былай өмір сүріп жатқаным жоқ, қайта, бойымда Мәсіх өмір сүруде. Ендігі тәндік өмірім — Құдайдың рухани Ұлына деген сенімімнің арқасындағы өмір. Ол мені сүйгендіктен, Өзін мен үшін құрбан етті!
Ғалаттықт. хат 2:19–20
Сондықтан сендер де мәңгілік өмірге ие боласыңдар.
Жохан 14:19
Соларға мәңгілік өмір беремін. Олар ешқашан жойылмайды, ешкім оларды Менің қолымнан тартып та алмайды. Оларды Маған берген Әкем бәрінен де ұлы. Ешкім соларды Әкемнің қолынан да тартып ала алмайды. Әкем Екеуіміз біртұтаспыз.
Жохан 10:28–30
Сонымен, Мәсіх өлімнен қайта тірілгенде сендер Онымен бірге рухани тірілдіңдер. Сондықтан көкке лайықты қасиеттерді иемденуге ұмтылыңдар! Өйткені Мәсіх көкте, Құдайдың оң жағында отыр. Себебі сендер рухани өлдіңдер, енді өлген кісідей бұрынғы күнәлі іс-әрекеттеріңе жоқсыңдар. Ал Мәсіхпен бірлесіп сүрген жаңа өмірлерің ел көзінен таса, Құдайдың алдында.
Қолостықт. хат 3:1, 3
Құдайдан сұраңдар ... Тәңір Иеміз еш жазғырмай-ақ бәріне жомарттықпен бере салады.
Жақыптың хаты 1:5
Саған ешкім үкім шығарған жоқ па? — деп сұрады. Ол: — Ешқайсысы да, Мырза, — деп жауап берді. Ал Иса: — Мен де саған үкім шығармаймын. Бара бер, бұдан былай күнә жасаушы болма! — деді.
Жохан 8:10–11
Ал Құдайдың рақымы және Оның бір Кісінің, яғни Иса Мәсіхтің рақымы арқылы берген сыйы одан қаншама зор! Осы сый көптеген адамдарға молынан тиді. ... ал адамзат жасаған көп күнәлардан кейін Ол «ақталдың» деген тегін сыйын берді!
Римдіктерге хат 5:15–16
Алайда рақымы мол Құдай бізге зор сүйіспеншілігін көрсетті: Оның айтқанына көнбей, рухани өлі болған бізді Құдай Мәсіхпен бірге тірілтіп алды. Осылайша тек Оның рақымымен ғана құтқарылдыңдар. Құдай Мәсіх Исамен тығыз байланыстағы бізді Онымен бірге тірілтіп, көкте Оның жанына отырғызды. Осылайша Ол бізге Мәсіх Исаның арқасында мейіріммен қарап, болашақ дәуірлерде Өзінің ағыл-тегіл мол рақымын көрсетпек.
Ефестікт. хат 2:4–7
Ол Өзінің жалғыз рухани Ұлын аямай, Оны біз үшін өлімге қиды. Ендеше Онымен бірге бізге қажеттінің бәрін қалайша сыйламайды?
Римдіктерге хат 8:32
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 26 ақп.
2010 ж. 25 ақп.
2010 ж. 24 ақп.
2010 ж. 23 ақп.
2010 ж. 22 ақп.
2010 ж. 21 ақп.
2010 ж. 20 ақп.

Өлім
Стив Фоссеттің қайғылы қазасы әркімнің мәңгілікпен бетпе-бет келетінін еске салады. Сіз дайынсыз ба? Иса…

Мәңгілік қауіпсіздік
Иса Мәсіхке сенушілер үшін мәңгілік қауіпсіздіктің киелі жазбалық кепілдігін ашыңыз. Құтқарылуды алғаннан…

Киелілік
Құдайдың қаһары Қасиетті әрекет Бұл – «Мейірім мен Ақиқат» журналы Құдайдың қаһары Мұнда қасиетті әрекет…

Рухани өсу
Жаңа сенушілер кездесетін қиындықтарды, соның ішінде ішкі күрестерді және ішіндегі екі табиғаттың ашылуын…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Эсхатология
Иса Мәсіхтің қайтып келуіне қатысты Інжіл пайғамбарлықтары мен уәделерін, Оның алғашқы келуінен бастап…