2010 ж. 11 нау.
Күнделікті нұр
Жаратқан Ие саған бетінің нұрын төгіп рақымды бола көрсін, Жаратқан Ие саған бет-жүзін бұрып тыныштық сыйлай көрсін!
Руларды санау 6:25–26
Құдайды ешкім ешқашан көзімен көрген емес. Әкесімен тығыз байланыстағы жалғыз рухани Ұлы бізге Оны жақыннан танытты.
Жохан 1:18
Одан Құдайдың салтанатты ұлылығы жарқырап көрінеді: Ол — Құдайдың болмысының дәлме-дәл сипаты.
Еврейлерге хат 1:3
Бұлар оған сенбейді, себебі осы күнәкар дүниенің «тәңірі» (әзәзіл шайтан) олардың ой-саналарын соқыр қылып қойған. Содан олар Мәсіхтің салтанатты ұлылығы туралы Ізгі хабардың нұрын көре алмайды. Ал Мәсіх Құдайдың қандай екенін айқын көрсетеді.
Қорынттықт. 2-хат 4:4
Бет-жүзіңнің нұрын маған түсіре гөр, Мейіріміңе сай мені құтқара гөр. Мені ұятқа қалдырма, уа, Жаратқан, Себебі жалбарынып жүрмін Саған.
Забур жырлары 30:17–18
Ал мені таудай нығайтқан Сенің рақымың. Кейін бет-жүзіңді менен жасырдың, Сонда мен қорқып уайымға салындым.
Забур жырлары 29:8
Мадақтау жиналысына шақырған Қуанышты дауысты танып, қосылған Халық сондай бақытты, өйткені оған Жүзіңнің нұрында жүру бұйырылған.
Забур жырлары 88:16
Жаратқан Ие өз халқына күш дарытады, Тыныштық сыйлап ақ батасын қондырады.
Забур жырлары 28:11
Үрейлерің ұшпасын! — деп көңілдерін орнықтырды.
Матай 14:27
Ол не қаласа, соны істейміз.
Жоханның 1-хаты 3:22
Ал сенім артпай Құдайға ұнау мүмкін емес.
Еврейлерге хат 11:6
Сондықтан ескі күнәкар болмысының еркімен өмір сүретіндер Құдайға ұнай алмайды.
Римдіктерге хат 8:8
Жаратқан өз халқынан рақат табады.
Забур жырлары 149:4
Кейбіреулерің әділетсіз қиналғанда, Құдайдың еркінің солай екенін білгендіктен азапқа төзе берсеңдер, Ол соған риза. ... Ал жақсылық жасай тұра азап шегіп, соған шыдасаңдар, бұл Құдайға ұнайды.
Петірдің 1-хаты 2:19–20
Мейірімді де сабырлы жан дүниелеріңнің мәңгі солмайтын көркі Құдай алдында аса бағалы.
Петірдің 1-хаты 3:4
Мені мақтайтын жан құрмет көрсетеді Маған, Сақтанып жүргенге құтқаруымды ашам.
Забур жырлары 49:23
Сонда Құдайдың атын әнге қосамын, Шүкіршілік етіп мақтау айтамын. Көбірек ұнатады мұны Жаратқан Құрбандық мүйізді ірі қарадан.
Забур жырлары 68:31–32
Сонымен, бауырластарым, бізге осындай мол мейірімін төккені үшін өздеріңді Құдай жолына арнауға шақырамын. Өмірлерің Құдайға ұнамды, толықтай бағышталған, тірі құрбандықтай болсын: Оған лайықты рухани қызмет көрсетулерің осы болады.
Римдіктерге хат 12:1
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 11 нау.
2010 ж. 10 нау.
2010 ж. 9 нау.
2010 ж. 8 нау.
2010 ж. 7 нау.
2010 ж. 6 нау.
2010 ж. 5 нау.

Иса Мәсіх
«Кемелдендіру» сөзінің Еврейлерге хатында 12 рет қалай кездесетінін зерттеңіз, бұл Құдайдың Мәсіхтің діни…

Болашақ
Апостол Пауылдың 2 Қорынттықтарға 5-тараудағы өлім, қайта тірілу және имандының даңқтағы болашағы туралы…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…

Құдайдың соты
Еремияның өмірін зерттеңіз, ол зор қарсылық пен азапқа қарамастан, Құдай Сөзімен нығайтылып, даңқты түрде…

Мәңгілік қауіпсіздік
Иса Мәсіхке сенушілер үшін мәңгілік қауіпсіздіктің киелі жазбалық кепілдігін ашыңыз. Құтқарылуды алғаннан…

Дұға
Рухани өсу және дүниелік шабуылдардан қорғану үшін Киелі жазбаларды күнделікті оқудың маңыздылығын біліңіз.