2010 ж. 15 нау.
Күнделікті нұр
Өмірлерің неге ұқсас? Ол әншейін аз уақытқа көрініп, кейін ғайып болатын бу іспетті емес пе?
Жақыптың хаты 4:14
Күндерім жүгірушіден де жылдам зымырап өтіп жатыр. Олар ешбір жақсылықты көрмей, лезде өте шығады. Иә, күндерім қамыстан жасалған жүйрік қайықтай, олжасына шүйілген бүркіттей зуылдап өтіп жатыр!
Әйүп 9:25–26
Сен лезде-ақ алып кетесің пендені, Ол бір көрініп, жоқ болар түс секілді, Яки далада өскен шөп тәрізді: Таң ата шықса да көгеріп, Кешке қарай қурап қалады семіп.
Забур жырлары 89:6
Пенденің өмірі қып-қысқа, соның өзі де әбден мазасыз. Адам гүл секілді өсіп шығып, солып қалады.
Әйүп 14:1–2
Осы дүние мен оның ләззаты өткінші, ал Құдайдың еркін орындаушылар мәңгі өмір сүреді.
Жоханның 1-хаты 2:17
Олар құриды, Сен боласың әр уақытта, Киімдей тозады олардың барлығы да, Көйлектей ауыстырасың Сен оларды, Содан олар лақтырылып тасталады. Ал Өзің өзгермей қалатын боласың, Еш таусылмайды Сенің жасар жылдарың.
Забур жырлары 101:27–28
Иса Мәсіх өткенде, қазір және болашақта мәңгілік Өзі болып қала береді.
Еврейлерге хат 13:8
Рухыммен де, санаммен де мадақтау жырларын айтамын.
Қорынттықт. 1-хат 14:15
Қайта, Киелі Рухқа кенеле беріңдер! Бір-біріңді Забур жырлары, мадақтау өлеңдері және Киелі Рух дарытқан әндер арқылы жігерлендіріп, Иемізді ән-күймен шын жүректен дәріптеңдер.
Ефестікт. хат 5:18–19
Мәсіх туралы Ізгі хабарға көңілдеріңнен мол орын беріңдер: Забур жырлары, мадақтау өлеңдері және Киелі Рух дарытқан басқа да әндер арқылы бір-біріңе зор парасатпен тәлім-тәрбие және бағыт-бағдар беріңдер. Жүректерің ризашылыққа кенеліп, Құдай Иемізге арнап ән айтып отырыңдар!
Қолостықт. хат 3:16
Аузыммен Жаратқанның даңқын асырамын, Лайым әрбір жан мақтасын киелі атын!
Забур жырлары 144:21
Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені! Құдайымызды ән-жырмен мадақтау игі, Бұл қандай ұнамды да жарасымды! Жаратқан Иеге шүкірлік әнін айтыңдар, Құдайымызға жетігенмен күй тартыңдар!
Забур жырлары 146:1, 7
Сонда мен сарылдап аққан көп судың даусындай, күннің қатты күркіріндей, көктен шыққан бір дыбысты естідім. Ол жетігенде ойнаған күйшілердің әсем сазындай еді.
Аян 14:2
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 15 нау.
2010 ж. 14 нау.
2010 ж. 13 нау.
2010 ж. 12 нау.
2010 ж. 11 нау.
2010 ж. 10 нау.
2010 ж. 9 нау.
Теология
Құдайды дұрыс түсіну мәсіхші өмірі үшін өте маңызды. Бұл махаббатты көрсетеді, пұтқа табынудың алдын алады…
Иса Мәсіх
Иса есімінің терең мағынасы мен күшін, оның Ескі Өсиеттегі алдын ала көрсетілуінен бастап, даңқтағы мәңгілік…
Ажырату
Мәсіхшілерге Киелі кітапта анық тыйым салынбаған әрекеттерге қатысу-қатыспауды шешуге көмектесетін тоғыз…
Құдайдың еркі
Құдайдың егеменді еркі мен Оның ашылған еркінің қалай өзара байланысты екенін зерттеңіз. Құдайлық даналық пен…

Дұға
Құпия дұға – Иса мен ертедегі мәсіхшілер көрсеткендей, рухани күш пен қуаттың қайнар көзі.

Қудалау
Аян 2:8-11 және Мәсіхтің Ізмірге жазған хатын зерттеу. Азаптың сенімді қалай тазартатынын және өмір тәжінің…