2010 ж. 8 нау.
Күнделікті нұр
Құдайға артсын! Ол адамдар рақатын көрсін деп игіліктердің бәрін сыйлайды.
Тімотеге 1-хат 6:17
Сондай-ақ абай болып, Құдай Иемізді естеріңнен шығарып, бүгін мен сендерге жеткізіп отырған Оның өсиеттерін, ережелерін және шешімдерін орындамаудан сақтаныңдар! Әйтпесе, сендер тамақ ішіп тойынып, жақсы үй салып қоныстанып алғаннан кейін, Қайта, Құдайларың Жаратқан Иені естеріңде сақтаңдар! Байлыққа жетуге қуат-қабілет беретін — Соның Өзі.
Заңды қайталау 8:11–12, 18
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Сүлейменнің жыры.) Егер Жаратқан үйдің құрылысын жарылқамаса, Құрылысшылардың еңбегі түгелдей зая. Егер Жаратқан Ие қаланы күзетпесе, Қарауылшылар босқа тұрады күзетте. Бекерге ерте тұрып, кеш жатасыңдар, Нандарыңды көп бейнетпен табасыңдар. Ал Жаратқан Ие сүйікті адамдарына Бейқам тыныштық сыйлайды жандарына.
Забур жырлары 126:1–2
Бабалар елді семсерімен басып алған жоқ, Әрі білек күштерімен жеңіп шықкан жоқ, Мұны істеген — Сенің ұлы құдіретің, Һәм бет-жүзіңнің нұры: Сен рақым көрсеттің.
Забур жырлары 43:4
«Кім бізге жақсылық жасар?» деп сұрап, Күдік келтіреді көптеген кісілер. Уа, Жаратқан, жылы шыраймен қарап, Бет-жүзіңнің нұрын бізге төге гөр.
Забур жырлары 4:7
Тақ алдында және төрт нөкер мен ақсақалдардың алдында жаңа ән айтылды.
Аян 14:3
Біз үшін мәңгілік өмірге жаңа жол ашты.
Еврейлерге хат 10:20
Бізді құтқарды. Ол бізді жасаған әділ істерімізге бола емес, Өзінің мейіріміне бола күнәдан жуып тазартып, Киелі Рухы арқылы рухани қайта туғызып жаңартты. Құдай бізді Өзінің Киелі Рухына Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің арқасында молынан кенелтті.
Титке хат 3:5–6
Себебі Құдайдың рақымымен, Мәсіхке деген сенімдерің арқылы құтқарылдыңдар. Бұл — өздеріңнің жетістіктерің емес, Құдайдан келген сый. Сондықтан игі істерімнің арқасында құтқарылдым деп ешкім мақтанбасын.
Ефестікт. хат 2:8–9
Біздің емес, уа, Жаратқан, тек Сенің атың.
Забур жырлары 113:9
Мәсіх бізді сүйіп, Өзін құрбан етіп қанын төгуімен күнәларымыздан тазартып арылтты, һәм бізді өз Құдайы және Әкесіне бағышталған қызметкерлердің патшалығы қылды. Оның салтанатты ұлылығы мен құдіреті мәңгілік бола бермек! Аумин.
Аян 1:5–6
Өйткені құрбан болып, қаныңды төктің, Сол арқылы әр ру, тіл, ұлт пен халықтан Шыққандардың төлемін өтеп босаттың, Һәм Құдайға оларды бағыштадың.
Аян 5:9
Содан соң қарасам, сансыз көп адамдардың ғаламат жиынын көрдім. ... Жиналғандар қатты дауыспен былай деп мақтау айтты: — Құтқарылу тақта отырған Құдайымыз бен Тоқтының билігінде!
Аян 7:9–10
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2010 ж. 8 нау.
2010 ж. 7 нау.
2010 ж. 6 нау.
2010 ж. 5 нау.
2010 ж. 4 нау.
2010 ж. 3 нау.
2010 ж. 2 нау.

Сенушілердің діни қызметі
Мәсіхшілердің үш құрбандығын ашыңыз: мадақтау, басқаларға қызмет ету және денеңізді тірі құрбандық ретінде…
Құлшылық
Ешкім Құдайға бергені үшін ұтылмайды, өйткені Құдай ешкімге қарыздар болмайды. Құдай беруді ұнатады және Өзін…
Таудағы уағыз
Жақыптың хаты мұнда баяндалған ілімге өте жақын келеді. Табиғи адам үшін бұл уағыз өмір жолы емес, керісінше…

Рухани өсу
Асафтың түсініксіздігі Құдайдың киелі орнында қалай тыныштыққа айналғанын зерттеңіз және Жаңа Өсиетте…
Иса Мәсіх
Ескі Өсиетте «жұлдыз» сөзі билеушіні білдіру үшін ауыспалы мағынада қолданылады. Жаңа Өсиетте «Таң жұлдызы»…

Иса Мәсіх
Исаның Киелі жазбадан қаншалықты жиі дәйексөз келтіргенін және оның қызметіне терең әсерін біліңіз. Құдай…