2010 ж. 25 ақп.
Күнделікті нұр
Жүрген жолдарымызды байқап сынайық, Жаратқан Иеге қайтадан оралайық!
Жоқтау 3:40
Тексер мені, уа, Жаратқан, байқап көр, Жүрегім мен ой-санамды сынап көр.
Забур жырлары 25:2
Сен жүректің таза болуын қалайсың, Жан дүниеме даналық та құясың.
Забур жырлары 50:8
Жүрген жолдарыма түңіле толғандым, Ережелеріңмен жүруге бел будым. Мен өсиеттеріңді тез орындап, Кешеуілдеткен жоқпын жалтақтап.
Забур жырлары 118:59–60
Әркім нанды жеп, тостағаннан ішпес бұрын өзін сынасын.
Қорынттықт. 1-хат 11:28
Егер де күнәларымызды мойындасақ, Құдай сенімді де әділетті болғандықтан оларды кешіріп, бізді барлық әділетсіздігімізден тазартады.
Жоханның 1-хаты 1:9
Балаларым менің, сендер күнә жасамасын деп осыны жазып отырмын. Алайда егер біреуің күнә жасап қойсаң, Әкенің алдында әділ Қорғаушымыз бар. Сол Қорғаушымыз — Иса Мәсіх.
Жоханның 1-хаты 2:1
Сонымен, бауырластар, Исаның өз қанын төккенінің арқасында енді нық сеніммен ең қасиетті орынға кіре аламыз. Өйткені Құдай алдына баруымызға бөгет болған «шымылдықты» Иса өз денесін құрбан етуімен қақ айырып, біз үшін мәңгілік өмірге жаңа жол ашты. Ол, сондай-ақ, ұлы Діни қызметкеріміз ретінде бүкіл Құдай үйінің үстінен қарайды. Сондықтан да адал жүрекпен, нық сеніммен Құдай алдына барып, Оған сиынайық. (Мәсіхтің төгілген қаны) жүректерімізге «бүркіліп», ар-ұжданымыз күнә атаулыдан арылған әрі денеміз таза сумен жуылған болсын.
Еврейлерге хат 10:19–22
Ал тақтың айналасын зүбәржаттай жалтыраған кемпірқосақ қоршапты.
Аян 4:3
Мұнан соң Құдай тағы былай деді: «Менің сендермен және қастарыңда жүрген бүкіл тіршілік иелерімен барлық болашақ ұрпақтар үшін де жасаған Келісімімнің белгісі мынау: Мен садаққа ұқсас кемпірқосағымды бұлтқа орнатамын ... Бұлттың арасында тұрған кемпірқосақты көрген сайын, Мен жер бетіндегі әр түрлі тіршілік иелерімен мәңгілікке жасасқан Келісімімді есіме аламын».
Жаратылыстың баст. 9:12–13, 16
Барлық жағынан да толық реттелген. Құдай бұл уәдесін нақты бекіткен.
Патшалықтар 2-ж. 23:5
Осылайша біз бұл екі мызғымас негізге (Құдайдың уәдесі мен антына) сүйеніп, олардан зор күш-жігер аламыз. Себебі Құдайдың өтірік айтуы еш мүмкін емес қой. Бізге ұсынылған осы үміттен күдер үзбей, Одан пана таптық.
Еврейлерге хат 6:18
Біз екеуіміз сендерге осы Ізгі хабарды уағыздаймыз: Құдай ата-бабаларымызға берген уәдесін солардың ұрпақтары — біз үшін Исаны өлімнен қайта тірілту арқылы орындады.
Елшіл. істері 13:32–33
Иса Мәсіх өткенде, қазір және болашақта мәңгілік Өзі болып қала береді.
Еврейлерге хат 13:8
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 25 ақп.
2010 ж. 24 ақп.
2010 ж. 23 ақп.
2010 ж. 22 ақп.
2010 ж. 21 ақп.
2010 ж. 20 ақп.
2010 ж. 19 ақп.

Рухани тәртіп
Киелі жазбаларды оқу, медитация және дұға арқылы Құдаймен күнделікті тыныш уақытты қалай орнатуға және…

Сенім
Нақұм кітабы – сот кітабы. 1-тарауда біз Құдайдың кек қайтарушы Құдай ретіндегі мінезін көреміз. Ол Өз…
Неке
Кейбіреулер Құдайды және Оның Сөзін жоққа шығарып, күмәнданып, қарсы шығып, Құдайды жоққа шығаратын үйлену…

Қудалау
Аян 2:8-11 және Мәсіхтің Ізмірге жазған хатын зерттеу. Азаптың сенімді қалай тазартатынын және өмір тәжінің…

Құдайдың соты
Еремияның өмірін зерттеңіз, ол зор қарсылық пен азапқа қарамастан, Құдай Сөзімен нығайтылып, даңқты түрде…

Үміт
Павелдің Римге сапары рульші мен кеме иесі қалағандай тегіс болмады. Павел олардың бәрін тамақ ішуге шақырып…