2010 ж. 3 нау.
Күнделікті нұр
Ойларыңды күнәкар дүниедегіге емес, көктегіге аударыңдар!
Қолостықт. хат 3:2
Осы күнәлі дүниені және ондағы еш нәрсені сүймеңдер! Осы дүниені сүйгендердің көктегі Әкеге сүйіспеншілігі жоқ.
Жоханның 1-хаты 2:15
Жер бетінде өздеріңе дүние-байлық жинамаңдар! Оларды күйе жеп, тот басады немесе ұры бұзып кіріп, ұрлап кетеді. Қайта, өздеріңе байлықты көкте жинаңдар! Сол жерде оны не күйе жемейді, не тот та баспайды, ұры да бұзып кіріп, ұрлап кетпейді. Байлықтарың қайда болса, жүректерің де сонда.
Матай 6:19–21
Ал біз көргенімізбен емес, сенімімізбен өмір сүреміз.
Қорынттықт. 2-хат 5:7
Сондықтан да еш мойымаймыз. Тәніміз тозып әлсірегенмен, жан дүниеміз күн сайын жаңара түсуде. Уақытша көретін жеңіл азаптарымыз бізді өздерінен әлдеқайда зор, тіпті шексіз де мәңгілік ұлылыққа жеткізеді! Сонымен көзге көрінетін емес, көрінбейтін нәрселерге назар тігеміз. Себебі қазір көрініп тұрғандар өткінші, ал көрінбейтіндер мәңгі.
Қорынттықт. 2-хат 4:16–18
Сондықтан да Құдайдың өз халқына сақтаған мол игілігін иемденуімізді күтеміз. Ешқашан шіріп бұзылмайтын, өшіп-солып қалмайтын сол мұраларың сендер үшін көкте дайын тұр.
Петірдің 1-хаты 1:4
Иығын жүк артуға ыңғайлап.
Жаратылыстың баст. 49:15
Бауырластарым менің, азап шегіп, төзе білуде Жаратқан Иенің атынан сөйлеген пайғамбарлардан үлгі алыңдар.
Жақыптың хаты 5:10
Ата-бабаларымыздың бастарынан кешкендері өзгелерге үлгі болып, бізге ескерту ретінде жазылып қалдырылды. Себебі осы заманның соңғы кезеңінде өмір сүрудеміз.
Қорынттықт. 1-хат 10:11
Ал ауыртпалық жіберсе, содан бас тарту дұрыс па өзі? — деп жауап қатты. Осы жағдайдың бәрінде Әйүп айтқан сөздерімен күнә жасаған жоқ.
Әйүп 2:10
Содан Һарон үндемеген күйі қала берді.
Леуіліктер 10:3
Ол Жаратқан Ие ғой, Оның әділ еркі орындалсын, — деді.
Патшалықтар 1-ж. 3:18
Жаратқан Иеге арт бар уайымыңды, Ол сені қолдап.
Забур жырлары 54:23
Шынында Құдайдың Қызметшісі біздің қасіретімізді Өзіне алды, біздің ауруларымызды өз мойнымен көтерді.
Ишая 53:4
Қиналып қатты шаршап-шалдыққандар, Еңселерін тым ауыр жүк басқандар, Менің қасыма келіңдер, бәрің, Жандарыңды Мен рақатқа бөлеймін! Қамытымды бірге киісіп, үйреніңдер Өзімнен, Өйткені жуас, кішіпейілмін шын жүректен, Тыныштық табады сонда көңілдерің. Себебі ыңғайлы — қамытым Менің, Әрі жеңіл — жүктейтін міндеттерім.
Матай 11:28–30
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 3 нау.
2010 ж. 2 нау.
2010 ж. 1 нау.
2010 ж. 28 ақп.
2010 ж. 27 ақп.
2010 ж. 26 ақп.
2010 ж. 25 ақп.

Пайғамбарлық
Захария 12-14-ті зерттеу: Исраилдің болашақ өкініші, тесілген Мәсіхті тануы және Оның мыңжылдық патшалығының…

Жанқиярлық
Жек көрінішті сараң Марсельді сумен қамтамасыз етті. Оның құрбандығы Исаның барлық сенушілерге мәңгілік өмір…

Рождество
Бұл өлең Иса Мәсіхтің туылуы, өмірі және өлімі туралы терең сұрақтарды зерттейді, орындалған…
Құтқарылу
Адам мен Хауаның сенімін көрсететін Ескі Өсиеттегі Киелі кітап дәлелдері мен салдарларын зерттеңіз, бұл…
Құтқарылу
Мәсіхтің аяқталған ісі – Grace & Truth журналының апталық ерекшелігі. 2010 жылдың сәуірінде Grace & Truth…
Құтқарылу
Күрес бес минуттай жалғасты, балық оның дәл астына келді. Ол балықты жақсылап көру үшін еңкейгенде, тайып…